Әлемде ең алғашқы кітапсыз кітапхана ашылады

16 Қаңтар 2013, 06:15

Осы күзде техастың Сан-Антонио қаласында BiblioTech кітапсыз кітапханасы ашылады. Бұл кәдімгі кітаптарды электрондық нұсқамен ауыстырған әлемдегі ең бірінші кітапхана болмақ. Жобаның жүзеге асуына жергілікті судья Нельсон Вулф мұрындық болған, дейді Newsru. Оның электрондық кітапхана ашуға деген құштарлығына CNN-нің бұрынғы топ-менеджері мен The Time апталығының редакторы Уолтер Айзексонның Apple корпорациясының іргесін қалаушы Стива Джобс туралы жазған өмірбаяндық естелігі себеп болған. Алғашқы кезде кітапханада электрондық кітаптарды оқуға арналған 100 құрылғы орнатылады. Оны кітапхана залында пайдалануға немесе белгілі бір мерзімдерге үйге алып кетуге де болады.Сондай-ақ, кез-келген адам BiblioTech-ға өз құрылғыларымен келіп, ұнаған кітаптарын көшіріп алуға да рұқсат берілген. «Кітапхана тегін жұмыс істейді. Тек, материалды басып шығару үшін азғантай ақша алынады»,– деді жоба иесі. BAQ.kz

Осы күзде техастың Сан-Антонио қаласында BiblioTech кітапсыз кітапханасы ашылады. Бұл кәдімгі кітаптарды электрондық нұсқамен ауыстырған әлемдегі ең бірінші кітапхана болмақ. Жобаның жүзеге асуына жергілікті судья Нельсон Вулф мұрындық болған, дейді Newsru. Оның электрондық кітапхана ашуға деген құштарлығына CNN-нің бұрынғы топ-менеджері мен The Time апталығының редакторы Уолтер Айзексонның Apple корпорациясының іргесін қалаушы Стива Джобс туралы жазған өмірбаяндық естелігі себеп болған.
Алғашқы кезде кітапханада электрондық кітаптарды оқуға арналған 100 құрылғы орнатылады. Оны кітапхана залында пайдалануға немесе белгілі бір мерзімдерге үйге алып кетуге де болады.Сондай-ақ, кез-келген адам BiblioTech-ға өз құрылғыларымен келіп, ұнаған кітаптарын көшіріп алуға да рұқсат берілген.
«Кітапхана тегін жұмыс істейді. Тек, материалды басып шығару үшін азғантай ақша алынады»,– деді жоба иесі.

BAQ.kz

Бөлісу: