Бала кезден басталса

8 Желтоқсан 2012, 07:06

    «Экология» деген сөзді жиі қолданып жүргенімізбен, оның құлаққа әбден сіңісті болып кеткенімен, мән-мағына, байыбына әлі жете қоймағанымыз ақиқат. Оған өткен заман да кері әсер еткен болар, бірақ ең бастысы − осы сөздің, ұғымның айналасындағы мәселелердің қаншалықты екендігін түсінбеуіміз. Айта кету керек, баспасөз бетінде жиі пайдаланылатын осы сөз табиғаттың ластануы мен бұзылуы дегенді білдірмейді. Экология − өлі табиғат пен тірі табиғаттың, адам қоғамының ішкі өмір сүру тәртібі, өзара тығыз байланыс нәтижесінде қалыптасқан тепе-тендік, өзара қажеттілік. Сәл өзгеріс болашақтағы үлкен сапалық өзгертудің басы болмақ, аталмыш ғылым осы қажеттілік, заңдылық, тепе-теңдікті зерттейді.   Мектеп бағдарламасында экология мен табиғат қорғау тақырыбы бұрыннан да бар. Дегенмен, ол көбіне бізден алысырақ өлкелерді сипаттаумен шектеліп келгенін жоққа шығармаймыз. Биылдан бастап замана талабына сай география пәнінде өлке табиғатына, жалпы географиясына ерекше көңіл бөліне бастады. Бұрынғы бір сағаттың орнына енді бір тоқсан бойы Маңғыстау географиясын оқытып отырмыз. Экология, қоршаған ортаға байланысты мәселелер бүкіл курстың бойына ендірілген, яғни әрбір сабақ осылармен қорытындылады. Мұндағы өзекті жай: «өз ауылындағы аталмыш проблемаларды білмейінше, оны қалай шешудің жолдарын ойластырмайынша, елдің, бүкіл жердің табиғатына деген бейғам көзқарасты өзгерту мүмкін емес».   Экологиялық тәрбие беру мына бағыттарға бөлініп оқытылады. Бірінші, климаттық, жер бедерінің, тіршілік иелерінің Маңғыстау жеріндегі өмір сүру заңдылықтарын білуге ұмтылу. Шөл даладағы өсімдіктер мен жануарлар экологиясын білмейінше, оған адамның тигізетін әсері жөнінде білу мүмкін емес.   Екінші, адамның қандай әрекетінің табиғи ортаға кері әсер беретіндігі. Біздің малшылығымыз, аздаған егіншілігіміз, кәсіпорындарымыз бен кен орындарымыздың қандай табыс пен зардап әкеліп отырғандығы айтылады. Үшінші, адам мен табиғаттың арасындағы қайшылықтарды бәсеңсіту, зиянды кәсіптерді, әрекеттерді алмастыру мәселесі қарастырылады. Төртінші, табиғатқа деген тоғышарлық, мәңгүрттік көзқарасты өзгертуге ұмтылу. Ол үшін Маңғыстаудың сырт көзге сұрқай, көңілсіз көрінісінен әдемілік пен өзіндік ерекшеліктерді іздеп табу, көре білу, кеңінен насихаттау. Онсыз айналамыздағы «көрінбейтін өмірді» түсінуіміз мүмкін емес. Ал табиғат әрқашан да қателік үшін кек алады.   Осы бағыттарға сай бағдарлама жасалынып, алғашқы сынақтан өтті. Оқулықтың болмауына байланысты оқытудағы жіптің күрмеуі өте қысқа болды, кеңейтуге мүмкіндік бере алған жоқ. Дегенмен дәстүрлі тақырыптармен қатар «Киелі орындар географиясы», «Көрікті жерлер географиясы», «Табиғаттың эстетикалық ресурстары», «Медициналық және патологиялық географияларға кіріспе», тағы басқа тақырыпшалар енгізілді.   Маңғыстау ауданы мен Шетпе кентінің экологиялық мәселелерін оқушыларға математикалық әдіспен талдау, экологиялық ахуалды цифрлар тілімен сөйлету енді-енді жолға қойылып келеді. Осы бағытта биылдан бастап аудандық экология және биоресурстар жөніндегі мекемемен тұрақты байланыс орнатылып, көптеген статистикалық мәліметтер алып тұруға мүмкіндік алдық. Мұның өзі мамыр айының 14-де өткен республикалық «Атамекен» экспедициясының облыстық көрмесінде біздің үшінші орын алуымызға мүмкіндік берді. Бұл №3 мектептің 8 класының еңбегі, рас, істелінгеннен істелінбегені әлі көп. Әсіресе практика жүзінде тануға, туған өлкені аралап танысуға мүмкіндік тіпті де азайып кетті. Сонда да болашақтан сенім бар. Өйткені табиғатты танып-біліп қорғау бала кезден басталса, нәтижелірек болары сөзсіз.   «Маңғыстау» газеті. 1993 жыл, 4 маусым

 

 
«Экология» деген сөзді жиі қолданып жүргенімізбен, оның құлаққа әбден сіңісті болып кеткенімен, мән-мағына, байыбына әлі жете қоймағанымыз ақиқат. Оған өткен заман да кері әсер еткен болар, бірақ ең бастысы − осы сөздің, ұғымның айналасындағы мәселелердің қаншалықты екендігін түсінбеуіміз. Айта кету керек, баспасөз бетінде жиі пайдаланылатын осы сөз табиғаттың ластануы мен бұзылуы дегенді білдірмейді. Экология − өлі табиғат пен тірі табиғаттың, адам қоғамының ішкі өмір сүру тәртібі, өзара тығыз байланыс нәтижесінде қалыптасқан тепе-тендік, өзара қажеттілік. Сәл өзгеріс болашақтағы үлкен сапалық өзгертудің басы болмақ, аталмыш ғылым осы қажеттілік, заңдылық, тепе-теңдікті зерттейді.
 
Мектеп бағдарламасында экология мен табиғат қорғау тақырыбы бұрыннан да бар. Дегенмен, ол көбіне бізден алысырақ өлкелерді сипаттаумен шектеліп келгенін жоққа шығармаймыз. Биылдан бастап замана талабына сай география пәнінде өлке табиғатына, жалпы географиясына ерекше көңіл бөліне бастады. Бұрынғы бір сағаттың орнына енді бір тоқсан бойы Маңғыстау географиясын оқытып отырмыз. Экология, қоршаған ортаға байланысты мәселелер бүкіл курстың бойына ендірілген, яғни әрбір сабақ осылармен қорытындылады. Мұндағы өзекті жай: «өз ауылындағы аталмыш проблемаларды білмейінше, оны қалай шешудің жолдарын ойластырмайынша, елдің, бүкіл жердің табиғатына деген бейғам көзқарасты өзгерту мүмкін емес».
 
Экологиялық тәрбие беру мына бағыттарға бөлініп оқытылады. Бірінші, климаттық, жер бедерінің, тіршілік иелерінің Маңғыстау жеріндегі өмір сүру заңдылықтарын білуге ұмтылу. Шөл даладағы өсімдіктер мен жануарлар экологиясын білмейінше, оған адамның тигізетін әсері жөнінде білу мүмкін емес.
 
Екінші, адамның қандай әрекетінің табиғи ортаға кері әсер беретіндігі. Біздің малшылығымыз, аздаған егіншілігіміз, кәсіпорындарымыз бен кен орындарымыздың қандай табыс пен зардап әкеліп отырғандығы айтылады. Үшінші, адам мен табиғаттың арасындағы қайшылықтарды бәсеңсіту, зиянды кәсіптерді, әрекеттерді алмастыру мәселесі қарастырылады. Төртінші, табиғатқа деген тоғышарлық, мәңгүрттік көзқарасты өзгертуге ұмтылу. Ол үшін Маңғыстаудың сырт көзге сұрқай, көңілсіз көрінісінен әдемілік пен өзіндік ерекшеліктерді іздеп табу, көре білу, кеңінен насихаттау. Онсыз айналамыздағы «көрінбейтін өмірді» түсінуіміз мүмкін емес. Ал табиғат әрқашан да қателік үшін кек алады.
 
Осы бағыттарға сай бағдарлама жасалынып, алғашқы сынақтан өтті. Оқулықтың болмауына байланысты оқытудағы жіптің күрмеуі өте қысқа болды, кеңейтуге мүмкіндік бере алған жоқ. Дегенмен дәстүрлі тақырыптармен қатар «Киелі орындар географиясы», «Көрікті жерлер географиясы», «Табиғаттың эстетикалық ресурстары», «Медициналық және патологиялық географияларға кіріспе», тағы басқа тақырыпшалар енгізілді.
 
Маңғыстау ауданы мен Шетпе кентінің экологиялық мәселелерін оқушыларға математикалық әдіспен талдау, экологиялық ахуалды цифрлар тілімен сөйлету енді-енді жолға қойылып келеді. Осы бағытта биылдан бастап аудандық экология және биоресурстар жөніндегі мекемемен тұрақты байланыс орнатылып, көптеген статистикалық мәліметтер алып тұруға мүмкіндік алдық. Мұның өзі мамыр айының 14-де өткен республикалық «Атамекен» экспедициясының облыстық көрмесінде біздің үшінші орын алуымызға мүмкіндік берді. Бұл №3 мектептің 8 класының еңбегі, рас, істелінгеннен істелінбегені әлі көп. Әсіресе практика жүзінде тануға, туған өлкені аралап танысуға мүмкіндік тіпті де азайып кетті. Сонда да болашақтан сенім бар. Өйткені табиғатты танып-біліп қорғау бала кезден басталса, нәтижелірек болары сөзсіз.
 
«Маңғыстау» газеті. 1993 жыл, 4 маусым
Бөлісу: