8 Желтоқсан 2012, 15:11
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен хат келді, деп хабарлады BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
В.Путин өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқына өтінішті Астананың жеңіп алуымен құттықтаған.
«Бұл ауқымды іс-шара достас Қазақстанның тарихы мен дәстүрін, әлеуметтік-экономикалық жаңаруларының жоғары нәтижелерін әлемдік қоғамдастыққа көрсетеді, Республиканың халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін», - делінген хатта.
В.Путин Ресей екі арасында қалыптасқан стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды жалғастыра отырып, Астананың кандидатурасын алға жылжытуға белсенділікпен атсалысқанын атап өткен. Ол Екатеринборда ЭКСПО-2020 көрмесін өткізу туралы ресейлік тараптан берілген өтінішке байланысты тығыз өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасылатынына сенім білдіреді.
Ресей Федерациясының Президенті Мемлекет басшысына және Қазақстанның барша халқына игілік, өсіп-өркендеу және жаңа табыстар тілейді.