Май қорытатын жаңа лаборатория (машина)

8 Желтоқсан 2012, 06:43

Өткен жылдан бері Семейде Кизилев деген машина жұмысына маман техник, сары май, тон, май қорытатын жана лаборатория (машина) жасап, бірсыпыра қазақ майын тазартып, 1,11 сортқа (көбінесе 1-ге) жаратыпты. Бұл туралы орыс газеттерінің бірсыпырасында («Известия», «Советская Сибирь», «Советская степь», «Степная Правда») қазақ, майының бассыздығынан арзан бағаланатынын (орыс майының жарты бағасында) жазылған болатын. Оған мынау жаңа шыққан лабораторияның үлкен маңызы барлығын жазып, мемлекет мекемелерінің бүл жұмысқа назар салуына кеңес беріліп өткен. Кизилевтің бұл лабораториясымен өткен жылы осы Семейде 5 мың бұттай қазақ сары майы, 3 жарым мың бұт тон май қорытылып, көбі I сортқа ілінген. Губернелік жоспар комиссиясы (губплан) Кизилев қорытқан майдың орыс майынан бір-ақ сомдық төмендігі бар деп тауыпты. Бұл машинамен қорытылғанда ақысына шығатын 65 тыйын. Орыс майының да іске жарап шығуына (шетке өтуге) айыру керек, ол үшін бұтына 40 тыйын расходы бар. Сөйтіп, күтімсіз, өтімсіз саналып жүрген қазақ майының орыс майынан 1 сом 36 тыйындық қана кемдігі болмақ. Кизилев губпланға жасаған баяндамасында жақсы майдың қандай болатынын, қазақ майының қандай екенін, өзі қорытқанда қалай боп шығатынын ғылым жолымен дәлелдеп өтіпті. Губплан тексертуі бойынша, Кизилев қорытқан майдың түсі I сорт, дәмі, исі II сорт орыс майымен бірдей деп танылған. Бұдан кейін губплан арқылы қорытылған майдың үлгісі (пробасы) Сібірдегі сүт лабораториясының кіндік Академиясына (білім ордасына) біржола айырып тағайындап беру үшін жіберілген еді. Жуырда ғана Академияның басқарушысы профессор Кашергеннің қол қойған байлауы келді. Ол байлауға орыс майының жарты бағасында жүргенде қазақ майы Кизилев лабораториясында қорытылғаннан кейін, II сорт орыс майымен бірдей болады екен депті. Былтырдан бері талай газетте жазылса да, 7-8 мың бұттай май қорытып шығарса да, бұл лабораторияға жергілікті шаруа мекемелер әлі күнге жұмыла кіріспеген сияқты. Жалғыз-ақ апрель басында Қазақстан жер комиссариаты Кизилевтен лабораториясының жайын сұраған екен. Жуырда соған Кизилевтің өзі барып баяндама жасамақшы. Осы күнгі, Кеңестер Одағындағы ауыл шаруасының ішінде маңыздысы — май. Неғұрлым жақсы таза май көп болса, соғұрлым шет патшалықтарға көбірек өтіп, сауданы күшейтеді. Қазақтың маңызды шаруасы — мал, оның майы аз емес (Семей губернесінің өзінде бір жазда 50 мың бұттан май алынады екен). Бірақ шетке өтуге әлі күнге жараған жоқ. Қазақта келелі жердің кемдігі, көпшілігі тегісінен май артелін ашуға,. машина алуға, майларын таза ұстауға аз уақыттың ішінде мүмкіндік беретін емес. Қазақтың құнсыз майы сол күйінде құнсыз болып қалсын деп ешкім айта алмас. Соның үшін губернеден бастап, Қазақстанға дейінгі шаруа мекемелері мынау Кизилев лабораториясын іске асырып, пайдасын көпке көрсетудің қамына кірісу керек. Кизилевтің өз бетімен ол лабораторияны жүргізіп тұруға шамасы келетін емес, өйткені Семейдегі тау жұмыскерлерінің аудандық комитетінен алған справкасы бойынша, 1909 жылдан 1925 жылға дейін Кизилев жұмысшы болыпты. Оның айтуына қарағанда, жұмысына жәрдемін тигізген губаткомде Щербаков, Губпланда Барлыбай ұлы көрінеді. Бұдан былай да солар сияқты азаматтардың көбеюіне тілектеспіз.   

Өткен жылдан бері Семейде Кизилев деген машина жұмысына маман техник, сары май, тон, май қорытатын жана лаборатория (машина) жасап, бірсыпыра қазақ майын тазартып, 1,11 сортқа (көбінесе 1-ге) жаратыпты.

Бұл туралы орыс газеттерінің бірсыпырасында («Известия», «Советская Сибирь», «Советская степь», «Степная Правда») қазақ, майының бассыздығынан арзан бағаланатынын (орыс майының жарты бағасында) жазылған болатын. Оған мынау жаңа шыққан лабораторияның үлкен маңызы барлығын жазып, мемлекет мекемелерінің бүл жұмысқа назар салуына кеңес беріліп өткен.

Кизилевтің бұл лабораториясымен өткен жылы осы Семейде 5 мың бұттай қазақ сары майы, 3 жарым мың бұт тон май қорытылып, көбі I сортқа ілінген.

Губернелік жоспар комиссиясы (губплан) Кизилев қорытқан майдың орыс майынан бір-ақ сомдық төмендігі бар деп тауыпты.

Бұл машинамен қорытылғанда ақысына шығатын 65 тыйын. Орыс майының да іске жарап шығуына (шетке өтуге) айыру керек, ол үшін бұтына 40 тыйын расходы бар. Сөйтіп, күтімсіз, өтімсіз саналып жүрген қазақ майының орыс майынан 1 сом 36 тыйындық қана кемдігі болмақ.

Кизилев губпланға жасаған баяндамасында жақсы майдың қандай болатынын, қазақ майының қандай екенін, өзі қорытқанда қалай боп шығатынын ғылым жолымен дәлелдеп өтіпті. Губплан тексертуі бойынша, Кизилев қорытқан майдың түсі I сорт, дәмі, исі II сорт орыс майымен бірдей деп танылған.

Бұдан кейін губплан арқылы қорытылған майдың үлгісі (пробасы) Сібірдегі сүт лабораториясының кіндік

Академиясына (білім ордасына) біржола айырып тағайындап беру үшін жіберілген еді. Жуырда ғана Академияның басқарушысы профессор Кашергеннің қол қойған байлауы келді. Ол байлауға орыс майының жарты бағасында жүргенде қазақ майы Кизилев лабораториясында қорытылғаннан кейін, II сорт орыс майымен бірдей болады екен депті.

Былтырдан бері талай газетте жазылса да, 7-8 мың бұттай май қорытып шығарса да, бұл лабораторияға жергілікті шаруа мекемелер әлі күнге жұмыла кіріспеген сияқты. Жалғыз-ақ апрель басында Қазақстан жер комиссариаты Кизилевтен лабораториясының жайын сұраған екен. Жуырда соған Кизилевтің өзі барып баяндама жасамақшы.

Осы күнгі, Кеңестер Одағындағы ауыл шаруасының ішінде маңыздысы — май. Неғұрлым жақсы таза май көп болса, соғұрлым шет патшалықтарға көбірек өтіп, сауданы күшейтеді.

Қазақтың маңызды шаруасы — мал, оның майы аз емес (Семей губернесінің өзінде бір жазда 50 мың бұттан май алынады екен). Бірақ шетке өтуге әлі күнге жараған жоқ.

Қазақта келелі жердің кемдігі, көпшілігі тегісінен май артелін ашуға,. машина алуға, майларын таза ұстауға аз уақыттың ішінде мүмкіндік беретін емес.

Қазақтың құнсыз майы сол күйінде құнсыз болып қалсын деп ешкім айта алмас. Соның үшін губернеден бастап, Қазақстанға дейінгі шаруа мекемелері мынау Кизилев лабораториясын іске асырып, пайдасын көпке көрсетудің қамына кірісу керек.

Кизилевтің өз бетімен ол лабораторияны жүргізіп тұруға шамасы келетін емес, өйткені Семейдегі тау жұмыскерлерінің аудандық комитетінен алған справкасы бойынша, 1909 жылдан 1925 жылға дейін Кизилев жұмысшы болыпты. Оның айтуына қарағанда, жұмысына жәрдемін тигізген губаткомде Щербаков, Губпланда Барлыбай ұлы көрінеді. Бұдан былай да солар сияқты азаматтардың көбеюіне тілектеспіз. 

 

Бөлісу: