Петропавлда фестиваль өтті

18 Ақпан 2014, 14:22

Петропавлда дүниежүзі әзірбайжандарының ынтымақтастық күніне арналған фестиваль өтті, деп хабарлады BNews.kz тілшісі. «1989 жылғы 31 желтоқсанда Стамбулда тарихта алғаш рет әзірбайжандардың бүкіләлемдік конгресі ашылды. Осы оқиғаға байланысты 31 желтоқсан дүниежүзі әзірбайжандарының ынтымақтастық күні деп жарияланды», - деп әңгімеледі Солтүстік Қазақстан облыстық Әзірбайжан мәдениеті орталығының төрағасы Тахир Гусейнов.

Петропавлда дүниежүзі әзірбайжандарының ынтымақтастық күніне арналған фестиваль өтті, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

«1989 жылғы 31 желтоқсанда Стамбулда тарихта алғаш рет әзірбайжандардың бүкіләлемдік конгресі ашылды. Осы оқиғаға байланысты 31 желтоқсан дүниежүзі әзірбайжандарының ынтымақтастық күні деп жарияланды», - деп әңгімеледі Солтүстік Қазақстан облыстық Әзірбайжан мәдениеті орталығының төрағасы Тахир Гусейнов.

Әзірбайжан мәдениетінің облыстық орталығы «Солтүстік Қазақстан облысының әзірбайжандықтары» көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ, барлық этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдары қатысқан фестиваль өткізді.

www.bnews.kz

Бөлісу: