Қостанай жастары Жолаудағы идеяларды жүзеге асырмақ

18 Ақпан 2014, 14:42

Қостанай облысының жастары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған барлық идеялардың басты қозғалтқышына айналулары тиіс. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкин мәлім етті.

«Біз республика өміріндегі маңызды сәттің куәгері болдық. Мемлекет басшысы халыққа көпұлтты Қазастанды дамытуға даңғыл жол ашатын тарихи жолдауын таныстырды. ХХІ ғасыр алтын ғасыр болуы тиіс. 2050 жылға қарай республикамыз даму деңгейі бойынша алдыңғы қатарлы отыз елдің арасына енуі керек. Ұлт көшбасшысы бұдан бұрын қабылданған «Қазақстан 2030» құжатын жүзеге асыру барысында республикамыз жүріп өткен жолдарды саралай отырып, жұрт алдында осындай мақсат қойып отыр», - деп ескерді ол.

Оның айтуы бойынша, «Қазақстан 2030» бағдарламасында қойылған міндеттерді жүзеге асыру қаншалықты қиынға соққанымен, мерзімінен бұрын орындалды.

«Ардагерлердің атынан жастарға айтарым, Елбасы айқындап берген міндеттердің басым көпшілігі сіздердің иықтарыңызға жүктеледі. Экономикасы мен мәдениеті дамыған, саналы адами капиталы бар мемлекет қалыптастыру сіздердің қолыңызда. Сіздер Елбасының аманатын абыроймен атқаруларыңыз керек. Өз тарихи мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар», - деп қорытты Кенжебек Үкин.

Бөлісу: