Әбдіуақап Қара: Латынға көшсек халқымыздың мұрасын қазақ қана емес, 200 миллион түркі жұрты танитын

10 Қаңтар 2013, 15:29

- Латын әліпбиіне көшуді көп қазақ көксейтіні анық. Бұл жағындағы ойыңыз қалай? Меніңше Қазақстан латынға көшуі тиіс. Түркі халықтары арасындағы бүгінгі саяси ынтымақтастық мәдениетте де жалғасын табу керек. Сол үшін Қазақстанда латынға өткені дұрыс деп санаймын. Сонда 16,6 миллиондық Қазақстан баспасөзінің, кітаптарының, басқа жазбаша материялдарды 200 миллион түркі дүниесі оқитын болады. Олардың жазғандарын қазақтар да оқиды, әрине. - Шетел қазақтарының атажұртқа келіп қоныстануындағы ең алғашқы кедергі олардың ортаға бейімделе алмауы екені анық. Бір ұлт бірқанша жерде ұқсамаған мадениетті қабылдайды. - Иә, Шетел қазақтарының бөлек-бөлек менталитеті бар. Өйткені өмір сүрген орта адамның санасын қалыптастырады. Сондықтан әр елде тұратын қазақтың дүниетанымы, көзқарасы, менталитетінің бір-біріне ұқсамауы заңдылық. Кейде бұл біздерді қателікке ұрындырады. Бір-бірімізді түсінбей, менсінбей қалатын жағдайларымыз жүз береді. Сол себепті басқа елде туып, өскен азаматтармен байланыс жасағанда мұны, яғни олардың тұрған елдеріне байланысты басқаша менталитеттерінің болғанын ескергеніміз жөн деп есептеймін. - Ата тегіңіз жайлы қысқаша айтып берсеңіз? - Менің әкелерім Қытайдан шығып Түркияға барған. Шыңжаңның Үрімжі қаласында туыстарым тұрады. 1993 жылы сол қалаға барып15 күн жүріп қайтқаным бар. Кейін баруға сәті түспеді. - Қандай кітаптарды көп оқисыз? - Мен көбінесе тарихқа қатысты кітаптарды оқимын. Өз мамандығым XX ғасыр түркі тарихы болғанымен, түркі тарихына қатысты әрқилы кітаптарды оқи беремін. Айталық, Исламға дейінгі Ғұндар, Көктүріктер, исламнан кейінгі Қараханиттер, Селжұктар, Алтын орда, Осман патшалығы жазылған жазбаның барлығын қараймын. Ислам тарихына қатысты еңбектерді де оқығанды жақсы көремін. Тарих философиясы мен ислам философиясы мені қызықтырады. Одан кейін әдебиет зерттеу кітаптары. Осы салаға қатысты романдарды оқимын. Жақсы кітаптарды іздеп жүріп сатып алып үйіме алып қойғанды ұнатамын. Дереу оқымасам да, кейін қол тигенде, немесе бір зерттеу барысында көңіліме сұрақ келгенде, сол тақырыптардағы кітаптарды ақтарамын. - Қазақстандағы тіл мәселесіне көзқарасыңыз қалай? - Қазақстандағы тіл мәселесіне көңілім толмайды. Қазақ бола отырып қазақ тілін сөйлей алмайтын адамдарды көргенде жаным ашиды. Мұндай құбылысты, яғни өзінің атамекенінде, өзінің ұлттық мемлекеті болған жерде туып өскен адамдардың ана тілін білмеуін алғаш 1992 Қазақстанға барғанда көріп таң қалдым. Түркия және Еуропа елдерінде мұндай нәрсе жоқ. Түркияда түрік тілін білмейтін түрік, Германияда неміс тілін білмейтін неміс, Францияда француз тілін білмейтін француз табу мүмкін емес. Мұндай жағдайды тек бұрынғы Кеңестік елдерде ғана көруге болатын сияқты. 1992 жылы Алматыда болғанымда қазақша сөйлеуден ұялатын қазақтарды көрген едім. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы қыркүйек айында Түркияға келіп Ыстамбұлда қазақтармен өткізген кездесуінде бұл ащы шындыққа бір әзілмен ишара жасаған еді. Президент Түркиялық қазақтармен болған осы тұңғыш кездесуінде “Айтыңдар, Қазақстан мемлекетіне қандай өтініштер бар?” деп сұрағанда бір азамат, қателеспесем қазір Қазақстанда атақты ғалым болып жүрген Ислам Жеменей “Құрметті Президент, Түркияда балалар қазақ тілін ұмытып барады. Солар үшін мектептер демалыс болған жаз айларында Алматыда тіл курстары ұйымдастырылса” деп өтініш айтты. Сонда Президент “Әй сендер Алматыға келіп осы білген тілдеріңнен айрылып қалмаңдар” деген еді. Құдайға шүкір одан бері өткен 20 жылда көп нәрсе өзгерді. Қазір ешкім қазақшадан ұялмайды. Көп адам қазақша үйренді. Дегенмен қазақ халқы толық қазақшаға әлі жеткен жоқ. Міне осыған көңіліміз толмайды. - Қазақ жастарынан не күтесіз? - Жас ұрпақтан күтер үмітіміз көп қой. Қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған жақсы заманда жасап жатырмыз. Бүгінгі ғылым, білім үйрену мүмкіншіліктерін жастар тиімді пайдаланып түркі мұсылман өркениетін биік белестерге көтереді деген сенім артамын. - Атажұртқа қашан оралу ойыңыз бар? - Мені ауызша Қазақстанға шақырғандар көп. Бірақ ресми түрде әрқандай шақыру болмады. Өз ойым осында жүргізген зерттеулерім (бірнеше жылдың көлемінде) аяқталғаннан кейін Қазақстанға біржолата көшіп бару. Ондағы негізгі мақсатым шәкірт тәрбиелеу. Әрқандай бір университетте қызмет алып қазақ жастарын тарих ғылымына баулып, түркі және мұсылман елдер тарихында мықты тарихшылардың шығуына өз үлесімді қоссам деймін. Менің ұстазым айтқан еді: «Ғалымдар үш түрлі болады. 1. Жақсы зерттеуші ғалымдар. Бұлар шәкірт тәрбиелеуге мән бермейді. Өзінен кейін ғылымы тоқтап қалады. Артында әрқандай бір мектеп қалмайды. 2. Жақсы ұстаздар. Зерттеуге онша мықты емес болғанымен жастарды жақсы көреді де, жастардың ғалым болуына үлкен көмек жасайды. 3. Әрі жақсы зерттеуші әрі жақсы ұстаз». Өзім осы соңғысы болғым келеді. Құдайға шүкір бүгінгі таңда 20-ға жуық зерттеу және аударма еңбектерім жарық көрді. Зерттеулерім жоғары бағаланып отыр. Енді осы тәжрибелерімді жастарға берсем деген ойым бар. Мақсат – Түрік және Қазақ елінде мықты тарихшылардың шығуына үлес қосу. Майгүл СҰЛТАН baq.kz

- Латын әліпбиіне көшуді көп қазақ көксейтіні анық. Бұл жағындағы ойыңыз қалай?

Меніңше Қазақстан латынға көшуі тиіс. Түркі халықтары арасындағы бүгінгі саяси ынтымақтастық мәдениетте де жалғасын табу керек. Сол үшін Қазақстанда латынға өткені дұрыс деп санаймын. Сонда 16,6 миллиондық Қазақстан баспасөзінің, кітаптарының, басқа жазбаша материялдарды 200 миллион түркі дүниесі оқитын болады. Олардың жазғандарын қазақтар да оқиды, әрине.

- Шетел қазақтарының атажұртқа келіп қоныстануындағы ең алғашқы кедергі олардың ортаға бейімделе алмауы екені анық. Бір ұлт бірқанша жерде ұқсамаған мадениетті қабылдайды.

- Иә, Шетел қазақтарының бөлек-бөлек менталитеті бар. Өйткені өмір сүрген орта адамның санасын қалыптастырады. Сондықтан әр елде тұратын қазақтың дүниетанымы, көзқарасы, менталитетінің бір-біріне ұқсамауы заңдылық. Кейде бұл біздерді қателікке ұрындырады. Бір-бірімізді түсінбей, менсінбей қалатын жағдайларымыз жүз береді. Сол себепті басқа елде туып, өскен азаматтармен байланыс жасағанда мұны, яғни олардың тұрған елдеріне байланысты басқаша менталитеттерінің болғанын ескергеніміз жөн деп есептеймін.

- Ата тегіңіз жайлы қысқаша айтып берсеңіз?

- Менің әкелерім Қытайдан шығып Түркияға барған. Шыңжаңның Үрімжі қаласында туыстарым тұрады. 1993 жылы сол қалаға барып15 күн жүріп қайтқаным бар. Кейін баруға сәті түспеді.

- Қандай кітаптарды көп оқисыз?

- Мен көбінесе тарихқа қатысты кітаптарды оқимын. Өз мамандығым XX ғасыр түркі тарихы болғанымен, түркі тарихына қатысты әрқилы кітаптарды оқи беремін. Айталық, Исламға дейінгі Ғұндар, Көктүріктер, исламнан кейінгі Қараханиттер, Селжұктар, Алтын орда, Осман патшалығы жазылған жазбаның барлығын қараймын. Ислам тарихына қатысты еңбектерді де оқығанды жақсы көремін. Тарих философиясы мен ислам философиясы мені қызықтырады. Одан кейін әдебиет зерттеу кітаптары. Осы салаға қатысты романдарды оқимын. Жақсы кітаптарды іздеп жүріп сатып алып үйіме алып қойғанды ұнатамын. Дереу оқымасам да, кейін қол тигенде, немесе бір зерттеу барысында көңіліме сұрақ келгенде, сол тақырыптардағы кітаптарды ақтарамын.

- Қазақстандағы тіл мәселесіне көзқарасыңыз қалай?

- Қазақстандағы тіл мәселесіне көңілім толмайды. Қазақ бола отырып қазақ тілін сөйлей алмайтын адамдарды көргенде жаным ашиды. Мұндай құбылысты, яғни өзінің атамекенінде, өзінің ұлттық мемлекеті болған жерде туып өскен адамдардың ана тілін білмеуін алғаш 1992 Қазақстанға барғанда көріп таң қалдым. Түркия және Еуропа елдерінде мұндай нәрсе жоқ. Түркияда түрік тілін білмейтін түрік, Германияда неміс тілін білмейтін неміс, Францияда француз тілін білмейтін француз табу мүмкін емес. Мұндай жағдайды тек бұрынғы Кеңестік елдерде ғана көруге болатын сияқты. 1992 жылы Алматыда болғанымда қазақша сөйлеуден ұялатын қазақтарды көрген едім. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы қыркүйек айында Түркияға келіп Ыстамбұлда қазақтармен өткізген кездесуінде бұл ащы шындыққа бір әзілмен ишара жасаған еді. Президент Түркиялық қазақтармен болған осы тұңғыш кездесуінде “Айтыңдар, Қазақстан мемлекетіне қандай өтініштер бар?” деп сұрағанда бір азамат, қателеспесем қазір Қазақстанда атақты ғалым болып жүрген Ислам Жеменей “Құрметті Президент, Түркияда балалар қазақ тілін ұмытып барады. Солар үшін мектептер демалыс болған жаз айларында Алматыда тіл курстары ұйымдастырылса” деп өтініш айтты. Сонда Президент “Әй сендер Алматыға келіп осы білген тілдеріңнен айрылып қалмаңдар” деген еді. Құдайға шүкір одан бері өткен 20 жылда көп нәрсе өзгерді. Қазір ешкім қазақшадан ұялмайды. Көп адам қазақша үйренді. Дегенмен қазақ халқы толық қазақшаға әлі жеткен жоқ. Міне осыған көңіліміз толмайды.

- Қазақ жастарынан не күтесіз?

- Жас ұрпақтан күтер үмітіміз көп қой. Қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған жақсы заманда жасап жатырмыз. Бүгінгі ғылым, білім үйрену мүмкіншіліктерін жастар тиімді пайдаланып түркі мұсылман өркениетін биік белестерге көтереді деген сенім артамын.

- Атажұртқа қашан оралу ойыңыз бар?

- Мені ауызша Қазақстанға шақырғандар көп. Бірақ ресми түрде әрқандай шақыру болмады. Өз ойым осында жүргізген зерттеулерім (бірнеше жылдың көлемінде) аяқталғаннан кейін Қазақстанға біржолата көшіп бару. Ондағы негізгі мақсатым шәкірт тәрбиелеу. Әрқандай бір университетте қызмет алып қазақ жастарын тарих ғылымына баулып, түркі және мұсылман елдер тарихында мықты тарихшылардың шығуына өз үлесімді қоссам деймін. Менің ұстазым айтқан еді: «Ғалымдар үш түрлі болады. 1. Жақсы зерттеуші ғалымдар. Бұлар шәкірт тәрбиелеуге мән бермейді. Өзінен кейін ғылымы тоқтап қалады. Артында әрқандай бір мектеп қалмайды. 2. Жақсы ұстаздар. Зерттеуге онша мықты емес болғанымен жастарды жақсы көреді де, жастардың ғалым болуына үлкен көмек жасайды. 3. Әрі жақсы зерттеуші әрі жақсы ұстаз». Өзім осы соңғысы болғым келеді. Құдайға шүкір бүгінгі таңда 20-ға жуық зерттеу және аударма еңбектерім жарық көрді. Зерттеулерім жоғары бағаланып отыр. Енді осы тәжрибелерімді жастарға берсем деген ойым бар. Мақсат – Түрік және Қазақ елінде мықты тарихшылардың шығуына үлес қосу.

Майгүл СҰЛТАН

baq.kz

Бөлісу: