Мәжілісмендер Жолдауды ІІМ ардагерлерімен бірге талқылады

11 Қаңтар 2013, 12:27

Бүгін Мәжіліс депутаттары Қайырбек Сүлейменов, Орал Мұхамеджанов пен Оңалсын Жұмабеков Ішкі істер министрлігінде болды, деп хабарлайды палата баспасөз қызметі. «Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, республика ардагерлері Орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов ҚР Ішкі істер министрлігі Орталық Аппаратының және ҚР ІІМ ардагерлер кеңесі белсенділерінің отырысына қатысты», - делінген хабарламада. Аталмыш отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты сұрақтар қарастырылып, оның шеңберінде Қайырбек Сүлейменов баяндама жасады. Сондай-ақ, отырысқа Мәжіліс депутаттары Орал Мұхамеджанов пен Оңалсын Жұмабеков қатысты. BNews.kz

Бүгін Мәжіліс депутаттары Қайырбек Сүлейменов, Орал Мұхамеджанов пен Оңалсын Жұмабеков Ішкі істер министрлігінде болды, деп хабарлайды палата баспасөз қызметі.

«Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, республика ардагерлері Орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов ҚР Ішкі істер министрлігі Орталық Аппаратының және ҚР ІІМ ардагерлер кеңесі белсенділерінің отырысына қатысты», - делінген хабарламада.

Аталмыш отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты сұрақтар қарастырылып, оның шеңберінде Қайырбек Сүлейменов баяндама жасады.

Сондай-ақ, отырысқа Мәжіліс депутаттары Орал Мұхамеджанов пен Оңалсын Жұмабеков қатысты.

BNews.kz

Бөлісу: