Өтірікті сатып алушы табылса, айтушы да табылады

8 Желтоқсан 2012, 06:51

Париж қаласында (Францияда) шығып тұратын орыс ақтарының «Күндер» деген газеті бар. Газеттің нені көксейтін газет екендігі айтпай-ақ атынан көрініп түр ғой. Бұл «күндерін» көксейді. Шалдар қартайғанда «ой, шіркін күндер-ай!» демеуші ме еді? Сондай-ақ ақтар да «күндер-ай!» деп газет шығарып отыр. Әңгіменің ең қызық жері олардың күндерін көксегендігінде емес-ау, талтүсте бадырайтып отырып өтірік айтқанында ғой. «Ақтар басқа патшалықта жүрсе де, жай жүрмей, совет өкіметі туралы айтпайтын өсегі болмайды. Қарақаттап жүреді» — деген сөзді талай естісек те, дәл өз губернеміз туралы ешнәрсе демеген соң, жауырды жаба тоқып жүре беруші едік. Сол «Күндер» газетінің осы сентябрьдің ішінде шыққан бір санында Семей туралы бір хабар басылыпты. Ол мынау: «Мемлекеттің бас прокурорының жарлығы бойынша, Семей исполкомының бастығы мен басқарма (президиум) мүшелері тұтқынға алынды. Олардың айыптары: өздерінің үстерінен шағым берушілерді өлтіргендік, пара алғандық, мекемелердегі әйелдерді күштегендік, үкіметтің беделін түсіргендік. Оларды жауапты қылмақ болған Семей прокурорын милиция тұтқынға алып қойыпты. Сондықтан оларды тұтқын қылу үшін Семейге саяси мекеменің арнаулы отряды келіп, 2 күннен кейін исполком басқармасы менен милиция бастықтарын абақтыға алыпты. Жуырда таң қалғандай сот болмақ!». Бүл хабарға қарағанда айтылған адамдар осы күні түрмеде болса керек еді. Бірақ олай емес, осы күні Семейдің исполком бастығы мен басқарма мүшелерінің кейбіреулері Қызылордада съезде, кейбіреулері Семейде қызметте жүр ғой! Бұл әңгіменің өтіріктігі өзге жерге құман болса да, Семейге аян емес пе? Сол үшін ғана Семей туралы жазғаны алынып отыр. «Шөлмек есебіне қарасаң, айдың бүгін 120 сы» деп Қожанасыридден айтқандай, «Коммунистер арасында» деген әңгімесінің ішіндегі басқа жердегі өтіріктерін ести берсең, құлағың сасыр. Оның үстіне сол хабарларды «тілшілерімізден» деп қойыпты! «Өтірікшінің куәсі жанында» деген-ді. «Тілшіден десек, сөзіміз бағалы болар» деді ме екен, болмаса, сол сияқты совет тілшілерінің бары рас па екен! Ондай тілшілердің болса болуы ғажап емес. Дұшпандығынан түймедейді түйедей қылып көптіріп жазуларына болар еді; тап мынадай орнасы жоқ өтірікті жазған болса, олар да сабаз ысылған-ақ екен! Ертерек уақытта бір қазақ байының ит болып үретін жігіті болып, бай ол жігітті жиын болғанда ертіп үргізіп жүріпті. Естігендерге жолыққан кәрілердің айтуынша, жігіттің үргендегі даусы иттен айырса танығысыз дейді. Бүгінде ойлап отырсақ сол жігітті сонша «өнерлі» қылып қойған, байдың ескі көйлегі менен дастарқанының шеті екендігі көрінеді. Сол сияқты мынау «Күндер» газетінің де «тілшілерін» осынша орны жоқ өтірікке шебер қылып қойған, сол күндерін сағынған «дегдарлардың» анда-санда жіберіп тұратын сәлемдемелері-ау! Өтірікті керек қылып, ақшаға алушы болып тұрғанда, айтушы табылмақ қой.  

Париж қаласында (Францияда) шығып тұратын орыс ақтарының «Күндер» деген газеті бар. Газеттің нені көксейтін газет екендігі айтпай-ақ атынан көрініп түр ғой. Бұл «күндерін» көксейді. Шалдар қартайғанда «ой, шіркін күндер-ай!» демеуші ме еді? Сондай-ақ ақтар да «күндер-ай!» деп газет шығарып отыр.

Әңгіменің ең қызық жері олардың күндерін көксегендігінде емес-ау, талтүсте бадырайтып отырып өтірік айтқанында ғой.

«Ақтар басқа патшалықта жүрсе де, жай жүрмей, совет өкіметі туралы айтпайтын өсегі болмайды. Қарақаттап жүреді» — деген сөзді талай естісек те, дәл өз губернеміз туралы ешнәрсе демеген соң, жауырды жаба тоқып жүре беруші едік.

Сол «Күндер» газетінің осы сентябрьдің ішінде шыққан бір санында Семей туралы бір хабар басылыпты. Ол мынау:

«Мемлекеттің бас прокурорының жарлығы бойынша, Семей исполкомының бастығы мен басқарма (президиум) мүшелері тұтқынға алынды. Олардың айыптары: өздерінің үстерінен шағым берушілерді өлтіргендік, пара алғандық, мекемелердегі әйелдерді күштегендік, үкіметтің беделін түсіргендік. Оларды жауапты қылмақ болған Семей прокурорын милиция тұтқынға алып қойыпты. Сондықтан оларды тұтқын қылу үшін Семейге саяси мекеменің арнаулы отряды келіп, 2 күннен кейін исполком басқармасы менен милиция бастықтарын абақтыға алыпты. Жуырда таң қалғандай сот болмақ!».

Бүл хабарға қарағанда айтылған адамдар осы күні түрмеде болса керек еді. Бірақ олай емес, осы күні Семейдің исполком бастығы мен басқарма мүшелерінің кейбіреулері Қызылордада съезде, кейбіреулері Семейде қызметте жүр ғой!

Бұл әңгіменің өтіріктігі өзге жерге құман болса да, Семейге аян емес пе? Сол үшін ғана Семей туралы жазғаны алынып отыр. «Шөлмек есебіне қарасаң, айдың бүгін 120 сы» деп Қожанасыридден айтқандай, «Коммунистер арасында» деген әңгімесінің ішіндегі басқа жердегі өтіріктерін ести берсең, құлағың сасыр.

Оның үстіне сол хабарларды «тілшілерімізден» деп қойыпты! «Өтірікшінің куәсі жанында» деген-ді. «Тілшіден десек, сөзіміз бағалы болар» деді ме екен, болмаса, сол сияқты совет тілшілерінің бары рас па екен! Ондай тілшілердің болса болуы ғажап емес. Дұшпандығынан түймедейді түйедей қылып көптіріп жазуларына болар еді; тап мынадай орнасы жоқ өтірікті жазған болса, олар да сабаз ысылған-ақ екен!

Ертерек уақытта бір қазақ байының ит болып үретін жігіті болып, бай ол жігітті жиын болғанда ертіп үргізіп жүріпті. Естігендерге жолыққан кәрілердің айтуынша, жігіттің үргендегі даусы иттен айырса танығысыз дейді. Бүгінде ойлап отырсақ сол жігітті сонша «өнерлі» қылып қойған, байдың ескі көйлегі менен дастарқанының шеті екендігі көрінеді. Сол сияқты мынау «Күндер» газетінің де «тілшілерін» осынша орны жоқ өтірікке шебер қылып қойған, сол күндерін сағынған «дегдарлардың» анда-санда жіберіп тұратын сәлемдемелері-ау! Өтірікті керек қылып, ақшаға алушы болып тұрғанда, айтушы табылмақ қой.

 

Бөлісу: