Бұдан отыз жыл бұрын

10 Желтоқсан 2012, 05:57

  Совет жазушыларының Бүкілодақтық 1 съезі 1934 жылғы августың 17 күні Москвада Советтер үйінің колонналы залында ашылды. Алексей Максимович Горькийдің «170 миллион адамды құшағына алған Советтік Социалистік Республикалар Одағы әдебиетшілерінің жер жүзі тарихында болып отырған тұңғыш съезін мақтан ете қуанышпен ашамын»... деген сөзі әлі күнге құлағымда... Жазушылардың бұл Бүкілодақтық бірінші съезіне Қазақстаннан делегат болып Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов және мен қатынастым.   Суреттен ғана болмаса мен бұған дейін Горькийдің өзін бетпе-бет көрмеген едім. Маған оның қапсағай келген бойы да, салалы саусақты ұзын қолдары да, «Ана» романының арналы-арналы жолдарындай жосылып жатқан маңдай сайлары да қыран мұрны мен шалғылы мұрты да, күре тамырлары тарамдана сыртқа тепкен сұңғақ мойны мен өткір көздері де құдіретті сөздің ұшқынын атып тұрған алып сияқты көрінеді.   Алексей Максимович сөзін әрі ақырын, әрі салмақты, сабырлы лебізбен кейде әнтек, дірілді сазбен іркіп-іркіп сөйлеп өзінің шар тартқан жасына тән қоңыр үнін залға еркін жеткізіп тұрды. Оның сөзін ложада отырған алтын пернелі, ақ шашты шет елден келген қонақ жазушылар да ынтыға тыңдады.   Ол кезде мен жиырма алты жасар жас ақын едім. Бұрын аттарын ғана естіген үлкен суреткерлерге қызыға қараймын. А. Фадеев, Д. Бедный, А. Жаров, А. Везыменский, Д. Алтаудин, В Луговской; Ал. Толстой, К. Федин, Л. Соболев, В. Гусев сияқты өзім шығармаларын сүйіп оқитын жазушыларды көргендегі қуанышымда шек жоқ еді. Бір жағынан мақтаныш сезімі де билейді. Горкийдің поэзия жайында айтқандарына құлақты көбірек тостым. «Проза мен поэзияның биік сапасы үшін күресте біз тақырыптың жаңалығы мен оны тереңдете білуге, тілдің тазалығы. мен үнділігіне зер салуға тиістіміз», – дегенді айтты ол. Сонымен қатар Маяковский мен Прокофьевтің талантты ақындар екенін айта келе олардың өлең жолдарында гиперболизмге беріліңкіреп кететінін, поэзияда гиперболаның артық қолданылса, зиянды екенін ескертіп мысалдар келтірді.   Ауыз әдебиетін жинап, зерттей отыра, оны өңдей отыра, одан үйрену қажеттігін айта келіп, поэзия інжуін жасай алатын Сүлейман сияқтыларды сақтай білу керектігін ескертті. Ұлт республикаларының поэзиясы мен прозасын орысшаға аударылып, альманах ретінде басылып тұрса өте пайдалы болатындығын айтты.   1934 жылдары біздің қазақ жазушыларының ұлт іргесі 30-35 шамалы-ақ болатын да, ал белсене жазып, басылып жарыққа шығып жүретіндері 10-12 шамасы десек қателеспес едік. Роман деген саусақпен санағандай-ақ болатын, поэмада шын мағынасында шыңына шықпаған-ды. Ол кездегі дастандардан ауызға алатынымыз С. Мұқановтың «Сұлушашы», «Октябрь өткелдері», «Жетім қыздың әңгімесі», Сәкен Сейфуллиннің «Лашын әңгімесі», «Көкшетау», «Альбатростары», Ілияс Жансүгіровтің «Күй», «Кәмпеске», «Даласы» еді. Иса Байзақовтың «Құралай сұлуы» сияқтылар және бірқатар дастандар болатын.   Ол кездегі өлеңдеріміздің басым жағы азаматтық поэзия тұрғысында жазылып келді. Жырымыздың көлемі ұзақтау, сөзі көптеу және бояуы қалыңдау, әрі жалпылама боп келетін. Ол кезде Қазақстанда біріккен бір-ақ баспа орны бар-ды. Кітап әрі аз басылатын, әрі көркемдік, шеберлік сапасы оншалық биік сатыда емес-ті. Мысалы осы жағдайларды еске түсіріп отырсақ, бүгін әлдеқайда биікке шырқап өскенімізді көреміз. Қазір бізде мемлекеттік баспа, оқулық баспасы, ауылшаруашылық баспасы, Академия баспасы және көркем әдебиет баспасы «Жазушы» баспасы бар.   1934 жылы Қазақстанда не барлығы 197 кітап басылып шықса, қазір әдебиет баспасының өзі жыл сайын 300-360 кітап шығарып отырады. Демек, тек көркем шығарманың өзінен күн сайын бір кітаптан басып шығарады екенбіз. Бұл қазақ совет әдебиетінің сан жағынан да, сапа жағынан да шырдай өскендігінің айғағындай. Бұдан 30 жыл бұрын 30 шақты ғана жазушы болса, қазір Қазақстанда Жазушылар одағының тек қана мүшелерінің өзі 230-ға тарта.   М. Әуезовтің «Абай жолы», С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат», «Менің мектептерім», Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», «Қарағандысы»; X. Есенжановтың «Ақ Жайық» романы; Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндері»; Б. Момышұлының «Москва үшін»; Ғ. Слановтың «Асау арна», «Кең өріс» тағы да толып жатқан романдар мен жүздеген повестер өскендігіміздің кепілі. Поэзиямыз да аршындап алға басты. Бұлардың ішінде жұртшылық мақтауын алып, көзге түскендері де аз емес.   1934 жылдары одақ көлемінде көрінетіндей орысшаға аударылған кітабымыз жоққа тән еді, бүгін отыздаған проза кітаптарымыз, елулеген поэма, өлеңдеріміз орысшаға аударылып бүкіл одақ көлеміне, айта берсек, кей шығармаларымыз жер жүзіне мәлім болып отыр.   Данышпан Горький бастаған социалистік реализм әдісімен өсіп-өркендеп келе жатқан қазақ совет әдебиеті де Одағымыздағы көп ұлтты, алуан тілдегі әдебиетімізбен етенелес өсіп, биікке қанат қағуда.   Мұның бәрі партиямыздың әдебиетімізге деген аталық қамқорлығының арқасында болып отыр.   Қазақстан жазушыларының алдында тұрған әлде де асқар таудай міндеттер бар. Ол міндет – көркемдік шеберлігі шыныққан, идеясы ұстамды да биік, жаңа туындылар жасау, заманымыздың геройларын, өміріміздің адам айтқысыз әдемілігін суреттеп беру.   Мен, өз қаламдастарымды өмірді Горькийше жырлай білуге шақырамын!     

 

Совет жазушыларының Бүкілодақтық 1 съезі 1934 жылғы августың 17 күні Москвада Советтер үйінің колонналы залында ашылды. Алексей Максимович Горькийдің «170 миллион адамды құшағына алған Советтік Социалистік Республикалар Одағы әдебиетшілерінің жер жүзі тарихында болып отырған тұңғыш съезін мақтан ете қуанышпен ашамын»... деген сөзі әлі күнге құлағымда... Жазушылардың бұл Бүкілодақтық бірінші съезіне Қазақстаннан делегат болып Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов және мен қатынастым.
 
Суреттен ғана болмаса мен бұған дейін Горькийдің өзін бетпе-бет көрмеген едім. Маған оның қапсағай келген бойы да, салалы саусақты ұзын қолдары да, «Ана» романының арналы-арналы жолдарындай жосылып жатқан маңдай сайлары да қыран мұрны мен шалғылы мұрты да, күре тамырлары тарамдана сыртқа тепкен сұңғақ мойны мен өткір көздері де құдіретті сөздің ұшқынын атып тұрған алып сияқты көрінеді.
 
Алексей Максимович сөзін әрі ақырын, әрі салмақты, сабырлы лебізбен кейде әнтек, дірілді сазбен іркіп-іркіп сөйлеп өзінің шар тартқан жасына тән қоңыр үнін залға еркін жеткізіп тұрды. Оның сөзін ложада отырған алтын пернелі, ақ шашты шет елден келген қонақ жазушылар да ынтыға тыңдады.
 
Ол кезде мен жиырма алты жасар жас ақын едім. Бұрын аттарын ғана естіген үлкен суреткерлерге қызыға қараймын. А. Фадеев, Д. Бедный, А. Жаров, А. Везыменский, Д. Алтаудин, В Луговской; Ал. Толстой, К. Федин, Л. Соболев, В. Гусев сияқты өзім шығармаларын сүйіп оқитын жазушыларды көргендегі қуанышымда шек жоқ еді. Бір жағынан мақтаныш сезімі де билейді. Горкийдің поэзия жайында айтқандарына құлақты көбірек тостым. «Проза мен поэзияның биік сапасы үшін күресте біз тақырыптың жаңалығы мен оны тереңдете білуге, тілдің тазалығы. мен үнділігіне зер салуға тиістіміз», – дегенді айтты ол. Сонымен қатар Маяковский мен Прокофьевтің талантты ақындар екенін айта келе олардың өлең жолдарында гиперболизмге беріліңкіреп кететінін, поэзияда гиперболаның артық қолданылса, зиянды екенін ескертіп мысалдар келтірді.
 
Ауыз әдебиетін жинап, зерттей отыра, оны өңдей отыра, одан үйрену қажеттігін айта келіп, поэзия інжуін жасай алатын Сүлейман сияқтыларды сақтай білу керектігін ескертті. Ұлт республикаларының поэзиясы мен прозасын орысшаға аударылып, альманах ретінде басылып тұрса өте пайдалы болатындығын айтты.
 
1934 жылдары біздің қазақ жазушыларының ұлт іргесі 30-35 шамалы-ақ болатын да, ал белсене жазып, басылып жарыққа шығып жүретіндері 10-12 шамасы десек қателеспес едік. Роман деген саусақпен санағандай-ақ болатын, поэмада шын мағынасында шыңына шықпаған-ды. Ол кездегі дастандардан ауызға алатынымыз С. Мұқановтың «Сұлушашы», «Октябрь өткелдері», «Жетім қыздың әңгімесі», Сәкен Сейфуллиннің «Лашын әңгімесі», «Көкшетау», «Альбатростары», Ілияс Жансүгіровтің «Күй», «Кәмпеске», «Даласы» еді. Иса Байзақовтың «Құралай сұлуы» сияқтылар және бірқатар дастандар болатын.
 
Ол кездегі өлеңдеріміздің басым жағы азаматтық поэзия тұрғысында жазылып келді. Жырымыздың көлемі ұзақтау, сөзі көптеу және бояуы қалыңдау, әрі жалпылама боп келетін. Ол кезде Қазақстанда біріккен бір-ақ баспа орны бар-ды. Кітап әрі аз басылатын, әрі көркемдік, шеберлік сапасы оншалық биік сатыда емес-ті. Мысалы осы жағдайларды еске түсіріп отырсақ, бүгін әлдеқайда биікке шырқап өскенімізді көреміз. Қазір бізде мемлекеттік баспа, оқулық баспасы, ауылшаруашылық баспасы, Академия баспасы және көркем әдебиет баспасы «Жазушы» баспасы бар.
 
1934 жылы Қазақстанда не барлығы 197 кітап басылып шықса, қазір әдебиет баспасының өзі жыл сайын 300-360 кітап шығарып отырады. Демек, тек көркем шығарманың өзінен күн сайын бір кітаптан басып шығарады екенбіз. Бұл қазақ совет әдебиетінің сан жағынан да, сапа жағынан да шырдай өскендігінің айғағындай. Бұдан 30 жыл бұрын 30 шақты ғана жазушы болса, қазір Қазақстанда Жазушылар одағының тек қана мүшелерінің өзі 230-ға тарта.
 
М. Әуезовтің «Абай жолы», С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат», «Менің мектептерім», Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», «Қарағандысы»; X. Есенжановтың «Ақ Жайық» романы; Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндері»; Б. Момышұлының «Москва үшін»; Ғ. Слановтың «Асау арна», «Кең өріс» тағы да толып жатқан романдар мен жүздеген повестер өскендігіміздің кепілі. Поэзиямыз да аршындап алға басты. Бұлардың ішінде жұртшылық мақтауын алып, көзге түскендері де аз емес.
 
1934 жылдары одақ көлемінде көрінетіндей орысшаға аударылған кітабымыз жоққа тән еді, бүгін отыздаған проза кітаптарымыз, елулеген поэма, өлеңдеріміз орысшаға аударылып бүкіл одақ көлеміне, айта берсек, кей шығармаларымыз жер жүзіне мәлім болып отыр.
 
Данышпан Горький бастаған социалистік реализм әдісімен өсіп-өркендеп келе жатқан қазақ совет әдебиеті де Одағымыздағы көп ұлтты, алуан тілдегі әдебиетімізбен етенелес өсіп, биікке қанат қағуда.
 
Мұның бәрі партиямыздың әдебиетімізге деген аталық қамқорлығының арқасында болып отыр.
 
Қазақстан жазушыларының алдында тұрған әлде де асқар таудай міндеттер бар. Ол міндет – көркемдік шеберлігі шыныққан, идеясы ұстамды да биік, жаңа туындылар жасау, заманымыздың геройларын, өміріміздің адам айтқысыз әдемілігін суреттеп беру.
 
Мен, өз қаламдастарымды өмірді Горькийше жырлай білуге шақырамын!
  
 
Бөлісу: