Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіруге кірісеміз – Қазақстан ұйғырларының мәдени орталығы

21 Желтоқсан 2012, 11:39

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын халыққа түсіндіруге кірісеміз. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Тохтыбақаев мәлімдеді. «Президенттің биылғы Жодауын үлкен үмітпен тыңдадық. Үлкен міндеттер қойып отыр. Енді осы міндеттерді халыққа түсіндіру керек. Сөйтіп, қазіргі уақытта біздің мақсатымыз – халыққа Елбасының сөзін жеткізу болып отыр. Кезең-кезеңдеп түсіндіреміз деп отырмыз. Жастар қанаты бар, басқарма бар, өзіміз талқылаймыз. Сосын өзіміздің ұйғыр мәдени орталығының республикалық газетінің әрбір санында жариялаймыз. Сұрақтарға жауап жазамыз. Осылайша Президенттің Жолдауын әрбір адамға жеткізуіміз керек деп есептейміз», - деді Мұрат Тохтыбақаев.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын халыққа түсіндіруге кірісеміз. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Тохтыбақаев мәлімдеді.

«Президенттің биылғы Жодауын үлкен үмітпен тыңдадық. Үлкен міндеттер қойып отыр. Енді осы міндеттерді халыққа түсіндіру керек. Сөйтіп, қазіргі уақытта біздің мақсатымыз – халыққа Елбасының сөзін жеткізу болып отыр. Кезең-кезеңдеп түсіндіреміз деп отырмыз. Жастар қанаты бар, басқарма бар, өзіміз талқылаймыз. Сосын өзіміздің ұйғыр мәдени орталығының республикалық газетінің әрбір санында жариялаймыз. Сұрақтарға жауап жазамыз. Осылайша Президенттің Жолдауын әрбір адамға жеткізуіміз керек деп есептейміз», - деді Мұрат Тохтыбақаев.

Бөлісу: