Ауыл шаруашылығы өнімдері Қазақстанның негізгі экспорттық тауарына айналуы тиіс – Елбасы

14 Желтоқсан 2012, 10:12

Ауыл шаруашылығы өнімдері Қазақстанның негізгі экспорттық тауарына айналуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. «Ауылда фермерлік шаруашылықты, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Ауыл шаруашылығын азық-түлік тауары Қазақстанның негізгі экспорттық өніміне айналатындай етіп дамыту керек. Бізде оған қажетті жағдайлардың бәрі жасалған», - деді Мемлекет басшысы.

Ауыл шаруашылығы өнімдері Қазақстанның негізгі экспорттық тауарына айналуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Ауылда фермерлік шаруашылықты, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Ауыл шаруашылығын азық-түлік тауары Қазақстанның негізгі экспорттық өніміне айналатындай етіп дамыту керек. Бізде оған қажетті жағдайлардың бәрі жасалған», - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу: