Жөнімен өкпелеу керек

8 Желтоқсан 2012, 06:18

  Әр халық езіне басқарушы білмірлерінен күтетін нәрсесін шын сөз толық ақыл болғаны секілді, біздің қазақ халқының да басшыларынан үміт ететін нәрсесі сол — деймін. Олай болғанда білмірлеріміздің борышы да сол болуға керек емес пе? Ал, енді өзіміздің күткен нәрсеміз басшымыздың қылша мойнын тұтам деп ұғатын болсақ, айнала келіп, бәрің бір ауыздан «жақсылық төбеңнен жауайын деп түр деп айтпайсыңдар деп өкпелеуіміздің жөні бола берер ме екен? Рас, біздің өкпелейтін орнымыз бар, егер де басшыларымыз бастан-аяқ жолдан тайса, бағаналы шын сөз, толық ақыл сын айтуды қойса, болмаса өзінің керт қара басының ғана пайдасын ойлап кетсе, сол үшін қиямет етсе, сол үшін таласса, олай болмаған күнде құр «сөздерің екі айыр шықты, сендер бізді оңдырмассындар!» деп қортаңдаушыздың реті жоқ. Соз айыр шықса, шықсын! Онда не тұр? Әркім өз пікірін айтуға ерікті болатын болса, газет, журналға сөз жазушы мырзалардың әрқайсысы әр жерде болатын болса, сез айыр шықпай қайтеді? Съезд болған күнде де сөздің бір жерге жиналуы, бір сөздің дәлелінің қуатты болғандығынан емес пе? Олай болса «бір сөзді кім бұрын жазса соны құптай бер, өзгелерің ләм-мим деп пікірлеріңді айтпаңдар дегенше, не сөз жазсаңдар, не ақыл айтсаңдар дәлелін толымды қылып көрсетсеңдер екен деп өтінсек болмай ма? Таразының қай жағы басып тұрғандығы көзі бар адамға белгілі болмаушы ма еді, тіпті таразыны көрмейтін соқыр болсақ, онда кімге өкпелейміз? Газет, журналдың сезін күтетін мырзаларға, нағызының өзі (аллатағала) «...» ін ойламай, салыстырмай қабыл ет деген бе екен? Оның бергі жағында газет, журналға сөз жазушы білмірлеріміз аллатағаладай біреу ғана емес қой. Тағы да біреулер жазады: «Қазақ» пен «Айқап» тың келген номерлері сайын екі түрлі сөз, екі түрлі кеңес келеді, егер де бұл кеңес бітпесе бұларды алып оқушылар азая ма деп қорқамын» деп. Рас, бұлардың таластары не соз үшін, не дұшпандықтан болса, онда оқушылары азаймақ түгіл, өздері шығудан тоқтар деп қорқыныш көңілге келеді. Бірақ олай болмайынша әркім шын көңілмен білгенін айтқандықтан шығып тұрғаны басқалық болса, онда басшыларымызды тергемей, өзімізді тергеуіміз керек. Және бір соз: газет, журналдың не екенін біліп, оны алып оқуға құмар болған жаңа талап бір азамат пен бұрыннан да газет, журналмен таныстығы бар, оның қадірін білетұғын мырзалардың сөзі айыр шықты, керегі жоқ деп «Айқап» пен «Қазақ» қа жазыламын дегендері тоқтап, алдырып тұрғандары тастап жатыр деген соз газет, журналдың басқарушыларын қорқытпаса, көлденең кісіні нандырарлық сөз емес. Неге десеңіз газет, журналды алдырмаушылыққа әм жазылғаннан тоқтап қалуға себеп: үш-ақ нәрсе: 1) надандық, 2) сараңдық, 3) пұлсыздық. Міне, соның үшін надан менен сараңға «сез айыр шықты» да дәлел болуға жарайды. Аяғысында айтатынымыз: «Бірлік қылыңдар! Береке бірлікте», «Алтауың ала болсаң, ауыздағы кетеді» деп бүтіндік айтып, құрамалдық қылу теріс емес. Бірақ өздерінің жалқаулықтарына «шариғат сләмие» ні дәнекер қылып көрсететін атаның баласымыз ғой. Ата кәсібін ұмыту да қиын-ау!  

 

Әр халық езіне басқарушы білмірлерінен күтетін нәрсесін шын сөз толық ақыл болғаны секілді, біздің қазақ халқының да басшыларынан үміт ететін нәрсесі сол — деймін. Олай болғанда білмірлеріміздің борышы да сол болуға керек емес пе? Ал, енді өзіміздің күткен нәрсеміз басшымыздың қылша мойнын тұтам деп ұғатын болсақ, айнала келіп, бәрің бір ауыздан «жақсылық төбеңнен жауайын деп түр деп айтпайсыңдар деп өкпелеуіміздің жөні бола берер ме екен? Рас, біздің өкпелейтін орнымыз бар, егер де басшыларымыз бастан-аяқ жолдан тайса, бағаналы шын сөз, толық ақыл сын айтуды қойса, болмаса өзінің керт қара басының ғана пайдасын ойлап кетсе, сол үшін қиямет етсе, сол үшін таласса, олай болмаған күнде құр «сөздерің екі айыр шықты, сендер бізді оңдырмассындар!» деп қортаңдаушыздың реті жоқ. Соз айыр шықса, шықсын! Онда не тұр? Әркім өз пікірін айтуға ерікті болатын болса, газет, журналға сөз жазушы мырзалардың әрқайсысы әр жерде болатын болса, сез айыр шықпай қайтеді?

Съезд болған күнде де сөздің бір жерге жиналуы, бір сөздің дәлелінің қуатты болғандығынан емес пе? Олай болса «бір сөзді кім бұрын жазса соны құптай бер, өзгелерің ләм-мим деп пікірлеріңді айтпаңдар дегенше, не сөз жазсаңдар, не ақыл айтсаңдар дәлелін толымды қылып көрсетсеңдер екен деп өтінсек болмай ма? Таразының қай жағы басып тұрғандығы көзі бар адамға белгілі болмаушы ма еді, тіпті таразыны көрмейтін соқыр болсақ, онда кімге өкпелейміз? Газет, журналдың сезін күтетін мырзаларға, нағызының өзі (аллатағала) «...» ін ойламай, салыстырмай қабыл ет деген бе екен? Оның бергі жағында газет, журналға сөз жазушы білмірлеріміз аллатағаладай біреу ғана емес қой.

Тағы да біреулер жазады: «Қазақ» пен «Айқап» тың келген номерлері сайын екі түрлі сөз, екі түрлі кеңес келеді, егер де бұл кеңес бітпесе бұларды алып оқушылар азая ма деп қорқамын» деп. Рас, бұлардың таластары не соз үшін, не дұшпандықтан болса, онда оқушылары азаймақ түгіл, өздері шығудан тоқтар деп қорқыныш көңілге келеді. Бірақ олай болмайынша әркім шын көңілмен білгенін айтқандықтан шығып тұрғаны басқалық болса, онда басшыларымызды тергемей, өзімізді тергеуіміз керек.

Және бір соз: газет, журналдың не екенін біліп, оны алып оқуға құмар болған жаңа талап бір азамат пен бұрыннан да газет, журналмен таныстығы бар, оның қадірін білетұғын мырзалардың сөзі айыр шықты, керегі жоқ деп «Айқап» пен «Қазақ» қа жазыламын дегендері тоқтап, алдырып тұрғандары тастап жатыр деген соз газет, журналдың басқарушыларын қорқытпаса, көлденең кісіні нандырарлық сөз емес. Неге десеңіз газет, журналды алдырмаушылыққа әм жазылғаннан тоқтап қалуға себеп: үш-ақ нәрсе: 1) надандық, 2) сараңдық, 3) пұлсыздық.

Міне, соның үшін надан менен сараңға «сез айыр шықты» да дәлел болуға жарайды.

Аяғысында айтатынымыз: «Бірлік қылыңдар! Береке бірлікте», «Алтауың ала болсаң, ауыздағы кетеді» деп бүтіндік айтып, құрамалдық қылу теріс емес. Бірақ өздерінің жалқаулықтарына «шариғат сләмие» ні дәнекер қылып көрсететін атаның баласымыз ғой. Ата кәсібін ұмыту да қиын-ау!

 

Бөлісу: