Ұлы ақын
Екі ғасыр келбетін өз көзімен көріп өскен, өзінің өмір сүру мезгілі тұтасынан бір ғасырды қаусырған, әйтсе де, жасы жүзге толуға тек дана бірнеше ай қалған, қазақ даласында туған ақын Жамбыл 1945 жылдың июнь айының 22 күні мәңгілікке көз жұмды. Ол – XIX ғасырдың түнегінде туса да, қазіргі XX, бақытты ғасырдың күні, оның жүрегі мен жырын қайтадан жасартып еді.
Біздің сүйікті Ұлы Отанда совет өкіметі орнағанға дейін, бұрынғы патшалы Россияның отарлық бұғауында ойранға ұшырап, опық жеп ескен қазақ халқы екінші жағынан өз елінің хандары мен билерінен, байлары мен бектерінен қатулық пен қытымырлық көріп, сан жылдар бойы қосалқы қанаушылықтың зардабын тартты. Ол заманғы сұрғылт бұлтты, сүреңсіз даланың бейнесіне басы бұғаудағы, малы айдаудағы қазақ елінің көңілі қаяу, еңбекші қалың бұқарасының қилы-қилы кезеңдерінде де алдағы жайма-шуақ өмірді күткен аңсауы мен арманын халықты жан-тәнімен сүйе білген сол кезгі ақындар жырының сарынынан да айқын көреміз. Көкала толқынды Каспий теңізінен бастап қар жамылған Тянь-Шань шыңдарына шекті созылып жатқан ұшан қиыр қазақ даласының қай шетіне көз тіксеңіз де, сол кезгі бейнесі қуаң тартқан қамығуда болатын. Бірақ, атар таңнан шұғыла күткен шырайлы жарқын үмітін жоғалтпаған. Ол кезде Алатау бауырындағы Жетісу елі де осы қалыпта еді. Өткен тұманды ғасырдың алғашқы жартысында бұлыңғыр жылдардың 1846 жылында осы күнгі Жетісу елінің Шу бойында Жамбыл тауының жылғасында бұрқыраған боранды бір күні – жарғақ тонды Жабай қарттан туған сәби Жамбылды болашақта жалынды алып ақын болады деп оның әкесі Жабай да, анасы Ұландай да, қала берді тіпті бүкіл Жетісу елі де ойлаған жоқ еді. Ол кезде патшалы Россияның отары болып бір езілсе, сол тұстағы хандығына бағынып, Құдияр ханның қаныпезер қытымырлығынан қысылып сүлдесі тұрған Жетісу елі, жаңа туған Жамбыл сияқты бір сәбидің болашақта кім болатын тағдырын ойлап білмек түгіл, бүкіл халық тағдырының да қандай болатынына анық көзі жете қоймайтындай кезі еді.
Ес біліп өсе келе, жасы 10-нан аса, ел күйін көре, құлағын сұлу сөзге түре жүрген бала Жамбыл ауылдағы әншілер мен ақындардың, домбырашы мен күйшілердің әуені мен лебізіне әуес бола бастады. Ән мен жырды Жамбыл ұнатқан зерек бала ауылдағы молдаға оқуға берген жерінен молданың ұруы мен соғуына ызаланып, оқымай қашып кетіп, оған:
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жон жағым
Талай дүре соғылды.
Оқымаймын молдадан,
Екі иығын қомдаған,
Бала келсе сабаққа
Жем аңдыған дорбадан, –
деп, өз жанынан өлең шығарған күннен былай қарай, Жамбыл енді ауылда «Ақын бала» атана бастады. Онан соң Жамбыл өзі 14 жасқа толғанда ауылға келіп отырған сол кездегі Жетісудың атақты ақыны Сүйінбайға өлеңін тыңдатып, Сүйінбай Жамбылдың әкесі Жабайға «Балаң түбінде жақсы ақын болады екен, бетін қайтармаңыз» деген пікірін айтқаннан кейін-ақ, бірте-бірте Жамбыл өлең шығаруды үдетіп сала берді. Осы кезден бастап ол, Сүйінбайды бірінші үлкен ұстазы көріп құрмет тұтты. Бара-бара Жамбыл, жаттап айтып жүрген ақын-жыраулардың аузынан халықтың ауыз әдебиетінің нұсқауларын көп есітіп, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш», «Ер Тарғын» дастандарын тыңдай жүре Абайдың қолдан-қолға тарап кеткен қолжазба өлеңдерін тыңдап, Навои, Низами жырларын естіп, бұрынғысының үстіне, өзінің ақындық дарынын күшейте түсті. Жамбыл жігіт жасына келіп өскен кезінде қыздарға өлең шығарып айтумен қабат, кедейлерді жақтай, оларға жаны ашып, байларды сықақтай, шымшымалы ащы сөздерімен сынай-міней өлең шығарып жүрді. Байлардың қанаушы озбырлығын өзінің найзадай өткір жырларымен кескілеп әшкерелей түсті. Бір бай, Жамбылға менің осы итімді мақтап өлең шығаршы дегенде, Жамбыл:
Итің жаман демеймін,
Күзетіп жүр малыңды.
Көпшілікті бүлдіріп
Ұрлап алғандарыңды!
Сенен жұртқа ит жақсы
Күзеткен қотан ауылды, –
деп шығарған өлеңінің өзінен-ақ Жамбылдың байларды ашына әшкерелегені ерте кезден-ақ белгілі болатын. Немесе, «Кедей күйі» деген өлеңінде:
Ұзынағаш, Қаратас,
Қалқабайдай қайран жас
Қалт-құлт етіп жүргені
Қысы-жазы қарны аш.
деп, кедейлердің аш-жалаңаш жүрген халін жырлап, кедейге жаны аши сөйлейді. Жамбылдың бұл өлеңі, – ұлы ақын Некрасовтың халық мүддесін жақтап, Россияның құл ұстаған заманындағы бейнесін сипаттайтын өлеңдерімен үндесіп жатады. Бұл үндестік – Жамбылдың Некрасовты оқып, содан үйреніп жырлағандығынан емес, сол замандағы халықтың, қоғамның тарихи-экономикалық саяси жағдайларының, мемлекеттік құрылыс жүйесінің жағдайынан, өмір шындығынан туған үндестік. Елді құлдықта ұстаған кезде Россияның деревня мен астана өмірінде қоғамдық қайшылықтарын орыс халқының атақты, дарынды ақыны Некрасов:
Астанамыз тұр ғажайып нұрлана,
Байлығы да шалқып аспан бұлақтай.
Өмір сүру қиын кедей сорлыға,
Миллионерлер тұрмысы бір жұмақтай, –
деп жазады 1843 жылы. Жамбылдың совет өкіметі орнамастан бұрынғы ерте кездегі әлгі «Кедей күйі» сияқты өлеңдері, Некрасовтың, Шевченконың халық мүддесін жақтап жазған, қанаушы тапты әшкерелей, түйрей жазған жырларымен үндесіп жатады. Бұлай болуы заңды да, өйткені, мұндай өлеңдер қанаушы таптың қаналушы тапқа істеген қысымы арқылы, қоғамдық-экономикалық қайшылықтардың күшею салдарынан, халық кегінен барып туған, өмір шындығынан барып шыққан жырлар.
Жамбыл 1881 жылы атақты Құлманбет ақынмен айтысады. Құлманбет елінің байын, биін, ханын мақтап айтса, Жамбыл оған қарсы хан мен биді, бай мен бектерді жамандап, оның қанағыштығын, зұлымдығын, елге озбырлығын әшкерелеп, Құлманбетті басқа ұрған танадай тоқтатып жеңіп шығады. Осы кезден бастап Жамбылдың аңғарлы, дарынды өрен жүйрік ақын екендігі елге паш болады. Оның атағы халық арасында бұрынғысынан да жоғары көтеріліп кетеді. Алайда, ол кездегі хан, сұлтан, бай мен бектер Жамбылды жек көріп алдын қақпалай береді. Олардың кесе-көлденең тұрғанынан жәбір көрсе де Жамбыл өзінің халықтың өр бетінен қайтпай, өзіне істеген халық қошеметін көңіліне медеу тұтып, арыған, шаршағанына қарамастан бір ауылдан бір ауылға қоналқалап, жапан түзді жарқын жырмен жаңғыртып тарта береді. Сөйтіп жүріп, 70-ке келіп жаутаңдап, жабырқаңқы далада сақал-шашты ақ шалып, өзі шау тартып қалған шағында жарқ етіп атқан Октябрь таңының шұғыласына кездесті. Бүкіл халқымыздың бақыт күнімен бірге қатар шырқайтын өлеңінің де нұрлы күні туды.
Жамбылдың өр дауысты ерен жырлары совет өкіметі орнағаннан кейін ғана бар пәрменімен шырқай шықты. Жамбылдың өзі де, жыры да қайта жасарып, қайта жасады. Екі ғасырлы жасы да, жыры да қатар қамтыған ақын дейтініміз де сондықтан. Жамбылдың Октябрь революциясынан бұрынғы еңбектерінен ақынның өз аузынан жазылып алынып қағаз бетіне түскені: «Әкеме», «Шағым», «Кедей күйі», «Зілді бұйрық» сияқты 30 шақты өлең, 12-13 айтыс өлеңдері, және оның күрделі шығармаларынан «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» атты поэмалары. Бұл шығармаларында ақын, патша мен хан билеген замандағы елдің ауыр халін, хан мен бектердің халыққа істеген озбырлығын, халық мүддесі үшін күрескен батырлар ерлігін, бақытты өмір аңсаған халық арманын жырлайды.
Елімізге совет өкіметінің орнауы, орыс халқы жұмысшы табының революциядағы жеңімпаз күші, Лениндік ұлт саясатының толық асуы, коммунистік партияның ұлы қамқорлығы арқасында – Жамбыл бүкіл Совет Одағының маңдай алды ақындарының бірі болды. Ақын Жамбылдың дарынды жырлары – өзінің поэзиялық сұлулығымен, патриоттық терең мазмұнымен және халықтық айқын ұғымдылығымен, керекті жерінде семсердей өткірлігімен, жүрекке қона қалатын жұғымды жылылық лебімен шарықтап шыққан шығармалар. Жамбылдың өшпес жырлары қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған қымбатты, құнды қор.
Совет өкіметі орнаған күннен бастап, тап осы бақытты өмірді аңсаған Жамбыл, советтік өміріміздің сан-саласын үздіксіз, белсене жырлады. Жамбылдың Октябрь революциясына, совет өкіметінің жеңімпаз жетістіктеріне арналған алуандаған жарқын жырлар жасалды. Ұлы ақынның «Туған елім», «Ленин Мавзолейінде», «Ұлы заң», «Испандық туысқандарға», «Орден алғанда», «Клим батыр», «Өмір жыры», «Ленинградтық өрендерім» сияқты өлеңдері халыққа рух беретін үлкен дарындылықпен жазылған поэзия інжулерінен саналады. «Ленин Мавзолейінде» деген өлеңінде:
Дәулетке батып белшеден
Ырысқа қандым, кенелдім,
Заманнан бергі құрсаудың
Сен ағыттың тиегін,
Сенен алып нұр-сәуле
Бекіді менің сүйегім.
Адамзаттың асылы
Ақшыл тартқан басымды
Алдыңа келіп иемін, –
деп жырлайды Жамбыл. 1936 жылы Кремльде жолдас Калининнің қолынан орден алғанда Жамбыл шабыттана жырлаған. Оның «Орден алғанда» деген өлеңінде:
Тоқсандағы Жамбылға
Толқындата сөз келді,
Көктеменің көгіндей,
Кәрі өмірім өзгерді.
Алтын орден алғаным
Терең жырдың тиегі,
Көрікті Отан алдында
Ақын жырын үйеді.
Қайнаған іс қалың күш
Қаһарманым сөз қыла,
Ақ иық қыран құс боп ұш,
Сайра шешен домбыра! –
деп жырлайды. Шынында да, тоқсандағы ақынның толғауының осылайша толқындала жырлануы – жан түбінен тебірене қозғалып шыққан сөз екендігін, оның Ұлы Отанымызды тамаша мейірленіп сүйетіндігін, өзінің де, жырының да Отан арқылы жасарып шабыттанғанын сипаттайтын өлең. Көрікті Отанның бойындағы бүкіл дарынды жырын аямайтындығын айқын сездіретін патриоттық жыр. Жамбылдың бір емес, барлық өлеңдері де осылай арынды, әрі жылы сүйкімді, әрі көркем, әрі терең мағыналы болып құйылып отырады. Жамбыл өлеңдерінің күшті шығатын себебі: ол бүкіл бір ғасыр бойы халықпен бірге жасасып, өмірдің ащы-тұщысын өз көзімен қаныға кергендік мол тәжірибесі бір болса, екіншіден өзінің дарынды ақындығының үстіне халықтың ауыз әдебиетінің сарқылмас бай қазыналы мұхитынан жүзіп ішкендей шөлін қандыра, үйрене біліп қанығуында. Оның үстіне, жырларының күшті шығатыны, – совет заманында еңбекші халқымыздың гүлденіп өскен бақытты өмірін күнбе-күн көзімен көріп отырған ақынның соған риза болып, қуана шабыттануынан. Елімізде социализм іргесі нығая қаланып күшейе түскен сайын, әсіресе Советтік Конституция шыққан жылдардан бастап Жамбылдың жырлары тағы да бір асуға аттағандай үдей түсті. Ол «Ұлы заң» атты жырларында:
Шаттықтың тартып әуенін,
Аралап колхоз ауылын,
Тыңда, дала, Жамбылды
Тыңда, Қастек, Қаскелең,
Сөйлесін кәрі бауырың.
Ардақтаймын Советтің
Әділ заңын тамаша,
Орнатқан шаттық дәуірін.
Өлеңмен топқа қосылып
Қандыр көңіл құштарын,
Өлеңменен айтып бер,
Ұлты басқа, тілек бір –
Елдер тізе қосқанын,
Отанымның гүлденіп
Шаттықты сүйіп құшқанын, –
деп, Жамбыл ел бірлігін, ел достығын советтік заңның әділ заң екендігін, осы заң арқылы ел өмірінің тамаша көркеюін, ел жүрегінің шаттыққа бөленгенін қуана жырлайды.
Жамбыл социалистік өмір құрылысының барлық саласы жайында да елімізде болып жатқан күнделікті игілікті істер туралы, Отанымыздың жеңімпаз күші жайында, колхоз даласының еңбек ерлері туралы, мұнайшы, көмірші, малшы, мақташы, жұмысшы туралы, әскерлеріміз туралы, коммунистік партия туралы кептеген жалынды жырлар жазды. Жамбылдың қазақ совет поэзиясына сіңірген еңбегі ұшан-қиыр. Жасы 100-ді қаусырған ақын, өткен Ұлы Отан соғысы тұсында майдандағы жауынгерлерге рух беріп, халқымыздың қуатын көтере, өзінің патриоттық жалынды отты жырларын жауға оқтай боратты. Оның «Ата жаумен айдастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Аттан, батыр ұрпағым»,. «Ленинградтық өрендерім», «Ту астында берген ант» сияқты тағы да толып жатқан өлеңдері Ұлы Отан соғысы кезінде елімізді де, майдандағы жауынгерлерімізді де жеңімпаздыққа шақырған шығармалар. Жамбыл, тек шағын көлемдегі жырлар ғана жасаған ақын емес, шығармалық тынысы кең, үлкен ақын. Оның көлемді эпикалық поэмалары да поэзиямыздан үлкен орын алады. Жамбылдың «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Заман ағымы», «Туған елім», «Халықтың жарық сәулесі», «Ворошилов туралы поэма», «Менің өмірім», «Менің бақытым» деген поэмалары үлкен, іргелі, оқиғасы бай, бүкіл заман ағымын, ғасырлар кезеңдерін, халық бейнесін, өмір сипатын суреттейтін, ақындық тілі шебер, сөз образдары әдемі, теңеулері тамаша дарынды шығармалар.
Жамбыл үздік дарынды, жыр жүйрігі, ұлы биік ақын. Қазақ халық поэзиясының алыбы Жамбыл тек қазақ еліне ғана әйгілі емес, ол, бүкіл Совет Одағына атағы шыққан ақын. Жамбыл шығармалары көптеген шетелдер тіліне де аударылды. Бұл ұлы ақынның шығармалары 1954 жылға дейін Совет Одағын мекендейтін 32 ұлттың тілінде, жалпы тиражы 1.381 мың дана болып басылады. Венгер тілінде көптеген өлеңдері және «Өтеген батыр» поэмасынан үзінді басылды. 1947 жылы Прагада Жамбылдың таңдамалы өлеңдер жинағы чех тілінде басылып шықты. Халық-демократиялық республикаларында да Жәкеңнің өлеңдері сол елдердің тіліне аударылып басылды. Міне, Жамбыл жер жүзіне аты жайылған ұлы ақын. Ақындардың атасы ұлы ақынның дүниеден қайтыс болғанына биыл 10 жыл толды. Бірақ, Жамбылдың өшпейтін тамаша жалынды жырлары мәңгілікке өмір сүре бермек.
1955