Жамбы ату

4 Қараша 2012, 22:25

Ойын қазақтың ұлттық спорттық «Жамбы ату» ойыны негізінде жасалған. Дәстүрлі ұлттық ойында атқа салт мінген қатысушы шапқан аттың екпінімен өтіп бара жатып, жоғарыға ілінген жамбыны атып түсіру керек болған.

Ойын қазақтың ұлттық спорттық «Жамбы ату» ойыны негізінде жасалған. Дәстүрлі ұлттық ойында атқа салт мінген қатысушы шапқан аттың екпінімен өтіп бара жатып, жоғарыға ілінген жамбыны атып түсіру керек болған. Бұл ойында біз осы дәстүрлі ойынның элементтерін барынша қамтуға тырыстық. Алайда мұндағы қатысушы ат үстінде емес, жерде тұрып, жоғарыға лақтырылатын нысаналарға бағыттап садақ тартады. Ойынға қатысушы лақтырылған жамбыларға жағын тінтуір арқылы дәлдеп, атып тигізуі тиіс. Ойынның басты мақсаты – ретімен күрделене түсетін 5 деңгейден сүрінбей өту. Әрбір деңгейде 1 минут беріледі, осы уақыт ішінде 10 жамбыға дәл тигізуі шарт. Шартты орындай алмаған ойыншы ұтылған болып саналады. Деңгейден деңгейге өту барысында ойын күрделене түсіп, жамбылар көлемі кішірейіп, қозғалыс қарқыны артады.

Ойын алғашқы кезеңнен-ақ жалықтырмас үшін әрбір тигізілген нысанаға ұпай беріліп отырады. Бұл келесі ретте ойыншының ойын нәтижесін ары қарай арттыруына мүмкіндік береді. Ұпай мөлшері ойыншының қандай жамбыға және қандай биіктікте тигізгендігіне байланысты: алтын жамбы үшін жоғары ұпай, күміс жамбыға орташа, қола жамбыға ең төменгі ұпай саны беріледі. Әрбір деңгейдің соңынан жинаған ұпай саны көрсетіледі.

Бөлісу: