Еліміз Қазақ мемлекеті деп аталады

20 Желтоқсан 2012, 05:32

«Біз, елімізді Қазақ мемлекеті, деп атаймыз». Елбасының айтқан осы сөзі елдің жүрегін елжіреткені анық. Бұған барша халқымыз, әсіресе, ұлтжанды азаматтар қуанып, қолдау білдіріп жатыр. «Бұл - ел болып, етек-жеңімізді жинағанымыздың анық көрінісі», дейді олар. Солардың бірі - керекеулік ақын Арман Қани. Ақынның айтуынша, Елбасының биылғы Жолдауы да күллі қазақ халқының ойынан шыққан. Арман Қани, ақын: Тарихта Қазақ хандығы, деген атаумен еңгені белгілі. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеті ретінде белгілі болды. Оны айтпағанда, кешегі Кеңес үкіметі кезінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болатын. Енді, Елбасының өзі болашақта, таяу уақытта мемлекет атауын Қазақ мемлекеті, деп атаймыз, деп анық айтты. Мұның өзі зиялы қауымды, әсіресе, осы тақырыпты көтеріп жүрген тарихшыларды, ғалымдарды бір серпілтіп тастады. BAQ.kz

«Біз, елімізді Қазақ мемлекеті, деп атаймыз». Елбасының айтқан осы сөзі елдің жүрегін елжіреткені анық. Бұған барша халқымыз, әсіресе, ұлтжанды азаматтар қуанып, қолдау білдіріп жатыр. «Бұл - ел болып, етек-жеңімізді жинағанымыздың анық көрінісі», дейді олар. Солардың бірі - керекеулік ақын Арман Қани. Ақынның айтуынша, Елбасының биылғы Жолдауы да күллі қазақ халқының ойынан шыққан.

Арман Қани, ақын:

Тарихта Қазақ хандығы, деген атаумен еңгені белгілі. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеті ретінде белгілі болды. Оны айтпағанда, кешегі Кеңес үкіметі кезінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болатын. Енді, Елбасының өзі болашақта, таяу уақытта мемлекет атауын Қазақ мемлекеті, деп атаймыз, деп анық айтты. Мұның өзі зиялы қауымды, әсіресе, осы тақырыпты көтеріп жүрген тарихшыларды, ғалымдарды бір серпілтіп тастады.

BAQ.kz

Бөлісу: