«Нұр Отан»: Біздің басты мақсатымыз – Елбасының жаңа саяси курсының негізгі бағытт

15 Желтоқсан 2012, 12:57

Сенбі күні, 15-ші желтоқсанда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында партияның Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі болып өтті, деп хабарлады Партияның баспасөз қызметі. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру міндеттері талқыланды.  «Бұл Жолдаудың ерекшелігі мемлекетіміздің бұдан әрі қарай ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық мақсаттарды айқындау болып табылады. Жаңа Жолдау Қазақстанның алдындағы жаһандық стратегия мен мүмкіндіктерге жол салған маңызды құжат ретінде бағаланды. Халықтың алдына болашақ ұрпақтың өсіп-өркендеуі және олардың туған еліне қызмет етуі үшін құлашын кең жазуға мүмкіндіктер берерліктей нақты міндеттер мен ауқымды жоспарлар қойылды. Демек, біздің еліміз ғаламдық деңгейдегі серпінді өрлеу келешегінің алдында тұр», - делінген баспасөз хабарламасында. «Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа сипатты стратегиялық бағдарламасы «Нұр Отан» партиясына Елбасы міндет еткен жаңаша мақсаттарға сай, барынша нақты және асқан жауапкершілікпен атқаруды жүктейді», - делінген ақпаратта. Боро мәжілісінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жаңа стратегиялық құжаттың маңызы туралы айта келіп, «Біз, нұротандықтар, Елбасымыздың ең сенімді серігі, басты тірегі ретінде, оның барлық тың ойлары мен бастамаларын ойдағыдай іске асыруға, халықтың жарқын болашағы мен еліміздің кемел келешегі үшін аянбай еңбек етуге тиіспіз», - деп атап өтті. Бюро мәжілісінде Қазақстан Республикасы Премьер-миннистрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков сөз сөйледі. «Нұр Отандықтар» Мемлекет басшысының ел алдына қойған міндеттері мен мақсаттарды іске асыруда басты жетекші осы партия болады деп сендіреді. BNews.kz

Сенбі күні, 15-ші желтоқсанда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында партияның Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі болып өтті, деп хабарлады Партияның баспасөз қызметі.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру міндеттері талқыланды. 

«Бұл Жолдаудың ерекшелігі мемлекетіміздің бұдан әрі қарай ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық мақсаттарды айқындау болып табылады. Жаңа Жолдау Қазақстанның алдындағы жаһандық стратегия мен мүмкіндіктерге жол салған маңызды құжат ретінде бағаланды. Халықтың алдына болашақ ұрпақтың өсіп-өркендеуі және олардың туған еліне қызмет етуі үшін құлашын кең жазуға мүмкіндіктер берерліктей нақты міндеттер мен ауқымды жоспарлар қойылды. Демек, біздің еліміз ғаламдық деңгейдегі серпінді өрлеу келешегінің алдында тұр», - делінген баспасөз хабарламасында.

«Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа сипатты стратегиялық бағдарламасы «Нұр Отан» партиясына Елбасы міндет еткен жаңаша мақсаттарға сай, барынша нақты және асқан жауапкершілікпен атқаруды жүктейді», - делінген ақпаратта.

Боро мәжілісінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жаңа стратегиялық құжаттың маңызы туралы айта келіп, «Біз, нұротандықтар, Елбасымыздың ең сенімді серігі, басты тірегі ретінде, оның барлық тың ойлары мен бастамаларын ойдағыдай іске асыруға, халықтың жарқын болашағы мен еліміздің кемел келешегі үшін аянбай еңбек етуге тиіспіз», - деп атап өтті.

Бюро мәжілісінде Қазақстан Республикасы Премьер-миннистрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков сөз сөйледі.

«Нұр Отандықтар» Мемлекет басшысының ел алдына қойған міндеттері мен мақсаттарды іске асыруда басты жетекші осы партия болады деп сендіреді.

BNews.kz

Бөлісу: