Тарихи тастардың фотокөрмесі ашылды

13 Қаңтар 2013, 07:06

Қарағандыда түрік-қыпшақ әлемі атты археологиялық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде  қойылған тас мүсіндер – Қарағанды облысы аймағынан табылған түрік-қыпшақ кезеңіндегі қол өнерлер. Қазба жұмыстары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазақстандық және ресейлік археолог мамандардың қатысуымен жүргізілген. Экспозицияда 111 мүсін тастың фотосуреттері қойылған. Археологиялық мұралардың суреттері биыл алғаш рет көрмеге шығарылып отыр. Жолдасбек ҚҰРМАНҚҰЛОВ, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері: - Бұл мүсінтастардың сақталуы қиын, өйткені көп жағдайда мұражайға басқа жерлерде тұрған тасты әкеліп қоя салады. Тіпті, кейбіреулер ол тастарды апарып, қорасына қалап жібереді. Сондықтан бұл тастарды болашақ ұрпағымызға жеткізуді көздеп отырмыз. 24 KZ, фотокөрме, Қарағанды  

Қарағандыда түрік-қыпшақ әлемі атты археологиялық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеде  қойылған тас мүсіндер – Қарағанды облысы аймағынан табылған түрік-қыпшақ кезеңіндегі қол өнерлер. Қазба жұмыстары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазақстандық және ресейлік археолог мамандардың қатысуымен жүргізілген. Экспозицияда 111 мүсін тастың фотосуреттері қойылған. Археологиялық мұралардың суреттері биыл алғаш рет көрмеге шығарылып отыр.

Жолдасбек ҚҰРМАНҚҰЛОВ, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері:

- Бұл мүсінтастардың сақталуы қиын, өйткені көп жағдайда мұражайға басқа жерлерде тұрған тасты әкеліп қоя салады. Тіпті, кейбіреулер ол тастарды апарып, қорасына қалап жібереді. Сондықтан бұл тастарды болашақ ұрпағымызға жеткізуді көздеп отырмыз.

24 KZ, фотокөрме, Қарағанды

 

Бөлісу: