Пианистердің «ASTANA PIANO PASSION» І Халықаралық фестиваль-байқауына өтінімдер қабылдау

11 Қаңтар 2013, 04:47

2013 жылдың 10 наурызына дейін жалғасатын  жасөспірім пианистердің  «Astana Piano Passion»  І  Халықаралық  фестиваль-байқауына қатысу үшін  өтінімдер қабылдау басталды. Жасөспірім пианистердің  «Astana Piano Passion»  І  Халықаралық  фестиваль-байқауы  2013 жылдың 10-ы мен 16 мамыры аралығында  Астана қаласында өтеді. Байқаудың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі, «Accordi di Astana» қоғамдық қоры болып табылады. Байқаудың  көркемдік жетекшісі және құрметті төрағасы –  Ресей халық әртісі Денис Мацуев.  Байқаудың мақсаты – ортепианалық өнер саласында жаңа таланттарды тауып, ұлттық  фортепьяно мектебінің дәстүрін нығайту, орындаушылық өнердің халықаралық тәжірибесімен алмасу, ұлттық мектептердің шығармашылық байланыстары мен дәстүрлерін жетілдіру, БММ фортепьяно бөлімшелерінде кәсіптік оқу деңгейлерін арттыру. Жас жеткіншектерді рухани тәрбиелеудің құрамдас бөлігі ретінде классикалық фортепьяно музыкасын насихаттап, сондай-ақ, жас қазақстандық дарындардың шығармашылық қадамдарына қолдау көрсету болып табылады.    Байқауға қатысушылардың өнерін  құрамына: Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Валерий Пясецкий, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Жәния Әубәкірова, «Астана-Опера» Опера және балет театрының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Төлеген Мұхамеджанов, ҚХР, Оңтүстік Корея, АҚШ, Еуропа мен Ресей өкілдері кіретін беделді халықаралық қазылар алқасы бағалайтын болады.  Байқауға 18 жасқа дейін жасөспірімдер қатысады. Жүлде қоры -  50.000 АҚШ доллары. Жас орындаушыларға басқа да материалдық қолдаулар көрсетіледі. Атап айтқанда:  Астана қаласы әкімінің атынан екі арнайы жүлде, байқаудың көркемдік жетекшісі атынан арнайы жүлде: Францияның Анси қаласындағы «Crescendo» және  «Annecy Classic» фестивальдеріне барып, қатысу жолдамасы; Ресейдің Иркутск қаласындағы «Байкалдағы жұлдыздарға» бару; Суздаль қаласындағы жазғы лагерьге бару жолдамасы, сондай-ақ, Қазақ композиторының туындысын үздік орындау жүлдесі. Сондай-ақ, байқауда І орын алған  қатысушылардың педагогтары үшін де жүлде тағайындалған.  Іріктеу турын Астанада арнайы құрылған комиссия 10 наурыз бен 30 наурыз аралығында өткізеді. Байқауға қатысушылар іріктеу турының қорытындысы бойынша анықталады. Бірінші турға барлық жастағы топтардан  30 пианистен артық жіберілмейді. Байқауға қатысу үшін өтінім беру туралы,  сондай-ақ,  басқа да толықырақ ақпараттарды  www.astana-app.kz   сайтынан алуға болады. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

2013 жылдың 10 наурызына дейін жалғасатын  жасөспірім пианистердің  «Astana Piano Passion»  І  Халықаралық  фестиваль-байқауына қатысу үшін  өтінімдер қабылдау басталды. Жасөспірім пианистердің  «Astana Piano Passion»  І  Халықаралық  фестиваль-байқауы  2013 жылдың 10-ы мен 16 мамыры аралығында  Астана қаласында өтеді. Байқаудың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі, «Accordi di Astana» қоғамдық қоры болып табылады. Байқаудың  көркемдік жетекшісі және құрметті төрағасы –  Ресей халық әртісі Денис Мацуев.

 Байқаудың мақсаты – ортепианалық өнер саласында жаңа таланттарды тауып, ұлттық  фортепьяно мектебінің дәстүрін нығайту, орындаушылық өнердің халықаралық тәжірибесімен алмасу, ұлттық мектептердің шығармашылық байланыстары мен дәстүрлерін жетілдіру, БММ фортепьяно бөлімшелерінде кәсіптік оқу деңгейлерін арттыру. Жас жеткіншектерді рухани тәрбиелеудің құрамдас бөлігі ретінде классикалық фортепьяно музыкасын насихаттап, сондай-ақ, жас қазақстандық дарындардың шығармашылық қадамдарына қолдау көрсету болып табылады.   

Байқауға қатысушылардың өнерін  құрамына: Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Валерий Пясецкий, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Жәния Әубәкірова, «Астана-Опера» Опера және балет театрының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Төлеген Мұхамеджанов, ҚХР, Оңтүстік Корея, АҚШ, Еуропа мен Ресей өкілдері кіретін беделді халықаралық қазылар алқасы бағалайтын болады.

 Байқауға 18 жасқа дейін жасөспірімдер қатысады. Жүлде қоры -  50.000 АҚШ доллары. Жас орындаушыларға басқа да материалдық қолдаулар көрсетіледі. Атап айтқанда:  Астана қаласы әкімінің атынан екі арнайы жүлде, байқаудың көркемдік жетекшісі атынан арнайы жүлде: Францияның Анси қаласындағы «Crescendo» және  «Annecy Classic» фестивальдеріне барып, қатысу жолдамасы; Ресейдің Иркутск қаласындағы «Байкалдағы жұлдыздарға» бару; Суздаль қаласындағы жазғы лагерьге бару жолдамасы, сондай-ақ, Қазақ композиторының туындысын үздік орындау жүлдесі. Сондай-ақ, байқауда І орын алған  қатысушылардың педагогтары үшін де жүлде тағайындалған. 

Іріктеу турын Астанада арнайы құрылған комиссия 10 наурыз бен 30 наурыз аралығында өткізеді. Байқауға қатысушылар іріктеу турының қорытындысы бойынша анықталады. Бірінші турға барлық жастағы топтардан  30 пианистен артық жіберілмейді.

Байқауға қатысу үшін өтінім беру туралы,  сондай-ақ,  басқа да толықырақ ақпараттарды  www.astana-app.kz   сайтынан алуға болады.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: