Жастардың көркем әдебиетке қызығушылығы азайған – маман пікірі

14 Қаңтар 2013, 10:06

Бүгінгі таңда жастар көркем әдебиетке аса қызығушылық танытпайды. «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен қолға алынған «Кел, жастар, оқылық!» республикалық науқанының басталуына орай өткен жиында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы  директорының орынбасары Ғалия Исаканова осындай пікір білдірді. «Кітапхана оқырмандарының 70 пайызы жастар. Осы жастар кітапхана не үшін келеді деген сұрақ туындайды.  Жастардың көпшілігі өзінің мамандығына байланысты, оқуларына қатысты ақпарат алу мақсатында келеді. Ал көркем әдебиетті оқуға келетін жастар аз. Бізде «жастар кітап оқымайды» деген пікір қалыптасқан. Осы мәселе төңірегінде сауалнамалар жүргіздік. Оның нәтижесі көрсеткендей, жастар кітап оқиды, бірақ аз оқиды. Сонымен бірге жастар бұрынғыдай 60,70, 80, тіпті 90 жылдардағыдай құмарлықпен оқымайды», - деп атап өтті ұлттық кітапхана директорының орынбасары.  Оның айтуынша, бүгіні күні оқығысы келген жасқа бар  мүмкіндіктер жасалған. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «электрондық кітапхана» жүйесі жүзеге асып отыр. Әлемнің кез келген нүктесінде отырып, кітапханадағы  әдебиеттерді оқи аласыздар. Мұнымен қатар былтырғы жылдан абонемент бөлімі жұмыс істейді. Үйге алып кітап оқуға мүмкіндік жасап отырмыз. Басқа елдің ұлттық кітапханаларында үйге алып оқу деген жоқ. Біз алдыңғы ұрпақтың қалдырып кеткен мұрасын оқып,  насихаттауымыз қажет деп ойлаймын», - деп өз пікірін білдірді ол. Ал «Жас Отан» жастар қанаты орталық кеңесінің мүшесі Бақытжан Нарымбеттің пікірінше, бүгінгі таңда жастар мән-жайға тереңірек үңілмей, қысқаша ғана ақпарат алуға бой алдырып келеді. «Интернеттің, басқа да технологиялардың дамуына байланысты, жастар арасында мынадай тренд қалыптасты – қысқаша ақпарат алу. Ұялы телефон, iPhone, iPad, әлеуметтік желілерді пайдаланады. Осылайша, тереңнен ұғып, негізін зерттеуден алыстап бара жатқан сияқтымыз. Бұл тек қана ғалымдар, зерттеушілерге тән.  Жастар сыртқы келбетін біледі де, ішіне тереңірек үңілмейтін болып бара жатыр», - дейді «Жас Отан» мүшесі. Айымгүл Әбілева BAQ.kz

Бүгінгі таңда жастар көркем әдебиетке аса қызығушылық танытпайды. «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен қолға алынған «Кел, жастар, оқылық!» республикалық науқанының басталуына орай өткен жиында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы  директорының орынбасары Ғалия Исаканова осындай пікір білдірді.

«Кітапхана оқырмандарының 70 пайызы жастар. Осы жастар кітапхана не үшін келеді деген сұрақ туындайды.  Жастардың көпшілігі өзінің мамандығына байланысты, оқуларына қатысты ақпарат алу мақсатында келеді. Ал көркем әдебиетті оқуға келетін жастар аз. Бізде «жастар кітап оқымайды» деген пікір қалыптасқан. Осы мәселе төңірегінде сауалнамалар жүргіздік. Оның нәтижесі көрсеткендей, жастар кітап оқиды, бірақ аз оқиды. Сонымен бірге жастар бұрынғыдай 60,70, 80, тіпті 90 жылдардағыдай құмарлықпен оқымайды», - деп атап өтті ұлттық кітапхана директорының орынбасары. 

Оның айтуынша, бүгіні күні оқығысы келген жасқа бар  мүмкіндіктер жасалған.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «электрондық кітапхана» жүйесі жүзеге асып отыр. Әлемнің кез келген нүктесінде отырып, кітапханадағы  әдебиеттерді оқи аласыздар. Мұнымен қатар былтырғы жылдан абонемент бөлімі жұмыс істейді. Үйге алып кітап оқуға мүмкіндік жасап отырмыз. Басқа елдің ұлттық кітапханаларында үйге алып оқу деген жоқ. Біз алдыңғы ұрпақтың қалдырып кеткен мұрасын оқып,  насихаттауымыз қажет деп ойлаймын», - деп өз пікірін білдірді ол.

Ал «Жас Отан» жастар қанаты орталық кеңесінің мүшесі Бақытжан Нарымбеттің пікірінше, бүгінгі таңда жастар мән-жайға тереңірек үңілмей, қысқаша ғана ақпарат алуға бой алдырып келеді.

«Интернеттің, басқа да технологиялардың дамуына байланысты, жастар арасында мынадай тренд қалыптасты – қысқаша ақпарат алу. Ұялы телефон, iPhone, iPad, әлеуметтік желілерді пайдаланады. Осылайша, тереңнен ұғып, негізін зерттеуден алыстап бара жатқан сияқтымыз. Бұл тек қана ғалымдар, зерттеушілерге тән.  Жастар сыртқы келбетін біледі де, ішіне тереңірек үңілмейтін болып бара жатыр», - дейді «Жас Отан» мүшесі.

Айымгүл Әбілева

BAQ.kz

Бөлісу: