11 Желтоқсан 2012, 08:44
Бүгін, «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бастамасымен Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры баспасөз мәслихатын өткізді. Аталған іс-шара Тұңғыш Президенттің тұлғалық болмысын жастарға дәріптеп, еңбек жолын насихаттап, жастар саясатын дамыту мақсатында жас журналистер арасында өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттауға арналды. Айта кетейік, байқауға «баспасөз», «радио», «телевизия» аталымдары бойынша журналистер мен жас ақындар қатысты. Бір ай бойы келіп түскен қырыққа жуық жұмысты саралап, үздік жұмысты анықтауға атсалысқан журналист Шархан Қазығұловтың сөзіне сүйенсек, мұндай байқаулар жастар шығармашылығын шыңдай түседі. Жастарға қолдау керек. Сондай-ақ, қатарының алды болуға ұмтылған өнерпаздарға жол ашу керек.
Айта кету керек, байқауда 29 жасқа дейінгі жастар мен студенттер бақ сынады. Журналистер жастар саясатына арналған материалдар дайындаса, ақындар 2 өлеңнен жазып бәйгеге түскен. Ол өлеңнің бірі – ҚР Тұңғыш Президентіне арналса, екіншісі – еркін тақырыпқа жазылған.
«Баспасөз» аталымы бойынша І орын – Ақтолыс Айтбозымға, «радио» аталымы бойынша І орын – Құралай Жұмахановаға, ал, ақындар арасында І орын – Ербол Қабылдаұлына бұйырды.
Дереккөзі: astana.kz