Өскеменде Қабанбай батырдың ескерткіші бой көтереді

15 Қаңтар 2013, 05:32

Облыс орталығына кіреберісте Қаракерей Қабанбай батырдың қола ескерткіші қойылатын болады. Қазір жергілікті билік ол ескерткішті нақты қай жерге орналастыру қажеттігін қарастырып жатыр, деп жазады altaynews.kz. Алматылық шеберлердің қолынан шыққан батырдың ескерткіші Өскеменге әкелінген. Әзірге қалалық сәулет бөлімінің мамандары батыр бабамыздың ескерткішін орнататын лайықты орынның бірі деп облыс орталығына «Шығыс» ауылы жағынан кіреберістегі биіктеу жотаның үстін қарастырған көрінеді. - Қола ескерткіштің тағанын мәрмәрдан жасаймыз деп ойлап отырмыз, - дейді қаланың бас сәулетшісі Еркін Жүсіпов. Сонымен қатар ол жерде металл кергіге шаһардың атауы жазылып, суреті ілінбек. BNews.kz

Облыс орталығына кіреберісте Қаракерей Қабанбай батырдың қола ескерткіші қойылатын болады. Қазір жергілікті билік ол ескерткішті нақты қай жерге орналастыру қажеттігін қарастырып жатыр, деп жазады altaynews.kz.

Алматылық шеберлердің қолынан шыққан батырдың ескерткіші Өскеменге әкелінген. Әзірге қалалық сәулет бөлімінің мамандары батыр бабамыздың ескерткішін орнататын лайықты орынның бірі деп облыс орталығына «Шығыс» ауылы жағынан кіреберістегі биіктеу жотаның үстін қарастырған көрінеді.

- Қола ескерткіштің тағанын мәрмәрдан жасаймыз деп ойлап отырмыз, - дейді қаланың бас сәулетшісі Еркін Жүсіпов.

Сонымен қатар ол жерде металл кергіге шаһардың атауы жазылып, суреті ілінбек.

BNews.kz

Бөлісу: