17 Қаңтар 2013, 04:22
Бердалы Рысбеков 1940 жылы мамыр айының 17- жұлдызында Келес ауданы,Мақтабек Рахымов атындағы совхоз, Құрылыс елді мекенінде дүниеге келген. 1957 жылы «Лениен жолы» (қазіргі О.Есимов) мектебін бітірген соң, екі-үш жыл совхозда жұмысшы болып істеп,одан Ташкенттің ауа-райын зерттеу техникумына түседі. Оны 1963 жылы бітіріп,1964 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқиды. Университетті аяқтап, екі жылдай ғылыми-зерттеу институтында істейді. 1970 жылы қазақ мемлекеттік университетін бітірген,содан бері шымкент облысы, келес ауданында ағартушылық қызметте-Келес аудындық оқұ бөлімінде әдіскер, мектеп директоры,1979 жылы аудан орталығы Абай ауданында Қазақстанның 50 жылдығы және жұмысшы жастарды сырттан оқу және кешкі мектебінде мұғалім болды. 1995 жылдан бергі уақытта О.Есимов орта мектебінде оқұшыларға физикадан сабақ берді. Қазір зейнеткер,Сарыағаш ауданының ұлағатты ұстазы.
Бердалы Рысбеков өзінің негізгі педогогтық қызметімен бірге жастар тәрбиесіне бағытталған бірнеше шығармашылық жанрлармен де қатар айналысып келеді.
Б.Рысбековтың творчестволық шығармашылық әдебиетке деген қызығушылық талантты сонау студенттік жылдардан бастаған.
Шығармашылықпен 1960 жылдан бастап айналысады. 1966-1967 жылдары тұнғыш фантастикалық әңгімесі «Тасқа айналған қыз» 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында, «Құс жолы» фантастикалық әңгімесі «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Содан бері республикалық баспасөзде: «Білім және еңбек», «Қазақстан әйелдері» журналдары мен газеттерде жарияланып келеді. 1968 жылы «Халық творчество үйі» жариялаған бәйгенің жңімпазы. 1985 жылы «Аппақ қар туралы ертегі» кітабы (ертегілер мен әңгімелер), 1987 жылы «Құмырсқа баласы, Құмыршақтың басынан кешкендері (әңгіме) кітабы жарық көрсе,1986 жылы «Қызыл сәуле» атты топтама жинақта фантастикалық әңгімелері шықты. 1989 жылы бір әңгімесі «Байғазы», «Өзіұшар» атты топтама жинақта басылды.
Бүгінгі таңда «Жалын», «Парасат» баспаларынан төрт жеке кітабы: «Аппақ қар туралы ертегі», «Құмырсқаның баласы, құмыршақтың басынан кешкендері», « Тасқа айналған қыз», «Сиқырлы жүзік» атты кітаптары жарық көрді. Жеке әңгімелері «Қызыл сәуле», «Байғазы», «Өзіұшар», «Келес толқындары», «Сарыағашым сазды өлкем» ұжымдық жинақтарына енді.
Сондай- ақ Б.Рысбеков өлең, ән жазумен де шұғылданып келеді. 15 шақты әні бар. «Ақ Келесім», «Алматыда бүгін жаңбыр», «Наурыз», «Алға достар», «Мектеп бітірушілер вальсі», «Тырналар» сынды т.б. әңдері, түрлі орталарда айтылып жүр. 1996 жылғы Облыс әкімшілігі және Телерадио компаниясы ұйымдастырған «Үкілі-ай» байқауының, 2004 жылғы Облыстық Мәдениет бөлімі ұйымдастырған Ауыл жылына арналған ән байқауларының дипломанты.
Дереккөзі: ОҚО әкімдігі