Оралманға арналған анықтама

20 Желтоқсан 2012, 09:52

Астана қаласында орналасқан «Мұрат жолы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Думан Аманұлының бастамасымен атажұртына көшіп келген және көшіп келуге қамданып жүрген қандастарымызға арнап «Отанға бастайтын жол» атты анықтамалық кітап жарық көрді. Кітаптың мазмұны һәм мақсаты: шетелден көшіп келген және келешекте көшіп келетін қандастарымызды - Қазақ еліндегі көші-қонға қатысты барлық салалармен алдын ала толық танысуға, информация алуға мол мүмкіндік беру. Сондай-ақ, атамекенді аңсап шетелден көшіп келген қандастарымыздың тұрақты мекен-жайға тіркеліп, қатысты құжаттарын заңдастырып, Қазақстан Республикасының азаматығын алуға құжаттарын тапсыруына, оралмандарға жасалатын жеңілдіктер мен көмектерге ие болуына, өз құқығын заңмен қорғай отырып, түрлі салада жемісті еңбек етіп, сан алуан кәсіпкерлікпен айналысуына, қазіргі еңселі елдің жалпы саяси-әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын және де ғылым-білім саласын толықтай түсінуіне көмектесу, - дейді кітапты құрастырушылар.  Кітап бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Қазақстан – мақтанышым, мұратым» деп аталып, оған еліміздің Ата Заңы, рәміздері және территориялық орналасуы сияқты келелі ұғымдар топтасқан. Екінші бөліміне – «Қазақстан – тұғырымсың, тынысым» деген атау беріліп, елміздегі білім беру жүйесі, аумақтық әкімшілік бірліктер т.б. мәліметтер топтастырылған. Үшінші бөлімі – «Қазақстан - жалғыз отаным». Бұл бөлімде оралман ағайындарға қатысты заңнамалардан үзінділер қамтылса, төртінші бөлім – «Қазақстан – әр бір қазақ жалғызы» деп аталған. Аталмыш бөлімде әлеуметтік көмек көрсету бағыт-бағдары айқын көрініс тапқан. Бесінші бөлімге – «Қазақстан –қалың елім» дейтін атау беріліп, мұнда ақпараттық-анықтамалық мәліметтер жиынтығы берілген. BAQ.kz

Астана қаласында орналасқан «Мұрат жолы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Думан Аманұлының бастамасымен атажұртына көшіп келген және көшіп келуге қамданып жүрген қандастарымызға арнап «Отанға бастайтын жол» атты анықтамалық кітап жарық көрді.
Кітаптың мазмұны һәм мақсаты: шетелден көшіп келген және келешекте көшіп келетін қандастарымызды - Қазақ еліндегі көші-қонға қатысты барлық салалармен алдын ала толық танысуға, информация алуға мол мүмкіндік беру. Сондай-ақ, атамекенді аңсап шетелден көшіп келген қандастарымыздың тұрақты мекен-жайға тіркеліп, қатысты құжаттарын заңдастырып, Қазақстан Республикасының азаматығын алуға құжаттарын тапсыруына, оралмандарға жасалатын жеңілдіктер мен көмектерге ие болуына, өз құқығын заңмен қорғай отырып, түрлі салада жемісті еңбек етіп, сан алуан кәсіпкерлікпен айналысуына, қазіргі еңселі елдің жалпы саяси-әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын және де ғылым-білім саласын толықтай түсінуіне көмектесу, - дейді кітапты құрастырушылар. 

Кітап бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Қазақстан – мақтанышым, мұратым» деп аталып, оған еліміздің Ата Заңы, рәміздері және территориялық орналасуы сияқты келелі ұғымдар топтасқан. Екінші бөліміне – «Қазақстан – тұғырымсың, тынысым» деген атау беріліп, елміздегі білім беру жүйесі, аумақтық әкімшілік бірліктер т.б. мәліметтер топтастырылған. Үшінші бөлімі – «Қазақстан - жалғыз отаным». Бұл бөлімде оралман ағайындарға қатысты заңнамалардан үзінділер қамтылса, төртінші бөлім – «Қазақстан – әр бір қазақ жалғызы» деп аталған. Аталмыш бөлімде әлеуметтік көмек көрсету бағыт-бағдары айқын көрініс тапқан. Бесінші бөлімге – «Қазақстан –қалың елім» дейтін атау беріліп, мұнда ақпараттық-анықтамалық мәліметтер жиынтығы берілген.

BAQ.kz

Бөлісу: