Шымкенттік есепші «Қазақстан аруы-2012» атанды

9 Желтоқсан 2012, 05:16

«Қазақстан аруы-2012» атағын 21-жастағы «Шымкент аруы» Жазира Нұрымбетова жеңіп алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Ақтөбе аруы» Әлия Мұханова (22 жаста) бірінші вице-мисс атанды. Екінші вице-мисс атағына Астана қаласының атынан қатысқан Гүлстан Омарова (20 жаста) қол жеткізсе, үшінші жүлделі орын алматылық Карина Жетесоваға (24 жаста) бұйырды.  «Қазақстан аруы-2012» Жазира Нұрымбетова «Шымкент аруы» ретінде мойындап, сенім артқан ата-анасы мен өзі есепші болып жұмыс істейтін мемлекеттік мекеменің директорына алғыс айтады. Айтпақшы, Жазираның сөзіне қарағанда, оның әріптестері «Шымкент аруы» атағын жеңіп алғанын әлі білмейтін көрінеді. «Мен бақыттымын, жеңісті күтпеген едім. Әрине, армандағаным рас, мұны әрбір қыз армандайды. Жеке өмірім туралы құпия болып қалғанын қалаймын», - деп ой бөлісті Қазақстанның ең сұлу қызы. «Қыздардың барлығы бұл атаққа лайық деп ойлаймын, өз қалаларында жеңіске жеткен. Мүмкін мен бүгін қазылар үшін үздік көрінген шығармын», - деп толықтырды ол.

«Қазақстан аруы-2012» атағын 21-жастағы «Шымкент аруы» Жазира Нұрымбетова жеңіп алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ақтөбе аруы» Әлия Мұханова (22 жаста) бірінші вице-мисс атанды. Екінші вице-мисс атағына Астана қаласының атынан қатысқан Гүлстан Омарова (20 жаста) қол жеткізсе, үшінші жүлделі орын алматылық Карина Жетесоваға (24 жаста) бұйырды. 

«Қазақстан аруы-2012» Жазира Нұрымбетова «Шымкент аруы» ретінде мойындап, сенім артқан ата-анасы мен өзі есепші болып жұмыс істейтін мемлекеттік мекеменің директорына алғыс айтады. Айтпақшы, Жазираның сөзіне қарағанда, оның әріптестері «Шымкент аруы» атағын жеңіп алғанын әлі білмейтін көрінеді.

«Мен бақыттымын, жеңісті күтпеген едім. Әрине, армандағаным рас, мұны әрбір қыз армандайды. Жеке өмірім туралы құпия болып қалғанын қалаймын», - деп ой бөлісті Қазақстанның ең сұлу қызы.

«Қыздардың барлығы бұл атаққа лайық деп ойлаймын, өз қалаларында жеңіске жеткен. Мүмкін мен бүгін қазылар үшін үздік көрінген шығармын», - деп толықтырды ол.

Бөлісу: