Қазақтың белгілі футболшысы көз жұмды

14 Қаңтар 2013, 09:36

Белгілі қазақ футболшысы Серік Жейлітбаев өмірден озды. Бұл туралы vesti.kz порталы хабарлайды.   "Серікті соңғы жылдары ауру айналып жүріп алған. Өткен жылы көктемде Израилде оның бас сүйегіне ота жасалған. Алайда, Серіктің беті бері қарады дегенде, 38 жасында көз жұмды" делінген аталмыш порталда. Жейлітбаев ең алғаш кәсіби футболды1992 жылы "Қайрат" сапында ойнап бастаған. Тағы да "Есиль-Богатырь" (Петропавловск), "Ертіс" (Павлодар), "Шахтер" (Карағанды), "Жетісу" (Талдықорған) және "Восток" (Өскемен) секілді командаларда ойнап, үш рет Қазақстан чемпионы, екі рет Қазақстан кубогының иегері атанған. BAQ.kz

Белгілі қазақ футболшысы Серік Жейлітбаев өмірден озды. Бұл туралы vesti.kz порталы хабарлайды.  

"Серікті соңғы жылдары ауру айналып жүріп алған. Өткен жылы көктемде Израилде оның бас сүйегіне ота жасалған. Алайда, Серіктің беті бері қарады дегенде, 38 жасында көз жұмды" делінген аталмыш порталда.
Жейлітбаев ең алғаш кәсіби футболды1992 жылы "Қайрат" сапында ойнап бастаған. Тағы да "Есиль-Богатырь" (Петропавловск), "Ертіс" (Павлодар), "Шахтер" (Карағанды), "Жетісу" (Талдықорған) және "Восток" (Өскемен) секілді командаларда ойнап, үш рет Қазақстан чемпионы, екі рет Қазақстан кубогының иегері атанған.

BAQ.kz

Бөлісу: