19 Желтоқсан 2012, 05:20
Бүгін қазақша википедиадағы мақалалар санының 200 мыңнан асқанына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Айдос Қыдырма, «Самұрық-Қазына» ¥ӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов, «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы қатысты.
«ҚАЗАҚША ВИКИПЕДИА» жобасы 2011 жылдың маусымында басталды. Жобаның мақсаты - ғаламдық Википедиа энциклопедиясының қазақтілді тарауын дамыту. Онлайн энциклопедиядағы мақалалар ерікті редакторлардың күшімен жазылады, сондықтан жобаның негізгі діттегені жаңа мақала бастай алатын немесе бар материалдарды өңдеуге қатыса алатын қауымдастық қалыптастыру еді.
Жоба басталған кезде Википедианың қазақтілді тарауындағы мақалалар саны 8 мыңнан аспаган, ал белсенді ректорлардың саны 4 адам болған. Бір жарым жыл ішінде мақалалар саны 20 есеге өсіп, 200 мыңнан асты. Мақалаларды жазумен жэне өңдеумен айналысатын редакторлардың саны 230-ға дейін көбейді. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде Википедиа тілдер рейтингісінде қазақ тілі 127 орыннан 25 орынға дейін көтерілді. Энциклопедияны қолданатын аудитория да айтарлықтай үлғайды. Жоба басталған кезде қазақ тілді Википедианың айына 500 мыңға жуық бет қаралатын болса, бүгінде бүл көрсеткіш 8 миллионнан асып кетті. Айына 10 миллион бет қаралған рекордтық көрсеткіш 2012 жылдың қыркүйек айында тіркелді.
Қазақ Википедиасының қарқынды дамуы әлемдік вики-қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. 2011 жылдың тамыз айында Израильдің Хайфа қаласында өткен "Wikimania-2011" конференциясының қорытындысы бойынша Қазақстандық «WikiBilim» қоры «2011 жылдың ғаламдық википедиашысы» атағын иеленіп (СІоЬаІ Wikipediап оf tһе Үеаг), Википедианың негізін қалаушы Джимми Уейлстің (Jimmy Wales) арнайы грантын жеңіп алды.
50 мыңға жуық мақаласын онлайн энциклопедияға орналастыруға келісім берген «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы редакциясы жобаны іске асыруға зор үлес қосты. Сондай-ақ, жобаның ілгерлеуіне еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары да септік етті. Әсіресе, халықаралық ақпараттық технологиялар университеті студенттерінің еңбегі орасан.
«Википедиа» - әлемдегі ең танымал он интернет брендтің қатарында түрған жалғыз қоғамдық үлгідегі веб-сайт. Бұл - ғаламтордың әлеуметтік қуатын айғақтаған алғашқы интеллектуалдық және коммерциялық емес жоба. ВВС телекомпаниясы Википедианы «ҮоuТubе» жэне «Ғасеbоок»-пен қатар XXI ғасырдың ең танымал брендтерінің қатарына қосқан.
Әлемнің 285 тілінде жұмыс істейтін «Википедиа» энциклопедиясында 24 миллионға жуық мақала бар. Оның 4 миллионнан астамы ағылшын тілінде жазылған. Мақала саны миллиондық межеден асқан тағы үш тарау - неміс, француз жэне нидерланд тілдерінде жүмыс істейді. Орыс тіліндегі мақалалардың саны 900 мыңнан асқан.
«Қазақша Википедиа» жобасы ҚР Президент әкімшілігінің басшысы К.Қ.Мәсімовтің қамқорлығымен жүзеге асып жатқан қазақтілді мазмүнды дамытуға бағытталған жобалардың бірі. Аталмыш жобалардың қатарында «Қазақстанның ашық кітапханасы», Creative Commons лицензияларын насихаттау, "Google Тгаnslate" қызметіне қазақ тілін қосу, ТЕD лекцияларын аудару мен тарату және өзге де ғаламдық онлайн платформалар мен қызметтерді қазақ тіліне бейімдеп, көпшілікке ашу жэне еркін тарату бастамалары бар.