23 Желтоқсан 2012, 06:02
Кеше Астанада қысқы спорт маусымына бастау берілді деп мәлімдейді Астана қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы. Дәстүрлі спорттық мереке белсенді демалысты ұнататын қала тұрғындары мен кәсіби спортшылардың қатысуымен шаңғы жарысымен атап өтілді. Елордалықтарды қолдауға үздіксіз жарыстарға байланысты тек астанада емес, Қазақстанда ара-тұра ғана көруге болатын танымал шаңғышы Марк Старостин келді.
1999 жылдан жоғары туғандар арасындағы балалар - бір шақырым қашықтыққа, 1995-1998 жылдарғы қатысушылар - үш шақырымға, ардагерлер - үш шақырымға жүгірді. Қалалық күш құрылымдарының қызметкерлеріне жеке старт берілді. Ерлер және әйелдер арасында алғашқы болып мәреге ҚР Ұлттық гвардиясының өкілдері жетті.
Ең соңғы жарыстар бұқаралық болды. Оған қатысушылардың саны әлдеқайда көп болды. Бірақ бұл қашықтықта ешкімнің жеңіске деген үміті болмады. Себебі, оған Марк Старостиннің өзі қатысты.
Жаңадан ашылған шаңғы маусымы спорттық жарыстарға, шаңғы фестивальдарына, бұқаралық коньки тебу шараларына толы.
BAQ.kz