Швеция қазақтары: Қазақ елі латынға тезірек көшкені дұрыс

8 Қаңтар 2013, 11:59

Қазіргі таңда Швецияда 250-ден астам қазақ өмір сүріп келеді. Онда тұратын аз қазақтың бүгінгі өміріне үңілу үшін Шағатай әулетіне хабарластық. Швеция Қазақ қауымдастығының төрағасы Шыңғыс Шағатайды әңгімеге тартқанымызда, ол Швециядағы қазақтардың басым бөлігін жастар жағы құрайтындығын жеткізді. Оның айтуынша ондағы мектептер негізінен швет тілі мен ағылшын тілін негіз ететіндіктен өзі басқарып отырған Қазақ қауымдастығы жанынан мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаларға қазақ тілін үйрететін мектеп ашылыпты. Қазақ биін үйрететін орталық та осы қоғамның қарамағында екен. Шыңғыс Шағатайдан ондағы қазақ жастарының атажұртқа бір жолата келу ойының бар, жоғын білдік. Оның айтуынша ондағы қазақ жастарының ешқайсысы Қазақ еліне табан тіреп көрмеген екен. Ынта танытушылардың көбі қазақ тілін білмейтіндіктерінен қысалатын көрінеді. Сондықтан да Швециядан Қазақ еліне бір жолата көшіп келгендердің қатары жоқ болып шықты. Абдұллах Шағатай: Қазақстан азаттығын алғаннан кейінгі алғаш өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысқаннан бері атажұртпен етене араласып келемін. 22 жылда өзгерген дүние көп. Қазақ елі қарыштап дамыды. Десе де, қазақтың ата кәсібі – мал бағу ғой. Ауылдарды қаңыратып бос қалдырмай, барлық болып жатқан дүниелерді сол ауылдағы адамдарға жеткізу керек еді. Жарқыраған әсем қала керек. Бірақ, ауылды дамыту тіпті де маңызды деп ойлаймын. Саһипжан Шағатай: Біз Швецияға барғанымызға биыл 48 жыл болды. Бір қызымыз Швецияның Пәкістандағы консулы болып жұмыс жасайды. Жастардың қазақшасы жақсы емес. Өкінішке қарай, біз тіл жағынан мақтана алмаймыз. Ұлтымыздың өзге дәстүрі мен әдетін балаларымыз бойына жақсы сіңірген. Дінді де берік ұстанады. Мешітіміз бар. Атажұртқа көшіп келу жағында бізде қиыншылық көп. Ең үлкен қиындық кирилл қарпі. Біздің балалар кирилл жазуын оқи алмайды. Қазаққа тезірек латынға көшу керек деп есептеймін. Балаларымыз «Қазақпыз» деп шаттанып барған жерінде айтып жүреді. Екінші жағынан, Қазақстанға бару үшін алдымен орыс тілін жақсы меңгеруің керек екен. Сондықтан да осы жақтан біз көп қиналамыз. Майгүл СҰЛТАН BAQ.kz

Қазіргі таңда Швецияда 250-ден астам қазақ өмір сүріп келеді. Онда тұратын аз қазақтың бүгінгі өміріне үңілу үшін Шағатай әулетіне хабарластық.

Швеция Қазақ қауымдастығының төрағасы Шыңғыс Шағатайды әңгімеге тартқанымызда, ол Швециядағы қазақтардың басым бөлігін жастар жағы құрайтындығын жеткізді.

Оның айтуынша ондағы мектептер негізінен швет тілі мен ағылшын тілін негіз ететіндіктен өзі басқарып отырған Қазақ қауымдастығы жанынан мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаларға қазақ тілін үйрететін мектеп ашылыпты. Қазақ биін үйрететін орталық та осы қоғамның қарамағында екен. Шыңғыс Шағатайдан ондағы қазақ жастарының атажұртқа бір жолата келу ойының бар, жоғын білдік. Оның айтуынша ондағы қазақ жастарының ешқайсысы Қазақ еліне табан тіреп көрмеген екен. Ынта танытушылардың көбі қазақ тілін білмейтіндіктерінен қысалатын көрінеді. Сондықтан да Швециядан Қазақ еліне бір жолата көшіп келгендердің қатары жоқ болып шықты.


Абдұллах Шағатай: Қазақстан азаттығын алғаннан кейінгі алғаш өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысқаннан бері атажұртпен етене араласып келемін. 22 жылда өзгерген дүние көп. Қазақ елі қарыштап дамыды. Десе де, қазақтың ата кәсібі – мал бағу ғой. Ауылдарды қаңыратып бос қалдырмай, барлық болып жатқан дүниелерді сол ауылдағы адамдарға жеткізу керек еді. Жарқыраған әсем қала керек. Бірақ, ауылды дамыту тіпті де маңызды деп ойлаймын.
Саһипжан Шағатай: Біз Швецияға барғанымызға биыл 48 жыл болды. Бір қызымыз Швецияның Пәкістандағы консулы болып жұмыс жасайды. Жастардың қазақшасы жақсы емес. Өкінішке қарай, біз тіл жағынан мақтана алмаймыз. Ұлтымыздың өзге дәстүрі мен әдетін балаларымыз бойына жақсы сіңірген. Дінді де берік ұстанады. Мешітіміз бар. Атажұртқа көшіп келу жағында бізде қиыншылық көп. Ең үлкен қиындық кирилл қарпі. Біздің балалар кирилл жазуын оқи алмайды. Қазаққа тезірек латынға көшу керек деп есептеймін. Балаларымыз «Қазақпыз» деп шаттанып барған жерінде айтып жүреді. Екінші жағынан, Қазақстанға бару үшін алдымен орыс тілін жақсы меңгеруің керек екен. Сондықтан да осы жақтан біз көп қиналамыз.

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.kz

Бөлісу: