26 Желтоқсан 2012, 11:39
The Sun таблойды хабарлағандай, әйгілі футболшы Дәвид Бэкхем әйелі Викториямен отбасылық дәстүрді бұзып, Рождество мерекесін балаларымен Мальдив аралдарында қарсы алмақ.
12 күндік демалыс барысында Бэкхемдер отбасы One & Only Reethi Rah деп аталатын VIP қонақ үйді мекендейтін болады. Мұнда олар күндік бағасы 13 мың АҚШ долларынан асатын үлкен бір номер және 6 мың долларлық кішкентай үш бөлмені алдын ала бронь жасатқан.
Мальдив аралдарына белгілі аяқ доп шебері өзінің жеке ұшағында аттаныпты. Ал, тур-агенттердің пікірінше, One & Only Reethi Rah қонақ үйі тек Мальдив аралдарында ғана емес, бүкіл әлемдегі керемет орындардың бірі екен. Демалуға келген кез-келген адамның мұнда зерікпейтіні анық.
Рождество мерекесінде Дэвид пен Виктория өз жақындарына сыйлық жасауды да ұмытқан жоқ. Сыйлықтардың қандай құны қандай сомада екендігі айтылмайды.
BAQ.KZ