Қытайда қазақ тілді сайттардың тұңғыш құрылтайы өтеді

14 Қаңтар 2013, 09:39

Жақында Үрімжі қаласында Қытай қазақ сайттарының тұңғыш құрылтайы өтеді. Бұл күнде Қытайдағы қазақ тілді сайттардың саны 100-ден асқан. Олар негізінен Байтұрсынов әліпбиін негіз еткен төте жазу нұсқасында ақпарат таратады. Соның ішінде тек «Сен-Қазақ» сайты ғана төте және крилл қәріптерін қолдана отырып оқырмандарға жол тартып жүрген портал. 26 қаңтар күні Үрімжі қаласында осы порталдың ұйымдастыруымен Қытайдағы қазақ тілді сайттардың тұңғыш құрылтайы өтеді. Бұл жайлы senkazakh.com сайтының жетекшісі Ақытбек Шеризатұлы өз порталында мәлімдеді. Қытайдағы қазақ тілді сайттардың кемелді дамуы мен қазақ тілінің ғаламтордағы қолданылуын кеңейту мақсатында ұйымдастырылғалы отырған құрылтай ондағы қазақ сайттарының басын тұңғыш рет қосқалы отыр. Құрылтайға сондағы қазақ ақын, жазушылары, мәдениет қайраткерлері мен тіл мамандары, Қытайдағы қазақ сайттарының жауаптылары, блогерлер және белсенді оқырмандармен қоса БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде. Майгүл СҰЛТАН BAQ.kz

Жақында Үрімжі қаласында Қытай қазақ сайттарының тұңғыш құрылтайы өтеді.

Бұл күнде Қытайдағы қазақ тілді сайттардың саны 100-ден асқан. Олар негізінен Байтұрсынов әліпбиін негіз еткен төте жазу нұсқасында ақпарат таратады. Соның ішінде тек «Сен-Қазақ» сайты ғана төте және крилл қәріптерін қолдана отырып оқырмандарға жол тартып жүрген портал. 26 қаңтар күні Үрімжі қаласында осы порталдың ұйымдастыруымен Қытайдағы қазақ тілді сайттардың тұңғыш құрылтайы өтеді. Бұл жайлы senkazakh.com сайтының жетекшісі Ақытбек Шеризатұлы өз порталында мәлімдеді.


Қытайдағы қазақ тілді сайттардың кемелді дамуы мен қазақ тілінің ғаламтордағы қолданылуын кеңейту мақсатында ұйымдастырылғалы отырған құрылтай ондағы қазақ сайттарының басын тұңғыш рет қосқалы отыр. Құрылтайға сондағы қазақ ақын, жазушылары, мәдениет қайраткерлері мен тіл мамандары, Қытайдағы қазақ сайттарының жауаптылары, блогерлер және белсенді оқырмандармен қоса БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.kz

Бөлісу: