Қытайда әлеумет соғысы

8 Желтоқсан 2012, 06:42

Қытай 11-ші жылдан республика (жүмһурият) болатын. Біраздан соң республиканың аяғы бөлшектенуге айналып, Қытайдың әр өлкесін бір губернатор билеп, бара-бара олардың арасы таласқа айналған. Сөйтіп өзара талас-тартыс әлеумет соғысының басталғанына 10 жылдан асты. Бүгінде Қытайда бір-біріне бағынбаған басты үкімет үшеу: 1) Солтүстік Манчжурияда, Япониямен тілектес Чзанзи-лин үкіметі; 2) Орталықта қытай байлары, патшашылдарының қолында Пекин үкіметі һәм 3) оңтүстіктегі халықшыл төңкерісші Сун-Ят-Сен үкіметі. Қытайдағы атақты қаланың бірі Шанхай бұлардың біреуінің қарауында да емес. Шанхайдың бір миллионға жақын жаны бар. Қытайда бірінші жер жүзіндегі қалалардың сауда жөнінен алдыңғы қатардағы ордаларынан саналады. Орталықтағы Пекин үкіметі сол Шанхайды қолына түсіріп, оңтүстіктегі Сун-Ят-Сен үкіметін әлсірету ниетінде болып, арада соғыс басталған (жуырда), қазірде оңтүстік пен солтүстік үкіметтері Пекин үкіметіне қарсы соғыс ашуда, олардың таласы — Шанхай. Жақын арада Шанхайды әм ондағы «өз кісілерін қорғау» дәлелімен шет патшалықтар ептеп әскер жіберіп жатыр: Шанхайға 360 жаяулы әскер, 400 Япон солдаты, 250 Америка солдаты әм 100 Италия солдаты түсірілген. Жаһангерлер үкіметінің (Япониядан басқаларының) қолдайтыны Пекин үкіметі (Япония әрине Манчжурияны қолдайды). Шет патшалықтар 10 жылдан бері Қытайдың жанжалына қатынаспай келіп, биыл ғана қимасы қалай қыши қойды? Оның себебі: қытай халқы (Сун-Ят-Сен үкіметі) Советпен татулық жасап отыр. Қытай Советпен жақындасып кететін болса, жаһангерлердің қармағынан мүлде құтылатын жолға түспек. Өз алдына ел болу қамын жемек. Қытайдың ондай халге келуін олар қиямет болғандай көреді. Өйткені Қытайдағы өнеркәсіп орындары бәрі дерлік шет патшалықтардың қолында. Олардың істеп шығарған нәрсесінің өткізетін орны — Қытай. Олар Қытайды тілесе сатып, тілесе соятын малы есебінде ұстамақ. Сондықтан олар Қытайды өз тырнақтарынан шығарғысы келмейді. Сондықтан бүлінбесең жарыл, «түрт шайтан түрт!» деп Қытайдағы әлеумет соғысына олар көлденеңнен күзетші есебінде ғана бақылап тұратын. Ондағы ойлары, Қытай неғұрлым бүліншілікке айналып берекесі кетсе, соғұрлым лайықты болар дегендік. Оның үстіне қазірде Қытаймен татулық жасап отырған Совет үкіметін өз арасынан соғыс шығарып та, шеттен жауды айдап салып та жеңуге болмады, енді Қытайды иемдендіріп күшейтіп алмайық деп жанталасқандығы деуге болады. Сол себепті Совет үкіметінің кәсіпшілер ұйымы «Қытайдан қолыңды тарт» деген ұйым ашып, барлық жер жүзінің кәсіпшілеріне ұран салып отыр. III интернационал басқармасы езілген Қытай еліне шабуыл жасатпау жөнінде қолдарыңнан келгенді аямаңдар деп бүтін дүние жұмысшыларына жарнама таратып отыр. Тегінде Совет үкіметінің тұтынған жолы: қайдағы езілген елді құлдықтан құтқарып, қатарға қосу екендігінің үстіне, өзі дос, езі көрші Қытай бұқарасының «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткеніне» риза еместігін білдіреді. Өйткені 400 миллион жаны бар Қытай секілді елдің бытырап берекесі кетсе, әр езілген елдердің үміті босқа «еткендей болмақ, жаһангерлер үкіметінің көздегені сол. Ал Қытайдың іргесі ашылмай олардың тырнағынан құтылса, өңештеріне құм құйылғандай болып, жолдары тараймақ. Соны біліп оларда Қытайдағы әлеумет соғысына астыртын болсын, көріне болсын көңілдерін бөлмей қалатын түрі бар. Соңғы хабарларға қарағанда, сырт патшалықтардың Қытай соғысына керіне кірісуін бәсеңдетпесін дегендігі байқалады. Бұл бәсеңдету әр патшалық өз қол астындағы жұмыскерлерінен именгендігінен болар, яки артын бастық дегендерінен болар. Қайсысы болса да жұмыс аласапыран суға айналып, кезіне келіп қалғандай болса, «аттан салмай» қарап отырайын деп отырған жаһангерлер үкіметі жоқ. Қалай да, Қытайдағы соғыстық зораймауына себепкер болу, зорая қалған күнде, байлар үкіметіне қарсы құрал көтеру жер жүзі еңбекшілерінің міндеті. «Қытайдан қолыңды тарт!» деген ұранды айтып, ұйымына кірмейтін езілген елдің азаматы болмас.  

Қытай 11-ші жылдан республика (жүмһурият) болатын. Біраздан соң республиканың аяғы бөлшектенуге айналып, Қытайдың әр өлкесін бір губернатор билеп, бара-бара олардың арасы таласқа айналған. Сөйтіп өзара талас-тартыс әлеумет соғысының басталғанына 10 жылдан асты.

Бүгінде Қытайда бір-біріне бағынбаған басты үкімет үшеу:

1) Солтүстік Манчжурияда, Япониямен тілектес Чзанзи-лин үкіметі; 2) Орталықта қытай байлары, патшашылдарының қолында Пекин үкіметі һәм 3) оңтүстіктегі халықшыл төңкерісші Сун-Ят-Сен үкіметі. Қытайдағы атақты қаланың бірі Шанхай бұлардың біреуінің қарауында да емес.

Шанхайдың бір миллионға жақын жаны бар. Қытайда бірінші жер жүзіндегі қалалардың сауда жөнінен алдыңғы қатардағы ордаларынан саналады. Орталықтағы Пекин үкіметі сол Шанхайды қолына түсіріп, оңтүстіктегі Сун-Ят-Сен үкіметін әлсірету ниетінде болып, арада соғыс басталған (жуырда), қазірде оңтүстік пен солтүстік үкіметтері Пекин үкіметіне қарсы соғыс ашуда, олардың таласы — Шанхай.

Жақын арада Шанхайды әм ондағы «өз кісілерін қорғау» дәлелімен шет патшалықтар ептеп әскер жіберіп жатыр: Шанхайға 360 жаяулы әскер, 400 Япон солдаты, 250 Америка солдаты әм 100 Италия солдаты түсірілген. Жаһангерлер үкіметінің (Япониядан басқаларының) қолдайтыны Пекин үкіметі (Япония әрине Манчжурияны қолдайды).

Шет патшалықтар 10 жылдан бері Қытайдың жанжалына қатынаспай келіп, биыл ғана қимасы қалай қыши қойды? Оның себебі: қытай халқы (Сун-Ят-Сен үкіметі) Советпен татулық жасап отыр. Қытай Советпен жақындасып кететін болса, жаһангерлердің қармағынан мүлде құтылатын жолға түспек. Өз алдына ел болу қамын жемек. Қытайдың ондай халге келуін олар қиямет болғандай көреді. Өйткені Қытайдағы өнеркәсіп орындары бәрі дерлік шет патшалықтардың қолында. Олардың істеп шығарған нәрсесінің өткізетін орны — Қытай. Олар Қытайды тілесе сатып, тілесе соятын малы есебінде ұстамақ. Сондықтан олар Қытайды өз тырнақтарынан шығарғысы келмейді. Сондықтан бүлінбесең жарыл, «түрт шайтан түрт!» деп Қытайдағы әлеумет соғысына олар көлденеңнен күзетші есебінде ғана бақылап тұратын. Ондағы ойлары, Қытай неғұрлым бүліншілікке айналып берекесі кетсе, соғұрлым лайықты болар дегендік.

Оның үстіне қазірде Қытаймен татулық жасап отырған Совет үкіметін өз арасынан соғыс шығарып та, шеттен жауды айдап салып та жеңуге болмады, енді Қытайды иемдендіріп күшейтіп алмайық деп жанталасқандығы деуге болады. Сол себепті Совет үкіметінің кәсіпшілер ұйымы «Қытайдан қолыңды тарт» деген ұйым ашып, барлық жер жүзінің кәсіпшілеріне ұран салып отыр. III интернационал басқармасы езілген Қытай еліне шабуыл жасатпау жөнінде қолдарыңнан келгенді аямаңдар деп бүтін дүние жұмысшыларына жарнама таратып отыр.

Тегінде Совет үкіметінің тұтынған жолы: қайдағы езілген елді құлдықтан құтқарып, қатарға қосу екендігінің үстіне, өзі дос, езі көрші Қытай бұқарасының «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткеніне» риза еместігін білдіреді. Өйткені 400 миллион жаны бар Қытай секілді елдің бытырап берекесі кетсе, әр езілген елдердің үміті босқа «еткендей болмақ, жаһангерлер үкіметінің көздегені сол.

Ал Қытайдың іргесі ашылмай олардың тырнағынан құтылса, өңештеріне құм құйылғандай болып, жолдары тараймақ. Соны біліп оларда Қытайдағы әлеумет соғысына астыртын болсын, көріне болсын көңілдерін бөлмей қалатын түрі бар.

Соңғы хабарларға қарағанда, сырт патшалықтардың Қытай соғысына керіне кірісуін бәсеңдетпесін дегендігі байқалады.

Бұл бәсеңдету әр патшалық өз қол астындағы жұмыскерлерінен именгендігінен болар, яки артын бастық дегендерінен болар. Қайсысы болса да жұмыс аласапыран суға айналып, кезіне келіп қалғандай болса, «аттан салмай» қарап отырайын деп отырған жаһангерлер үкіметі жоқ.

Қалай да, Қытайдағы соғыстық зораймауына себепкер болу, зорая қалған күнде, байлар үкіметіне қарсы құрал көтеру жер жүзі еңбекшілерінің міндеті.

«Қытайдан қолыңды тарт!» деген ұранды айтып, ұйымына кірмейтін езілген елдің азаматы болмас.

 

Бөлісу: