Тағы да Қарқаралының шаруашылық жайынан

8 Желтоқсан 2012, 06:54

Мінеки байлар, жуандар бастаған кооперация (шаруашылық) Қарқаралының елдерінде шаруашылық, ұйымдарын билеп, жеп отырғандар кімдер екендіктері талай жазылып өткен еді. Онда пәлендей деп аттары арналып жазылмай, жалпы айтылып кеткен болатын. Енді сол жазғандарымызды қуаттау үшін 1-2 кооператив бастықтарының, істеген жұмыстарын әлеумет алдына жарияламақ боламын. Қотан, Балқаш елінде екі шаруашылық ұйымы бар. Мұның бірі «Сәуле» атты, екіншісі «Балықшы» атты. Тоқырауын елінде «Тоған» деген ұйым бар. «Сәуле»нің бастықтары Жантоқа баласы Тұрымбек, Нармамбет баласы Мақсұт, бұл екеуі Николайдың старшины болған, Қарқаралының оңтүстігінде, Балқаш жағында ең атақты алаяқтар. Бұлар күзден бері «Береке» деген (Қарқаралыдағы кіндік ұйым), «Сәуле» ұйымы 3526 сом 86 тыйындық нәрсе алған, «Тоған» ұйымы 1629 сом 73 тыйындық нәрселер алған. «Балықшы» ұйымы 2721 сом 73 тыйындық нәрсе алған. Осылардың әсіресе «Сәуле» мен «Тоған» ұйымдарының жұмыстары құлаққа нашар естіліп, Қарқаралыдан «Береке» ұйымы арқылы мұнда қызметте тұратын Тоқтарбек ұлы мен Әзімбай ұлы Омар дегендер шығып, айтылған ұйымдардың жұмыстарын тексертіп (тексеру комиссияларымен) қолдарындағы даярланған заттарын тез қалаға жеткіздіруге қам қылмақ болған еді. Сонда «Тоған» ұйымының билеушісі атақты жалмауыз жуан-жұдырық, жеті атасынан ел билеген Қатар Ербекей ұлы, Тоқтарбек ұлының қаладан шыққанын есітіп, асығып-үсігіп табылмайтын болып, тексеру бермейтін амалымен қалаға қашып келіп, «Береке» ұйымынан даярланған заттарды ұйымға тапсырмай өз бетімен Қарқаралыда сауда қылып тұрған Қазақстан мемлекет сауда дүкеніне (Киргосторг) сатып, «Береке» ұйымына бір азғана (қылған пайдасынан) ақша беріп, басқа ақшаларына қалада бірнеше күн жатып, алып-сатарлық қылып, аяғында шашындай жай адамдардан кездеме алып, «Береке» көзіне кұм құйдым деп кетіп қалған. Бұл мұнымен тұра тұрсын. Екінші «Сәуле» ұйымына барған нұсқаушы Омар Азамбай жолдасқа жуандар жөнді есеп бермейтін болса да, Омар өзінің талапты жігерлерімен қоймастан есеп алғанда, қысқасынан айтқанда, барлық жұмыстары, ғылым жолы көрсеткен шаруашылық, ретімен болмай жай сауда-саттық жолымен болып, жұртты бұрынғы саудагерлерден де жаман жегендігі анықталған. Мәселен, бір жаздың ішінде барлық кіріс: 1908 сом 84 тыйындық, расход (шығыс) 1933 сом 49 тыйын болған. Сөйтіп кірістен (доходтан) расходы 125 сом 65 тыйындық артылып жіберген. Мұнда «Сәуле» бастығы Жантоқа ұлы Тұрсынбек өзінің үйін пәтер атына жазып қойып, онда түк істемесе де, құр атағына айына 25 сомнан алып отырған, Тұрсымбек баласы Ақжан ұйымның («Сәуле»нің) барлық жұмыстарын жүргізетін уәкілі болған. Бұл «мырза әкесінен бес есе артық — «Ұяда не көрсе соны қылмақ қой!» Әкесі Тұрсымбек ауылдағыны жей тұрсын, енді мына баласы Ақжайның өнерін жаза кетсем қызға айтып, келінге тыңдатармыз: Жоғарыда айтылған нұсқаушы Омар «Сәуле» жұмыстарын қарастырып, қолындағы даярланған заттарды қаладағы кіндік ұйым «Береке» басқармасына жеткізуге міндетті қылып, қолына законды тілхат алып өзі басқа бір ұйымдарға жүріп кетеді. Артынан көп кешікпей-ақ, Жантоқа ұлы баласы Ақжанды уәкіл қылып бір құлаш мандат 'беріп жөнелтеді. Осы жылдың февраль аяғында Ақжан қалаға заттарды алып келсе, «Береке» дүкенінде түк жоқ. Ақжан кеудесін шаптан кернейді. Алып келген заттарды «Береке»ге берсе, қазір алып қайтатын онда дәнеме жоқ. Сол себепті заттардың (аң терілердің) ылғи жамандарын «Береке»ге беріп, жақсыларын ұялмай тағы да Киргосторг конторына сатады. Қол хатын ұмытады. Киргосторгте нәрсе мол. Ақша да табылады. Ақжан көзі боялды оған сатқан нәрселерді езінің есепшісіне де білдірмей, ордерін өткізбей, жасырып сатып, екі жеп биге шықпақ ниетімен, 400 сомдықтай заттарды сатып жібергендігі «Береке» басқармасына мағлұм болады. «Береке» басқармасы Ақжанды қаладағы тиісті жаза орындарына тапсырып, олар Ақжанды күнбе-күн ұстап абақтыға жауып қояды. Сөйтіп Ақжан мырза «Береке»-ні ойыншық қыламын деп жүріп, тоқал .ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылғандай болып, бүгін таңда босанарлықтай болмай қалды білем. Мінеки ел шаруашылық ұйымдарын бастаған пысықтар! Тұрсымбек, Ақжандай болыңдар! Қарқаралыдағы уездік шаруашылық ұйымы қалай ілгері басады? Қырдағы ұйымдар бұдан алып шығып елге апарып бірді екіге сатып, елді бір жеп, «Берекені» екі жеп отырғанда, осындайдан осы күні «Береке» шаруашылық ұйымының елдегі, болыстардағы ұйымдарда алмай отырған 39,924 сом 37 тыйын аласылары бар. Оның үстіне еткен жазғытұрым «Береке» ұйымы, ұйымдар арқылы Әр жерлерге жалдама соқалар таратып, сатып алуға шамалары келмейтіндер егіндерін салып алсын деген еді. Бұлардан да бір нашар пайдаланбай, қолы жеткендердің ғана пайдасында болыпты. Жоғарғы сыйпырда көрсетілген көп ақшалар бұл күнде жалпы елдің мойнында көрінбейді. Сол бастап отырған доңыздардың ғана пайдасына — Қалтасында көрінеді. Кедейлерге күзді күні бір сомға несиеге нәрсе берсе, бір айдан кейін оған 2 қойдың терісін алатындар көп болады. Жұрт тұрмысына жетік адам шаруашылық (уездегі) жұмысының басында отырса: бір құшақ тізімді жазып алып болысты үйіне шақырып майға тойғызып отырып, қол қойдырып мөр бастырып алып ентігіп, халық қамын жегенсіп, қалаға шауып келіп ұйым аштым деп түйелеп нәрсе алып қайтпас еді. Түпкі законде кеңестер сайлауына сайлануына да жарамайтын адамдар шаруашылық ұйымдарын да былғайды. Қарқаралыда шаруашылық, ұйымдары ашылған басқарма мүшелерінің көбі ескі қаратаяқтар болған. Мінеки мынау жуандардың көбі сол кезде кіріп қалған көрінеді. Қысқасынан айтқанда, біздер Қарқаралы уезінде тәртіпті шаруашылық ұйымдары бар деп айтудан ұялсақ керек. Енді өткенді қойып, келешекті түзетіп, қамдану үшін жуан жұдырықтарды шаруашылық басынан қуып тастап, еңбекшілермен Тізе қосып, шаруашылықты күшейтуге мезгіл жетті.  Қалаға жақын еңбекшілер қаласының ұйымынан басқаларын жылы жауып қоюға лайық болады. Қандай аты бар деп сенетін әжептәуір жігіттер де жынын құсып қалада метрі 37-38 тыйынға сатылып жатқан жұқа шөжімдерді қырға апарып метрін 65-70 тыйынға сатып жүргенін көрдік. Керосин қадағы қалада 8-9 тыйын болса, олар қырға 14-15 тыйыннан сатып жүрген көрінеді. Қалада он сомнан артық түлкіні қырда Союздың шаруашылық, ұйымдарының азаматтары 5-6 сомнан артық алмай жүрген. Өздерінің нәрселерін сонша қымбат сатып, қазақтың заттарын мейлінше кем алып жүргендері байқалады. Біздің ұйымдардың сатқан, алған нәрселерінің сомына 35-20 тыйын түгіл кез басына 30-40 тыйынды қанағат қылмайтыны байқалады. Түрлі осындай қатаң себептермен халықтың көпшілігі мұндай ұйымдарға нанбайтын кезбен қарап, мүшелікке кіру түгіл, кіргендерінің де көбі шығатынын айтады. Ел ортасында кооперация бір тыйындай көзге көрінерлік пайда көрсетпеген. Бар болғаны басындағылар өздерінің қалтасын ойлай берген керінді. Біздер осындай қалташыл сұмдардан кооперация істерін тазалап, олардың орнына таза, анық сенімді азаматтар жіберіп, қалташыларды сотқа тартып, әлеумет алдында жазаларын мойнына қойып, кеудесіне құрым байлап, жұрттан шығарып, кооперация олай емес, былай дегенді қауымның көзіне көрсететін қылсақ онда біздің ел нанар еді. Ел ішінде кооперация жайынан сөз айтылса, алдымен байлар, жуандар, пысықтар, дәндегендер, қуанып, жымыңдап, күлімсіп, тез түсініп тұрады. Мұндай адамдардың тез білетіндерін басшылардан есептегенмен қылатындары анау, бұлар пайданы кергендер яки пайда көргендерден пайда қылғандар болып табылады. Қазақ елі, оның ішінде біздің Қарқаралы кооперация деген нәрсенің атын естіп, оның пайдалары қандай екенін 18- 19 шы жылдардан бері қарай біле бастаған. Бірақ, алғашқы яғни 18-19-шы жылдардағы земство патшалығы қарамағындағы кооперациядан, соңғы орнықты мынау кооперациялар жалпы жұрттың алдында, оның ішінде енбекке сүйенген жұмыскер, шаруа баққан қара бұқаралардың пайдасында болмақ еді. Бұрынғыдан дәндеген қулар мына соңғы кооперацияларды да аузына салмақ болды. Мұндай ауызға салыну аз уақыттың арасындағы тәжрибеден байқалып қалды. Кеңес қызметінен қуылған адамдар шаруашылық қызметінен де қуылмақ. Мұны ел бұрын білмесе, естімесе енді білу керек. Шаруаның мұңын көксеген әлеумет ұйымдарына да мемлекет орындары көмектерін көрсетпек. «Береке» елдегі несиесін ала алмай, амалсыздан соттасқалы отыр.  

Мінеки байлар, жуандар бастаған кооперация

(шаруашылық)

Қарқаралының елдерінде шаруашылық, ұйымдарын билеп, жеп отырғандар кімдер екендіктері талай жазылып өткен еді. Онда пәлендей деп аттары арналып жазылмай, жалпы айтылып кеткен болатын. Енді сол жазғандарымызды қуаттау үшін 1-2 кооператив бастықтарының, істеген жұмыстарын әлеумет алдына жарияламақ боламын. Қотан, Балқаш елінде екі шаруашылық ұйымы бар. Мұның бірі «Сәуле» атты, екіншісі «Балықшы» атты. Тоқырауын елінде «Тоған» деген ұйым бар. «Сәуле»нің бастықтары Жантоқа баласы Тұрымбек, Нармамбет баласы Мақсұт, бұл екеуі Николайдың старшины болған, Қарқаралының оңтүстігінде, Балқаш жағында ең атақты алаяқтар. Бұлар күзден бері «Береке» деген (Қарқаралыдағы кіндік ұйым), «Сәуле» ұйымы 3526 сом 86 тыйындық нәрсе алған, «Тоған» ұйымы 1629 сом 73 тыйындық нәрселер алған. «Балықшы» ұйымы 2721 сом 73 тыйындық нәрсе алған. Осылардың әсіресе «Сәуле» мен «Тоған» ұйымдарының жұмыстары құлаққа нашар естіліп, Қарқаралыдан «Береке» ұйымы арқылы мұнда қызметте тұратын Тоқтарбек ұлы мен Әзімбай ұлы Омар дегендер шығып, айтылған ұйымдардың жұмыстарын тексертіп (тексеру комиссияларымен) қолдарындағы даярланған заттарын тез қалаға жеткіздіруге қам қылмақ болған еді. Сонда «Тоған» ұйымының билеушісі атақты жалмауыз жуан-жұдырық, жеті атасынан ел билеген Қатар Ербекей ұлы, Тоқтарбек ұлының қаладан шыққанын есітіп, асығып-үсігіп табылмайтын болып, тексеру бермейтін амалымен қалаға қашып келіп, «Береке» ұйымынан даярланған заттарды ұйымға тапсырмай өз бетімен Қарқаралыда сауда қылып тұрған Қазақстан мемлекет сауда дүкеніне (Киргосторг) сатып, «Береке» ұйымына бір азғана (қылған пайдасынан) ақша беріп, басқа ақшаларына қалада бірнеше күн жатып, алып-сатарлық қылып, аяғында шашындай жай адамдардан кездеме алып, «Береке» көзіне кұм құйдым деп кетіп қалған. Бұл мұнымен тұра тұрсын.

Екінші «Сәуле» ұйымына барған нұсқаушы Омар Азамбай жолдасқа жуандар жөнді есеп бермейтін болса да, Омар өзінің талапты жігерлерімен қоймастан есеп алғанда, қысқасынан айтқанда, барлық жұмыстары, ғылым жолы көрсеткен шаруашылық, ретімен болмай жай сауда-саттық жолымен болып, жұртты бұрынғы саудагерлерден де жаман жегендігі анықталған. Мәселен, бір жаздың ішінде барлық кіріс: 1908 сом 84 тыйындық, расход (шығыс) 1933 сом 49 тыйын болған. Сөйтіп кірістен (доходтан) расходы 125 сом 65 тыйындық артылып жіберген. Мұнда «Сәуле» бастығы Жантоқа ұлы Тұрсынбек өзінің үйін пәтер атына жазып қойып, онда түк істемесе де, құр атағына айына 25 сомнан алып отырған, Тұрсымбек баласы Ақжан ұйымның («Сәуле»нің) барлық жұмыстарын жүргізетін уәкілі болған. Бұл «мырза әкесінен бес есе артық — «Ұяда не көрсе соны қылмақ қой!» Әкесі Тұрсымбек ауылдағыны жей тұрсын, енді мына баласы Ақжайның өнерін жаза кетсем қызға айтып, келінге тыңдатармыз:

Жоғарыда айтылған нұсқаушы Омар «Сәуле» жұмыстарын қарастырып, қолындағы даярланған заттарды қаладағы кіндік ұйым «Береке» басқармасына жеткізуге міндетті қылып, қолына законды тілхат алып өзі басқа бір ұйымдарға жүріп кетеді. Артынан көп кешікпей-ақ, Жантоқа ұлы баласы Ақжанды уәкіл қылып бір құлаш мандат 'беріп жөнелтеді. Осы жылдың февраль аяғында Ақжан қалаға заттарды алып келсе, «Береке» дүкенінде түк жоқ. Ақжан кеудесін шаптан кернейді. Алып келген заттарды «Береке»ге берсе, қазір алып қайтатын онда дәнеме жоқ. Сол себепті заттардың (аң терілердің) ылғи жамандарын «Береке»ге беріп, жақсыларын ұялмай тағы да Киргосторг конторына сатады. Қол хатын ұмытады. Киргосторгте нәрсе мол. Ақша да табылады. Ақжан көзі боялды оған сатқан нәрселерді езінің есепшісіне де білдірмей, ордерін өткізбей, жасырып сатып, екі жеп биге шықпақ ниетімен, 400 сомдықтай заттарды сатып жібергендігі «Береке» басқармасына мағлұм болады.

«Береке» басқармасы Ақжанды қаладағы тиісті жаза орындарына тапсырып, олар Ақжанды күнбе-күн ұстап абақтыға жауып қояды. Сөйтіп Ақжан мырза «Береке»-ні ойыншық қыламын деп жүріп, тоқал .ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылғандай болып, бүгін таңда босанарлықтай болмай қалды білем. Мінеки ел шаруашылық ұйымдарын бастаған пысықтар! Тұрсымбек, Ақжандай болыңдар!

Қарқаралыдағы уездік шаруашылық ұйымы қалай ілгері басады? Қырдағы ұйымдар бұдан алып шығып елге апарып бірді екіге сатып, елді бір жеп, «Берекені» екі жеп отырғанда, осындайдан осы күні «Береке» шаруашылық ұйымының елдегі, болыстардағы ұйымдарда алмай отырған 39,924 сом 37 тыйын аласылары бар. Оның үстіне еткен жазғытұрым «Береке» ұйымы, ұйымдар арқылы Әр жерлерге жалдама соқалар таратып, сатып алуға шамалары келмейтіндер егіндерін салып алсын деген еді. Бұлардан да бір нашар пайдаланбай, қолы жеткендердің ғана пайдасында болыпты. Жоғарғы сыйпырда көрсетілген көп ақшалар бұл күнде жалпы елдің мойнында көрінбейді. Сол бастап отырған доңыздардың ғана пайдасына — Қалтасында көрінеді. Кедейлерге күзді күні бір сомға несиеге нәрсе берсе, бір айдан кейін оған 2 қойдың терісін алатындар көп болады. Жұрт тұрмысына жетік адам шаруашылық (уездегі) жұмысының басында отырса: бір құшақ тізімді жазып алып болысты үйіне шақырып майға тойғызып отырып, қол қойдырып мөр бастырып алып ентігіп, халық қамын жегенсіп, қалаға шауып келіп ұйым аштым деп түйелеп нәрсе алып қайтпас еді.

Түпкі законде кеңестер сайлауына сайлануына да жарамайтын адамдар шаруашылық ұйымдарын да былғайды. Қарқаралыда шаруашылық, ұйымдары ашылған басқарма мүшелерінің көбі ескі қаратаяқтар болған. Мінеки мынау жуандардың көбі сол кезде кіріп қалған көрінеді. Қысқасынан айтқанда, біздер Қарқаралы уезінде тәртіпті шаруашылық ұйымдары бар деп айтудан ұялсақ керек.

Енді өткенді қойып, келешекті түзетіп, қамдану үшін жуан жұдырықтарды шаруашылық басынан қуып тастап, еңбекшілермен Тізе қосып, шаруашылықты күшейтуге мезгіл жетті. 

Қалаға жақын еңбекшілер қаласының ұйымынан басқаларын жылы жауып қоюға лайық болады. Қандай аты бар деп сенетін әжептәуір жігіттер де жынын құсып қалада метрі 37-38 тыйынға сатылып жатқан жұқа шөжімдерді қырға апарып метрін 65-70 тыйынға сатып жүргенін көрдік. Керосин қадағы қалада 8-9 тыйын болса, олар қырға 14-15 тыйыннан сатып жүрген көрінеді. Қалада он сомнан артық түлкіні қырда Союздың шаруашылық, ұйымдарының азаматтары 5-6 сомнан артық алмай жүрген.

Өздерінің нәрселерін сонша қымбат сатып, қазақтың заттарын мейлінше кем алып жүргендері байқалады. Біздің ұйымдардың сатқан, алған нәрселерінің сомына 35-20 тыйын түгіл кез басына 30-40 тыйынды қанағат қылмайтыны байқалады. Түрлі осындай қатаң себептермен халықтың көпшілігі мұндай ұйымдарға нанбайтын кезбен қарап, мүшелікке кіру түгіл, кіргендерінің де көбі шығатынын айтады. Ел ортасында кооперация бір тыйындай көзге көрінерлік пайда көрсетпеген. Бар болғаны басындағылар өздерінің қалтасын ойлай берген керінді. Біздер осындай қалташыл сұмдардан кооперация істерін тазалап, олардың орнына таза, анық сенімді азаматтар жіберіп, қалташыларды сотқа тартып, әлеумет алдында жазаларын мойнына қойып, кеудесіне құрым байлап, жұрттан шығарып, кооперация олай емес, былай дегенді қауымның көзіне көрсететін қылсақ онда біздің ел нанар еді.

Ел ішінде кооперация жайынан сөз айтылса, алдымен байлар, жуандар, пысықтар, дәндегендер, қуанып, жымыңдап, күлімсіп, тез түсініп тұрады. Мұндай адамдардың тез білетіндерін басшылардан есептегенмен қылатындары анау, бұлар пайданы кергендер яки пайда көргендерден пайда қылғандар болып табылады. Қазақ елі, оның ішінде біздің Қарқаралы кооперация деген нәрсенің атын естіп, оның пайдалары қандай екенін 18- 19 шы жылдардан бері қарай біле бастаған. Бірақ, алғашқы яғни 18-19-шы жылдардағы земство патшалығы қарамағындағы кооперациядан, соңғы орнықты мынау кооперациялар жалпы жұрттың алдында, оның ішінде енбекке сүйенген жұмыскер, шаруа баққан қара бұқаралардың пайдасында болмақ еді. Бұрынғыдан дәндеген қулар мына соңғы кооперацияларды да аузына салмақ болды.

Мұндай ауызға салыну аз уақыттың арасындағы тәжрибеден байқалып қалды.

Кеңес қызметінен қуылған адамдар шаруашылық қызметінен де қуылмақ. Мұны ел бұрын білмесе, естімесе енді білу керек.

Шаруаның мұңын көксеген әлеумет ұйымдарына да мемлекет орындары көмектерін көрсетпек. «Береке» елдегі несиесін ала алмай, амалсыздан соттасқалы отыр.

 

Бөлісу: