2013 жылы өтетін халықаралық спорт жарыстары

3 Қаңтар 2013, 12:03

2013 жылы көптеген халықаралық жарыстар өтеді. Оның ішінде Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионаты бар. Одан бөлек, биыл 2020 жылғы олимпиаданы қабылдайтын қала анықталады. Қаңтардың 11-і күні Испанияда гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бұл жарысқа 24 мемлекеттің командасы қатысады. 15 күнге созылады. Финал – қаңтардың 27-сі. Ал қаңтардың 15-і Оңтүстік Африка Республикасында футболдан Африка чемпионаты басталады. Жарысқа құрлықтың 16 елі жолдама алған. Біріншіліктің финалы ақпанның 10-ы күні Йоханнесбургтегі «Соккер Сити» қаласында өтеді. ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ Ақпанның 7-сі мен 17-сі аралығында Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа Қазақстаннан сегіз спортшы қатысады. Олардың арасында 2010 жылғы Ванкувер (Канада) олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева мен 2012 жылғы Инсбургте (Австрия) өткен жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиаданың жүлдегері Галина Вишневская бар. Қаңтардың 20-сы күні Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында шаңғы спортынан әлем чемпионаты басталады. Бұл жарысқа Қазақстанның 15 спортшы апаруға құқығы бар. Наурыздың 10-ы мен 14-і күндері аралығында Канаданың Лондон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық коньки федерациясы Қазақстаннан екі спортшыға жолдама беріп отыр. Бұл әлем біріншілігіне 2010 жылы Ванкувер олимпиадасына қатысқан Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев дайындалып жатыр. Канададағы мәнерлеп сырғанау жарысында 2014 жылы Сочиде (Ресей) өтетін қысқы олимпиадаға жолдама да таратылады. Мамырдың 3-і мен 19-ы аралығында Швецияның Стокгольм мен Хельсинки қалаларында шайбалы хоккейден ерлер арасында әлем чемпионаты жоспарланған. Бұл жарысқа 16 елдің құрамасы қатысады. 2013 жылдың мамыры ірі жарыстарға толы. Италия тас жолдарындағы «Джиро Д’Италия» жарысы (4-26 мамыр), Футболдан Еуропа лигасы (15 мамыр, Амстердам) мен Чемпиондар лигасының финалы (25 мамыр, Лондон) мамырда болады. РЫПАКОВА МӘСКЕУДЕГІ ЖАРЫСҚА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР Теннистен әлемдегі көптеген жанкүйерлер асыға күтетін «Роллан Гаррос» (25 мамыр – 9 маусым, Париж), «Уимблдон» (24 маусым – 7 шілде, Лондон) теннис жарыстары, велоспорттан «Тур-де-Франс» көпкүндігі (29 маусым – 21 шілде, Франция) болады. Шілденің 6-сы мен 17-сі күндері Қазан қаласында (Ресей) жазғы универсиада өтеді. Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің дерегі бойынша, студенттер олимпиадасына Қазақстаннан 60-қа жуық спортшы қатысады. ​​ Шілденің 19-ы мен 4-і күндері Барселонада (Испания) су спорты түрлерінен, тамыздың 6-сы мен 14-і күндері Будапештте (Венгрия) семсерлесуден, тамыздың 15-і және 21-і күндері аралығында Тайваньда қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты өтеді. Тамыздың 10-ы мен 18-і аралығында Мәскеуде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты болады. Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Ольга Рыпакова Ресейдегі жарысқа қатысатынын мәлімдеді. БОКСШЫЛАР – ҚАЗАҚСТАНДА, БАЛУАНДАР – ВЕНГРИЯДА Тамыздың 26-сы мен қыркүйектің 1-і аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында дзю-додан әлем чемпионаты, тамыздың 26-сы мен қыркүйектің 5-і аралығында Украинаның Киев қаласында көркем гимнастикадан әлем біріншілігі өтеді. Бұған қоса, тамыз бен қыркүйек айларында теннистен «АҚШ ашық біріншілігі» мен велоспорттан Испаниядағы «Вуэльта» жарысы болады. Ал қыркүйекте күрес түрлерінен (16-22 қыркүйек, Венгрия) және велоспорттан (21-29 қыркүйек, Италия) әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Қазанның 4-і мен 20-сы арасында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан бокс федерациясының мәліметі бойынша, Қазақстандағы жарысқа әлемнің 170 елінен спортшы келеді. Ал қазанның 16-сы мен 23-і күндері Польша астанасы Варшавада ауыр атлетикадан әлем біріншілігі ұйымдастырылады. Биыл 2020 жылы өтетін жазғы олимпиада ойындарының астанасы анықталады. Жарысты өткізетін қала қыркүйектің 7-і күні Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында анықталады. Олимпиаданың өткізуге Стамбул (Түркия), Мадрид (Испания) және Токио (Жапония) қалалары таласып отыр. http://www.alaman.kz

2013 жылы көптеген халықаралық жарыстар өтеді. Оның ішінде Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионаты бар. Одан бөлек, биыл 2020 жылғы олимпиаданы қабылдайтын қала анықталады.

Қаңтардың 11-і күні Испанияда гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бұл жарысқа 24 мемлекеттің командасы қатысады. 15 күнге созылады. Финал – қаңтардың 27-сі.

Ал қаңтардың 15-і Оңтүстік Африка Республикасында футболдан Африка чемпионаты басталады. Жарысқа құрлықтың 16 елі жолдама алған. Біріншіліктің финалы ақпанның 10-ы күні Йоханнесбургтегі «Соккер Сити» қаласында өтеді.

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ

Ақпанның 7-сі мен 17-сі аралығында Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа Қазақстаннан сегіз спортшы қатысады. Олардың арасында 2010 жылғы Ванкувер (Канада) олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева мен 2012 жылғы Инсбургте (Австрия) өткен жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиаданың жүлдегері Галина Вишневская бар.

Қаңтардың 20-сы күні Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында шаңғы спортынан әлем чемпионаты басталады. Бұл жарысқа Қазақстанның 15 спортшы апаруға құқығы бар.

Наурыздың 10-ы мен 14-і күндері аралығында Канаданың Лондон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық коньки федерациясы Қазақстаннан екі спортшыға жолдама беріп отыр. Бұл әлем біріншілігіне 2010 жылы Ванкувер олимпиадасына қатысқан Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев дайындалып жатыр. Канададағы мәнерлеп сырғанау жарысында 2014 жылы Сочиде (Ресей) өтетін қысқы олимпиадаға жолдама да таратылады.

Мамырдың 3-і мен 19-ы аралығында Швецияның Стокгольм мен Хельсинки қалаларында шайбалы хоккейден ерлер арасында әлем чемпионаты жоспарланған. Бұл жарысқа 16 елдің құрамасы қатысады.

2013 жылдың мамыры ірі жарыстарға толы. Италия тас жолдарындағы «Джиро Д’Италия» жарысы (4-26 мамыр), Футболдан Еуропа лигасы (15 мамыр, Амстердам) мен Чемпиондар лигасының финалы (25 мамыр, Лондон) мамырда болады.

РЫПАКОВА МӘСКЕУДЕГІ ЖАРЫСҚА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Теннистен әлемдегі көптеген жанкүйерлер асыға күтетін «Роллан Гаррос» (25 мамыр – 9 маусым, Париж), «Уимблдон» (24 маусым – 7 шілде, Лондон) теннис жарыстары, велоспорттан «Тур-де-Франс» көпкүндігі (29 маусым – 21 шілде, Франция) болады.

Шілденің 6-сы мен 17-сі күндері Қазан қаласында (Ресей) жазғы универсиада өтеді. Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің дерегі бойынша, студенттер олимпиадасына Қазақстаннан 60-қа жуық спортшы қатысады.
​​
Шілденің 19-ы мен 4-і күндері Барселонада (Испания) су спорты түрлерінен, тамыздың 6-сы мен 14-і күндері Будапештте (Венгрия) семсерлесуден, тамыздың 15-і және 21-і күндері аралығында Тайваньда қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты өтеді.

Тамыздың 10-ы мен 18-і аралығында Мәскеуде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты болады. Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Ольга Рыпакова Ресейдегі жарысқа қатысатынын мәлімдеді.

БОКСШЫЛАР – ҚАЗАҚСТАНДА, БАЛУАНДАР – ВЕНГРИЯДА

Тамыздың 26-сы мен қыркүйектің 1-і аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында дзю-додан әлем чемпионаты, тамыздың 26-сы мен қыркүйектің 5-і аралығында Украинаның Киев қаласында көркем гимнастикадан әлем біріншілігі өтеді.

Бұған қоса, тамыз бен қыркүйек айларында теннистен «АҚШ ашық біріншілігі» мен велоспорттан Испаниядағы «Вуэльта» жарысы болады.

Ал қыркүйекте күрес түрлерінен (16-22 қыркүйек, Венгрия) және велоспорттан (21-29 қыркүйек, Италия) әлем чемпионаты ұйымдастырылады.

Қазанның 4-і мен 20-сы арасында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан бокс федерациясының мәліметі бойынша, Қазақстандағы жарысқа әлемнің 170 елінен спортшы келеді.
Ал қазанның 16-сы мен 23-і күндері Польша астанасы Варшавада ауыр атлетикадан әлем біріншілігі ұйымдастырылады.

Биыл 2020 жылы өтетін жазғы олимпиада ойындарының астанасы анықталады. Жарысты өткізетін қала қыркүйектің 7-і күні Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында анықталады. Олимпиаданың өткізуге Стамбул (Түркия), Мадрид (Испания) және Токио (Жапония) қалалары таласып отыр.

http://www.alaman.kz

Бөлісу: