Оқуға грант түріндегі әлеуметтік көмек

5 Қаңтар 2013, 08:05

Елордада жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету аясында Астананың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне ақшалай төлемдер төленуде. «2004 пен 2012  жыл аралығында қала бюджетінен ақшалай төлемдер есебінен жоғары оқу орындарына  282 адам түскен. Олардың – 136-сы дипломды маман болып шықты», - деп хабарлайды  қалалық Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының бастығы  Алма Алтыбаева. Оның айтуынша, грант алу құқына қала мектептерін  бітіруші жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, бала кезден мүгедектер мен  ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және көпбалалы отбасының балалары ие бола алады. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Елордада жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету аясында Астананың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне ақшалай төлемдер төленуде.

«2004 пен 2012  жыл аралығында қала бюджетінен ақшалай төлемдер есебінен жоғары оқу орындарына  282 адам түскен. Олардың – 136-сы дипломды маман болып шықты», - деп хабарлайды  қалалық Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының бастығы  Алма Алтыбаева.

Оның айтуынша, грант алу құқына қала мектептерін  бітіруші жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, бала кезден мүгедектер мен  ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және көпбалалы отбасының балалары ие бола алады.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: