Шығыс Қазақстан жастары Елбасы Жолдауын қолдайды

15 Желтоқсан 2012, 13:00

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жария еткеніне небары бір тәулік қана уақыт өткенімен, жан-жақтағы жастардың Жолдауға қосқан ойлары, ізгі тілек-пікірлері редакция почтасын толассыз толтырып жатыр. Елдегі жерұйық мекендердің бірі әрі әлеуметтік-экономикалық дамуға қосып жатқан үлесі зор Шығыс Қазақстан облысының жастары да бұл орайда ойларын бүгіп қалған жоқ. Шығыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бастығы Жасұлан Сәрсебаев BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында аймақ жастарының саясат пен мәдениеттегі бастамалары жайлы айтып берді.  «Кеше Елбасы Жолдауын тыңдадық. Жалпы, қазіргі уақытта жастар саясатына мемлекет болып назар аударылып жатыр. Соның ішінде Елбасының тапсырмалары бойынша Білім министрлігі жанынан арнайы комитет құрылған. Жастар саясаты жөніндегі комитеттің міндеті - жер-жердегі жастар саясатын дамыту», - дей келе басқарма бастығы Шығыс Қазақстан жастары Елбасының тапсырмасын орындауға қажетті шараларды қолға алып үлгергенін де атап өтті.  «Шығыс Қазақстан облысының жастары Жолдауды қолдайды. Біз жұмыс жоспарларын әзірлеп те қойдық. Мысалы, осы жылдың аяғында біз жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «электронды биржаны» іске қосамыз. «Электронды биржаның» мақсаты - жұмыс іздеген жастарға мықты база дайындау», - дейді ол. Жасұлан Бірлікұлы келесі жылға көздеп отырған жоспарлары жайлы да сөз қозғады. «Келесі жылғы мақсат- Жолдаудың жеке-жеке тармақтары бойынша ауқымды жұмыстар атқару. Елбасы ауыл жастарының жағдайына да баса назар бөлді. Келесі жылдан бастап біз үлкен 34 ауылдық округта жастарға арналған ақпараттық орталықтар құрамыз. Оның үстіне, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қор құрылады. Облыс әкімінің көмегі де зор. Бұл жобалар Шығыс Қазақстан облысында ілкі жобалар ретінде жүзеге аспақ», - дейді Ж.Сәрсебаев. Шығыс Қазақстанның жастары саясаттан тыс мәдени өмірге де аса құлшыныспен қарайды. «Жолдауда айтылған тағы бір мәселе – ұлтаралық қатынасты нығайту болды. Өздеріңіз білесіздер, ШҚО көпұлтты аймақтардың бірі. Біз келесі жылы этнофестиваль ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының көп мүшелері үлкен кісілер. Міне, этнофестивальдің мақсаты – жастарға Ассамблея жұмысының мән-мағынасын түсіндіріп, жастарды Ассамблеяға тарту. Ұлтаралық келісімнің моделі жастарға лайықты болу керек. Президент атап өткендей, жастар 19-20 ғасырдағы үрдіспен жүрсе, көштен қалып қалады. Ұлтаралық келісім қағидаттарын да 21 ғасырға лайықтау керекпіз. Этнофестивальдің басты мақсаттарының бірі де осы», - деді өз ойын айтқан Ж.Сәрсебаев.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жария еткеніне небары бір тәулік қана уақыт өткенімен, жан-жақтағы жастардың Жолдауға қосқан ойлары, ізгі тілек-пікірлері редакция почтасын толассыз толтырып жатыр. Елдегі жерұйық мекендердің бірі әрі әлеуметтік-экономикалық дамуға қосып жатқан үлесі зор Шығыс Қазақстан облысының жастары да бұл орайда ойларын бүгіп қалған жоқ. Шығыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бастығы Жасұлан Сәрсебаев BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында аймақ жастарының саясат пен мәдениеттегі бастамалары жайлы айтып берді. 

«Кеше Елбасы Жолдауын тыңдадық. Жалпы, қазіргі уақытта жастар саясатына мемлекет болып назар аударылып жатыр. Соның ішінде Елбасының тапсырмалары бойынша Білім министрлігі жанынан арнайы комитет құрылған. Жастар саясаты жөніндегі комитеттің міндеті - жер-жердегі жастар саясатын дамыту», - дей келе басқарма бастығы Шығыс Қазақстан жастары Елбасының тапсырмасын орындауға қажетті шараларды қолға алып үлгергенін де атап өтті. 

«Шығыс Қазақстан облысының жастары Жолдауды қолдайды. Біз жұмыс жоспарларын әзірлеп те қойдық. Мысалы, осы жылдың аяғында біз жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «электронды биржаны» іске қосамыз. «Электронды биржаның» мақсаты - жұмыс іздеген жастарға мықты база дайындау», - дейді ол.

Жасұлан Бірлікұлы келесі жылға көздеп отырған жоспарлары жайлы да сөз қозғады.

«Келесі жылғы мақсат- Жолдаудың жеке-жеке тармақтары бойынша ауқымды жұмыстар атқару. Елбасы ауыл жастарының жағдайына да баса назар бөлді. Келесі жылдан бастап біз үлкен 34 ауылдық округта жастарға арналған ақпараттық орталықтар құрамыз. Оның үстіне, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қор құрылады. Облыс әкімінің көмегі де зор. Бұл жобалар Шығыс Қазақстан облысында ілкі жобалар ретінде жүзеге аспақ», - дейді Ж.Сәрсебаев.

Шығыс Қазақстанның жастары саясаттан тыс мәдени өмірге де аса құлшыныспен қарайды.

«Жолдауда айтылған тағы бір мәселе – ұлтаралық қатынасты нығайту болды. Өздеріңіз білесіздер, ШҚО көпұлтты аймақтардың бірі. Біз келесі жылы этнофестиваль ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының көп мүшелері үлкен кісілер. Міне, этнофестивальдің мақсаты – жастарға Ассамблея жұмысының мән-мағынасын түсіндіріп, жастарды Ассамблеяға тарту. Ұлтаралық келісімнің моделі жастарға лайықты болу керек. Президент атап өткендей, жастар 19-20 ғасырдағы үрдіспен жүрсе, көштен қалып қалады. Ұлтаралық келісім қағидаттарын да 21 ғасырға лайықтау керекпіз. Этнофестивальдің басты мақсаттарының бірі де осы», - деді өз ойын айтқан Ж.Сәрсебаев.

Бөлісу: