«Жас Отан» мүшесі: Елбасының Жолдауы жаңаша ойлауға жетелейді

11 Қаңтар 2013, 04:42

«Біз, Тәуелсіз еліміздің перзенттері, азат ойымыз бен кемел білімімізді тың мақсаттарға жұмсауға әрқашан дайынбыз! Елбасымыздың Жолдауы осыған жетелейді». BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында солтүстікқазақстандық белсенді жас, биология магистрі, «Жас Отан» жастар қанаты ІІ cъезінің делегаты Әлия Широжеева осындай пікір білдірді.   «Бүгінде Қазақстанның экономикалық табыстарын әлемдік қауымдастық толық мойындап отыр. Өзара үйлестірілген қажырлы іс-қимылдың арқасында қуатты мемлекеттің іргесін берік қалыптастырып, азаматтық татулық, ұлттық келісім секілді басты құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтай білдік. «Қазақстан – 2030» даму бағдарламасының стратегиялық жетістіктері бәріміздің көз алдымызда. 15 жыл ішінде әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне ену, ІЖӨ көлемі жағынан 50 ірі мемлекет қатарына жету, қазақстандықтар табысының 16 есе, орташа айлық жалақының 9 есе өсуі ұзақ мерзімге бағдарланған даму векторының үздіксіз әрі дәйектілікпен іске асқанын көрсетеді. Демек, экономикалық, саяси, әлеуметтік жетістіктеріміз халық игілігіне қызмет атқарып келеді деп айтуға толық қақымыз бар», - деп атап өтті Әлия Широжеева. Оның пікірінше, Елбасымыз халыққа арнаған жаңа Жолдауында атап өткендей, қиындық атаулы толық еңсеріле қойған жоқ. Оған алдын-ала әзір болмасақ, Еуропадағы, Азиядағы экономикасы шайқалып, тұрмысы күйзелген елдердің кебін киюіміз ғажап емес. «Елбасымыздың көрегенділігі, Жолдаудың бөлекшілігі сол, «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізгі қорытындысын шығара отырып, болжамды қауіп-қатерлерден сақтандырып қана қоймай, ұзақ мерзімді қамтитын, кезең-кезеңмен, сала-саламен жүзеге асырылатын басым қағидаттарды белгілеп берді. ХХІ ғасырдың еліміз үшін он негізгі жаһандық сын-қатерін бөліп көрсетуі қазақстандықтарды ғана емес, Жер-ананы мекенім, асыраушым деп білетін тағдыры ортақ өзгелерді де ойландырары сөзсіз. Біз қайда бара жатырмыз, ғаламдық тайталасты еңсерудің жолдары қалай деген сансыз сауалдарға жауап беріледі», - дейді жасотандық. Осыған байланысты мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын ұсына отырып, 2050 жылға дейінгі ұстанымдарымыз кең ауқымда қарастырылады деген пікірде Әлия. «Елбасының қазақстандық жастарға сөз арнауы жаңа бағыттың қозғаушы күші, үкілеген үміті ретінде бағалағандық, сенім білдіргендік деп түсінемін. Жастардың оқуына, білім алуына, жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді. Мен өзім жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы аясында туған жерде еңбек ету бақытына ие болдым. Оған өкінбеймін. Бұл жөнінде «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде айттым, делегаттар тарапынан қолдау тапты», - деп ой бөлісті биология магистрі. Айымгүл Әбілева

«Біз, Тәуелсіз еліміздің перзенттері, азат ойымыз бен кемел білімімізді тың мақсаттарға жұмсауға әрқашан дайынбыз! Елбасымыздың Жолдауы осыған жетелейді». BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында солтүстікқазақстандық белсенді жас, биология магистрі, «Жас Отан» жастар қанаты ІІ cъезінің делегаты Әлия Широжеева осындай пікір білдірді.  

«Бүгінде Қазақстанның экономикалық табыстарын әлемдік қауымдастық толық мойындап отыр. Өзара үйлестірілген қажырлы іс-қимылдың арқасында қуатты мемлекеттің іргесін берік қалыптастырып, азаматтық татулық, ұлттық келісім секілді басты құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтай білдік. «Қазақстан – 2030» даму бағдарламасының стратегиялық жетістіктері бәріміздің көз алдымызда. 15 жыл ішінде әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне ену, ІЖӨ көлемі жағынан 50 ірі мемлекет қатарына жету, қазақстандықтар табысының 16 есе, орташа айлық жалақының 9 есе өсуі ұзақ мерзімге бағдарланған даму векторының үздіксіз әрі дәйектілікпен іске асқанын көрсетеді. Демек, экономикалық, саяси, әлеуметтік жетістіктеріміз халық игілігіне қызмет атқарып келеді деп айтуға толық қақымыз бар», - деп атап өтті Әлия Широжеева.

Оның пікірінше, Елбасымыз халыққа арнаған жаңа Жолдауында атап өткендей, қиындық атаулы толық еңсеріле қойған жоқ. Оған алдын-ала әзір болмасақ, Еуропадағы, Азиядағы экономикасы шайқалып, тұрмысы күйзелген елдердің кебін киюіміз ғажап емес.

«Елбасымыздың көрегенділігі, Жолдаудың бөлекшілігі сол, «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізгі қорытындысын шығара отырып, болжамды қауіп-қатерлерден сақтандырып қана қоймай, ұзақ мерзімді қамтитын, кезең-кезеңмен, сала-саламен жүзеге асырылатын басым қағидаттарды белгілеп берді. ХХІ ғасырдың еліміз үшін он негізгі жаһандық сын-қатерін бөліп көрсетуі қазақстандықтарды ғана емес, Жер-ананы мекенім, асыраушым деп білетін тағдыры ортақ өзгелерді де ойландырары сөзсіз. Біз қайда бара жатырмыз, ғаламдық тайталасты еңсерудің жолдары қалай деген сансыз сауалдарға жауап беріледі», - дейді жасотандық.

Осыған байланысты мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын ұсына отырып, 2050 жылға дейінгі ұстанымдарымыз кең ауқымда қарастырылады деген пікірде Әлия.

«Елбасының қазақстандық жастарға сөз арнауы жаңа бағыттың қозғаушы күші, үкілеген үміті ретінде бағалағандық, сенім білдіргендік деп түсінемін. Жастардың оқуына, білім алуына, жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді. Мен өзім жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы аясында туған жерде еңбек ету бақытына ие болдым. Оған өкінбеймін. Бұл жөнінде «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде айттым, делегаттар тарапынан қолдау тапты», - деп ой бөлісті биология магистрі.

Айымгүл Әбілева

Бөлісу: