Жансая Әбдімәлік атындағы Шахмат академиясы ашылды

12 Қаңтар 2013, 07:49

Оңтүстік Қазақстандағы мемлекеттік педагогикалық институтында  шахматтан Әлем чемпионатының төрт  дүркін жеңімпазы Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясы ашылды. Спортшы интеллектуалдық ойын ордасының ашылуына арнайы қатысып, жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді.   Ал, кездесу соңында жоғары оқу орынның оқытушылары мен студенттеріне  бір уақытта ойнау сеансын өткізді. Ойынға  қатысушылар шеберлігі шыңдалған спортшының ойын техникасымен танысты. Академияда спортшыларды жаттықтыру үшін, Ереваннан халықаралық гроссмейстерлерді шақыру жоспарланған. Ал, қазір 13 жастағы Жансая  Шымкентте өтіп жатқан  Оңтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионатына  қатысуда. Алдияр Тұрдалиев, ойынға қатысушысы: Жансая өзінің жасына қарамай, нағыз шебер екенін бізге тағы бір рет көрсетті.  Әрине, он екі жасында әлем чемпионы атану кез келген адамның қолынан келе бермейтін нәрсе. Қазақстан телеарнасы  

Оңтүстік Қазақстандағы мемлекеттік педагогикалық институтында  шахматтан Әлем чемпионатының төрт  дүркін жеңімпазы Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясы ашылды. Спортшы интеллектуалдық ойын ордасының ашылуына арнайы қатысып, жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді.  

Ал, кездесу соңында жоғары оқу орынның оқытушылары мен студенттеріне  бір уақытта ойнау сеансын өткізді. Ойынға  қатысушылар шеберлігі шыңдалған спортшының ойын техникасымен танысты. Академияда спортшыларды жаттықтыру үшін, Ереваннан халықаралық гроссмейстерлерді шақыру жоспарланған. Ал, қазір 13 жастағы Жансая  Шымкентте өтіп жатқан  Оңтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионатына  қатысуда.

Алдияр Тұрдалиевойынға қатысушысы:
Жансая өзінің жасына қарамай, нағыз шебер екенін бізге тағы бір рет көрсетті.  Әрине, он екі жасында әлем чемпионы атану кез келген адамның қолынан келе бермейтін нәрсе.
Қазақстан телеарнасы

 

Бөлісу: