9 Желтоқсан 2012, 05:04
Өскемен қаласында өмірден қыршын өткен дарынды режиссер, актер, ақын-драматург Рүстем Есдәулетті еске алу шарасы өткізілмекші, деп хабарлайды BAQ.kz.
Орда бұзар шағында қыршын кеткен Рүстем Оразбайұлы Есдәулет Алашқа есімі мәшһүр болып келе жатқан талантты жастың бірі еді. Ол - «Бөрі-нама» жыр жинағының авторы. Бірқатар мүшәйралар мен әдеби байқаулардың жеңімпазы атанған ақынның өлеңдері «ХХI ғасыр ақындарының антологиясына» және басқа да ұжымдық жинақтарға енген.
Талантты режиссер Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының директоры әрі бас режиссері қызметін атқарды. 2008 жылы «Дарын» жастар сыйлығын алды. Театр ұжымы жас режиссер жетекшілік еткен жылдары бірнеше рет халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған. Рүстем Есдәулет 2009 жылдың 25 қарашасында көз жұмды.
Еске алу шарасы бүгін, 9 жетоқсанда Ж.Жабаев атындағы театрда өтпекші.