Жуырда "Ақ шаңырақ" мейрамханасында облыстық "Триумф" балы өтті. Оған облыс әкімі Нұралы Садуақасов арнайы қатысты.
Талабы таудай талантты жастарға қолдау жасауды мақсат тұтқан бал осымен үшінші мәрте ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтті. Іс-шараға облысқа қарасты аудандар мен ауылдардан ең үздік деген тоқсан оқушы шақырылды. Олар облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі өнер мен білім, спорт және шығармашылық, интелектуалдық байқаулардың, пән олимпиадаларының жеңімпаздары.
Қатысушылар 9-11 сынып аралығындағы оқушылар.
– Еліміз көркейіп, гүлденіп жатыр. Қазақстанның, Қостанайдың болашағы сіздер секілді жастардың барына мақтанамыз. Бүгінде жастардың білім алуына, қалаған сүйікті ісімен айналысуына барлық мүмкіндік жасалған. "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде білім алуға да болады. Болашақтың иесі жастарға сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімі Н.Садуақасов.
Кеш барысында үздік-тердің үздігіне құрмет көрсетіліп, 10 қатысушыны облыс әкімі Нұралы Мұстафаұлы өз қолымен марапаттап әрқайсысына планшет сыйлады. Қалған қатысушылардың әрқайсысына облыс әкімінің атынан марапаттау қағаздары мен сый-сияпаттар жасалды. Іс-шарада әсем әуендер шырқалып, вальс ырғағына қосыла билеген қыз-жігіттер кеш ажарын аша түсті.
Қазақ-түрік лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Жанкелді Сапаров сол күні облыс әкімінің марапатына ие болды. Ол республикалық дәрежедегі оқушылар арасындағы пәнаралық олимпиаданың 1-орын иегері. Жеңімпаз олимпиадада биология пәні бойынша бақ сынап, қатарластарынан басым түскен.
– Биология пәніне деген қызығушылығым 7-сыныптан басталды. Сол уақыттын бастап үш жыл қол үзбей дайындалдым. Ұстазым Ілияс Сакимов мені дайындап, ақыл-кеңесін айтты. Алғаш рет 8-сыныпта қатысқанымда орын ала алмадым. Бірақ оған бола жасымай білмегенімді үйреніп, қайта қатысып 1-орынды иелендім. Биология пәні өзіме ұнайтындықтан қиын ештеңесі жоқ. Мектеп бітірген соң да осы салада білімімді тереңдетіп, мықты маман болсам деймін, – деді Ж.Сапаров.
http://www.kostanay.gov.kz