Шайбалы хоккейден елордалық хоккейшілер Қазақстан чемпионатының жүлдегері

10 Қаңтар 2013, 10:18

Астанада 9 қаңтар күні шайбалы хоккейден 1998 жылы туған жасөспірім спортшылар арасында  Қазақстан чемпионатының екінші туры аяқталды. Жарысқа Қостанай Қарағанды, Өскемен, және Астанадан жеті команда қатысты, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі. «Турдың қорытындысы бойынша бірінші орынды  алты ойынның алтауында да жеңіске жетіп, ең көп – 18 ұпай жинаған   қарағандылық  «Юность» командасы иеленді.  Екінші орын  7:2  есебімен жеңіске жеткен Өскеменнің  «Торпедо» командасына бұйырды. Олар  овертаймда – астаналық және қостанайлық хоккейшілермен екі ойын ойнады.  «Астана»  командасының спортшылары да «торпедалықтар» сияқты 13 ұпайдан жинап,  салынған және өткізілген шайбалардың айырмашылығы бойынша турнир кестесінде  үшінші  орынға  табан тіреді», - делінген таратылған хабарламада. Еске салайық, бүгін елордада, 1997 жылы туған жасөспірімдер арасында шайбалы  хоккейден  Қазақстан  чемпионатының  екінші туры басталды. Оған: «Астана» (Астана қ.), «Торпедо»  және  «Устинка» (Өскемен қ.), «Горняк» ( Рудный қ.), ДЮСШ №3 ( Қостанай қ.), «Ертіс» (Павлодар қ.), «Юность» (Қарағанды қ.), СДЮСШ (Петропавл қ.)  командалары  қатысады. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Астанада 9 қаңтар күні шайбалы хоккейден 1998 жылы туған жасөспірім спортшылар арасында  Қазақстан чемпионатының екінші туры аяқталды. Жарысқа Қостанай Қарағанды, Өскемен, және Астанадан жеті команда қатысты, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі. «Турдың қорытындысы бойынша бірінші орынды  алты ойынның алтауында да жеңіске жетіп, ең көп – 18 ұпай жинаған   қарағандылық  «Юность» командасы иеленді.  Екінші орын  7:2  есебімен жеңіске жеткен Өскеменнің  «Торпедо» командасына бұйырды. Олар  овертаймда – астаналық және қостанайлық хоккейшілермен екі ойын ойнады.  «Астана»  командасының спортшылары да «торпедалықтар» сияқты 13 ұпайдан жинап,  салынған және өткізілген шайбалардың айырмашылығы бойынша турнир кестесінде  үшінші  орынға  табан тіреді», - делінген таратылған хабарламада. Еске салайық, бүгін елордада, 1997 жылы туған жасөспірімдер арасында шайбалы  хоккейден  Қазақстан  чемпионатының  екінші туры басталды. Оған: «Астана» (Астана қ.), «Торпедо»  және  «Устинка» (Өскемен қ.), «Горняк» ( Рудный қ.), ДЮСШ №3 ( Қостанай қ.), «Ертіс» (Павлодар қ.), «Юность» (Қарағанды қ.), СДЮСШ (Петропавл қ.)  командалары  қатысады.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: