Онда Жетісу облысы, дуанымыз - Қапал. Ояздық начальник Голецев деген неміс. Қазақ мұны «ояз» дейтін. Мұның тілмашы — Нұртай Қожатайұлы. Нұртай руы - Жалайыр. Участковой, пристав Конев деген орыс. Бұл да Қапал қаласында тұрады. Бейсембі — стражник. Ия, ол сарыала мойнында қылышты салақтатып шауып жүреді. Мұқаш деген ояздың начальнигінің шабарманы. Мұны қазақ «бір кез жасауыл» дейді. Мұндай бір кез жасауыл көп. Мінгендері лау. Болыс-болыста бір-бір қазақуар казак- орыс «песір» бар.
Оязбен араласы бар қаланың саудагер байлары, молда, қазіреттер, даланың жуан аулынан шыққан жуан кісілері; жуан ауылдан тұрған болыстар — бұлар оязбен ауыз жаласады. Әсіресе Маман, Тұрысбек тұқымы. Ол бұларды «Көк үй» дейді. Бұлар өздері әрі далаша — бай, әрі қалаша — саудагер. Жоғарғы отағасы өзін, оязды және оның орынбасарын (Киров), тілмаштарын су-суанымен сыйласып... Жалайырды — Қожақан, Матайды — «Көк үйлер» басқарып, ұлықтар үлестірген «шенін» қолынан таратады. Өйткені Қапал оязындағы Маман ауылы өзге қазақтан көзі ашықсымал болатын. Олар жергілікті орыс ұлықтарымен таныстығының үстіне қазақтың ол уақыттағы ұлтшыл оқығандарымен де байланысы бар еді. «Қазақ» газетін әрқайсысы алдырып оқитын. Қазақ оқығандарының «Қазақ» газетінің ондағы ел көтерілісін жақтырмағаны ма, һәм осы себептерден біздің Қапал оязындағы «Көк үйлердің» де көңілі жігіт беруде болды. Бірақ жергілікті әкімдер «Көк үйге» де сенген жоқ. Жұртқа «сен жігіт бер деп айтпапсың», — деп Тұрысбекұлы Құдайбергенді Қапалға шақырып алып қамап... Тұрысбекұлы Сұлтанғұлдан болыстығын кандидаты Қожахмет Сейітбатталға (алып берді).
Қазақтан солдат алады-мыс; ол Думада сөз болыпты- мыс; оны «Көк үйлер» біледі-міс» деген ел ішінде ызың бар. Бірақ әлі анықталмаған құры «мыс». Ояз болыстарды бір көзбен жасауыл шығып, дуанға шақырды. Heгe шақырғанын жалпақ ел білген жоқ. Ай сайын шақырып, жарлық айтып, елге салық сала беретін. Соның бірі шығар деді де қойысты. Болыстар дуанға барған соң ояз ақ патшаның «жұмысшы жігіт алынады» деген жарлығын жариялапты. Оны ел өзінше алып қашып, «солдат сұрапты» деген суық хабар ел ішіне дүңк ете түсті. Ел тасқаяқтай қағысты, Халықтың төбесінен суық су сорғалатқандай ел құлағы елең ете түсті. Шырт ұйқыдан оқ оятқандай жетіден жетпістегісіне шейін серги кетті. Шаруа, күй-жай, әзіл жайына қалып, әңгіме «Солдат алу» қалай, қайда апарады? Болыстар не айтыпты, қай ел қалай екен, түбі не болады?» Міне, жұрттың баққаны, айтқаны осы.
Болыстар, елдегі беделді ақсақалдарды ояз өз алдына шақырып, сұрауға байлап тарқасыпты. Кешікпей беделді адамдар дуанға шақырылды. Мұнда «Көк үйлер», Бекіш Былшықұлы секілді оязға жақын адамдар «бала беруді» ыңғайлап, аузы қисайыпты. Нұрлан, Қиял, Дубек секілді жалпақ елге беделді ескі ақсақалдар бұл күнге шейін мұндай «сұмдықты» жұрттың естімегендігін, елдің бұл «солдат алудан» шошитындығын, толқитындығын, аяғы елдің қолынан бала бере алмайтындығын айтып, ояздың көлгір жұбарына илікпей отырып алыпты. Көлдей-Жұмай елінің Қиял деген ақсақалы: «Басында уада бар. Қазақтан өмір- өмірге солдат алмаймыз деп берген ақ патшаның өз хат- мөрі бар. Бұл уададан тайғаны, хат-мөрден қайтқаны—ұлықтың әділетінің кеткендігі», — деп қасқиыпты. Ояз Қиялға ашуланып, «тақтай тепкілепті». Қиялды жағасынан сүйретіп, үйден шығартыпты. Қиял: «Атқаныңнан да, асқаныңнан да қорықпаймын. Жасым сексенге келді. Аяр жаным жоқ. Жұрт құрмандығына кетсем, арманым жоқ», — депті. Сонымен Қиялды абақтыға қамамақшы екен, өзге Жалайыр, Найманның игі жақсысы жалынып жатып сұрап алыпты. Сонымен сөз орнықпай, тарапты.
Ауылға барып, жұртпен ақылдасып, 10 күн ішінде жұбабын бер деп болыстар бұйырыпты дегенді жұрт гу-гу еткізеді. Жұрт толқи бастады. Балапан басына, тұрымтай тұсына қам қылатынға түсті. Біреуге біреу сыр айтпай, бас қосып сөйлеспей, әр рудың өз ой, өз болжалы болғандай болды. Қапал оязындағы әр аталықтардың (Тәуке, Әйтеке, Еменлі, Қонақбай, Шоқпар деген елдер) Қытаймен шектес рулары жаяу-жалпы шұбап «арғы бетке» аса бастады. Қаптағай, Кенже, Төменгі аталық төмен тартты (құмға). Арғы бетке асатын елдің ұрылары қалатын елден қамти кетуге айналды. Ел іші апалаң-топалаң боп ұйтқи бұзылып, ортасы шайқалғандығы айқындалды. «Бала беремізге» аузы қисайған «Көк үй» ел көкейіне найзадай тиді. «Көк үй» және «болыстарды» ел орыстан арман көріп, жауыға бастады.
Алатаудың әсем жайлауынан ел етекке қайтты. Жайлау жақты. Мал оңалды. Бірақ соңғы жұманың ішіндегі қоқалақтан құры аттар ұсталып, ысылып қалды. Елде үрей жоқ. Қоқалақ қопақ. Біреуге біреу сенбейді. Әр ауыл өзіне қоғам. Әр ру өзіне икем. Не болыпты? Не хабар? «Солдат алады» рас болды ма? — Міне, ел аузы осы, ел аңызы осы.
Біздің ауыл ойға тартқан елде. Көшіп келеміз. Тәуке деген рудың қонысына келіп қонып жатқанымызда жаяу- жалпы шұбап, сиыр көшпен қақтығып, Тәуке «арғы бетке» ауып, кейін көшіп барады екен. Өздері жаман құты шайқалып, қоныстан ауған ел аршалы, тастақты жолда шулап, шұбырып келеді. Аспаннан «алдасы» бөле тастағандай мең-зең, бала-шағасы шулап, шұбап барады. Бір шал торы шолақ байталдың белінде. Балтасын беліне қыстырып, көшінің алдында күшік өңгеріп келеді. Желке шашы бұрқырап жыртық жаулықтан шыққан жалаңаяқ қара қатын «шүу, арамқатқырлап» уық қомдаған, үстіне қазанын салған қара сиырды жетелеп келеді. Оның арқасында бір бала, қолтығында емшектегі баласы. Бұл сиырды үсті шиедей қотыр, балағы жыртылған, қара тұтқыш ескі дабын дамбалдан басқа үстінде лыпасы жоқ 10—11-дегі қара қыз тау асып, тас басып, ақ сабаумен айдап барады. Бұлардың бара жатқан беті белгісіз. Қайда барарын, қайда бұрарын «бір құдайға тапсырған». Ежелден іргесі аумаған құтты қоныс, құтты тауына көш айтысқан. Бұларды үркіткен орыс, «солдат». Орысқа мейжен тұтты боп, кәпірге пенде болғанша асқар Алатаудың қойнында қаңғырып өлмек. Баз бір азаматың «солдаттан» сақтап қалып, үркіп жүріп, өлгенін көзінше көмбек, топырақты қолдан салмақ. Мұны көрген бізде үрей қалған жоқ. Олардың басына түскен мынау үркіншілік біздің басымызға да төніп тұрғандығы айтпай ашық тұр.
Үріккен ел иу-қиу боп ауыл үстінен өтіп жатқанда осы бөлек көштің арт жағынан астында қатып жүрген оқтаудай темір қара көк аты бар абажадай қара кісі көштен бұрылып, екі жолдасымен біздің ауылға тартты. Атын ұстап түсіріп, үлкендер амандасып жатыр. Бұл кісі жайлаудың шалғынына жая төсеген текеметке отырып, қорлен кесемен қымыз ішіп отыр. Басында қоңыр елтіріден құба төбел бөркі бар. Көнетоз сұр мал ескен шапанды көк елтірі ішіктің сыртынан баса киген. Қап қаз қанжарының болыскей сабы, ақынай қолы күміс белдіктің беліне қыстырылып, ішіктің ішінен көрінеді. Отқа пісірген бүйректей талауратқан тарғыл қара бетінің құлақ шықшытынан құлай біткен қоңыр айғырдың құйрығындай қою сақал қымызға қылғынған батамен бір сипалды. Қоңыр бөріктің астынан құдия біткен құлама қабақ, күнінде арғы бет пен бергі беттің жортуылшысы, ала тудың алыбы болғандығын айтып-ақ тұр. Ойнақтаған оты бар, қабақ астындағы шыңырауда жатқан өткір көз оқтай қадалады. Даусы күзгі бабына кеп отырған бүркіттің сәске саңқылында. Мәнін тежеп қайырып отырған қарасөз ел көшіріп, ел аттандырып жатыр. Бұл — Есбер еді. Есбер Тәуке еді. Тәуке жаңағы жаяу шұбырып бара жатқан кедей ел, барлығы бір-ақ старшын. 300 үйге тартады. Қонысы Қоңыр тау. Бұл елге егін салып, диқаншылық қылғалы көп болған. Бірлі-жарым адамы болмаса, көпшілігі нашар.Әсіресе орыстың ығын-шығынымен құрыған елдің бірі — Тәуке (жайлауының жақсы жері жақсы тұқым мал өсіруге, қыстауы омарталы орысқа кесілген). Есбер — Тәукенің ескі ері. Өздері оны «батыр» дейді. Жасында қан ағызған ұры болған адам. Өзгеге арғы беттің малын бергі бетке тасуды үйреткен Есбер. Қуғыншы қалмақты Бұра-Тарахманың асуында тосып алып түсіріп, алып ұрып қойша басып отырып сапымен қырқырата талай бауыздаған «батыр». Бұл күнгі қалмақ, қазақ қоныстап жүрген жердің ұңғыл-шұңғылын Есбер тегіс біледі. Аспан сөйлескен Тянь-Шань асқарларының тармағы мұның жортқан жері. Қай жерде қыс болмайды, қай жерде қар жатпайды, мұны Есбер естен шығармайды. Мына елді Мыңшұқыр деген жерменен Бұратар өзеніне асыруға Есбер бастаушы.
— «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен су кешер». Сондай күн туып, су ішіп, су кешіп барамыз. Орыс-орманның олжасына жас-жайнақты ұстағанша деп Тәуке іргесін тәуекелге сүйеніп көтерттім. Тәуке құтсыз қонысқа көш айтты. Пісіп тұрған егініміз тамылжыған күйінде қалды. Астықты алғанмен ақыры артар көлік жоқ. Жиған мүлік, мал, қара орман қалып барады. Жаяу-жалпы шұбадық. Алла алдымыздан жарылқасын. «Қанжығада көріселік» деген қоянның қоштасуындай болған күн көп басына туып тұр. Көшпеген көп Матай, көрісерге күн жақсы, көш!» — деп Есбер атына мінді.
Бұдан кейін осы Тәукелер секілді Емелелі, Қонақбай, Шоқпар, Әйтек деген елдер қара орын, үй-сайман, астық, қонысын тастап, үркіп жатыр еді. Біздің ауыл төменгі құмға тартты. Кеудедегі елден жанды қарға жоқ. Сары өзеннің қамысындай пісіп қалған тары тұр. Жердің жүзін алған сұлы-бидай, ақ астық қурап, құс шоқып, жел түсіріп, қирап жатыр. Қыстау-қыстаудың бәрі шаншып тастай салған кереге, кебеже, сандық, жүкаяқ, төсек ағаш, үзік, туырлық секілді үй-сайманы көк соққан далада қаран, қалыпты. Бұл күнде қалада малай қалмаған. Барлығы да қашып қырға кеткен. Ондап, жиырмалап малай жалдайтын орыс жұдырықтарының егіндері ол да «иесіз». Қалаға қатынап жататын тыныштықтағы қазақ жоқ. Қазақтан шығып қалаға қатынаспайды. Қала мен дала барымта жау секілді. Арғы беттен асуға айналған елдер бірлі-жарым қолына түскен орыс, қазақ малын қымқыра кетіп барады.
II
...Біздің ел көшіп, төменгі Ақсу бойындағы құмға келді. Айтжан деген кісі баласына ас беретін болды. Үш Матайға сауын айтып, үш жүз үй тігіп, Ақсудың бойынан жерошағын қазды. Жапсар Шұбар ағаш дуанының Садыры мен Қапалдағы Матай бас қосты.
Дәл осы кезде елдің беті белгіленбеген. Көңілі ұйқы-тұйқы. Ойда болыс-болысқа «баратын жігіттердің іспүснүгін бер» деп жатыр. Болыстар елдің тауқыметінен шыға алмай «береміз» деп орысқа айтып, «қайтеміз» деп көпке айтып жүр. Бірақ көп бермеуге жұмылулы. Қарсаңда «игі жақсыны» ояз тағы жинап алып, бала сұраған.
Мұнда Нұрлан ақсақал (жоғарғы) Қиял ақсақал айтқан сөзін айтып шыққан. Сонымен орыс та мең-зең. Болыстың да «кызмет бітіре алмайтын жаман болыс» атағын алып, тәкір естуден қауіптеніп, жар құлағы жастыққа тимей, шабуылда. Ел де не боларына, немен тынарына, суық сөздің арты неге соғарына көзі жетпейді.Сел соққандай тұнуда.
Жіңішке көгеріш сазды қуалай қаз-қатар тігілген қалың қазақ үйінің бел асар жерінде ас иесі Айтжанның Әкімбек деген' үлкен баласының оюлаған ақ отауы бар. Күн шілгер ыстық. Отаудың айналасына күреп үйген құмалақтай жиналған кісі бірін-бірі басып отыр. Киіз керегенің кесер басына шейін түріп тасталған. Отаудың іші исі Садыр, Матайдың «мен» деген жақсылары. Бұқа мойын, қалжалы қарын ақсақалдар. Жамылған туырлықтай жейделерінің жеңі мен омырауын қамбаз ыстықтан жеделдетіп, желпіседі. Ескі кемболат шолақ жеңді сүмілте киген, қолдан илеген ешкі тері қыржық қонышты байпағы бар, домбыра ұстаған ақынның дағдылы даусы әлгі ақ үйден аспанға тырмысқандай талып шығады.
Ақын басты майлық орамалдай қара кір шытпен таңып тастаған. Домбыраны баурай ұстап, арсиған арық қатпа қара шұбар шал аңыратып отыр:
Алты ауыз қылып қазақты
Басында орыс ел алды.
Енді орысқа қаратып,
Төре мен сұлтан шен алды.
Түтінге төрт теңгеден
Шаңырақ, ақша һәм алды.
«Терісіндей өгіздің»
Деп қана сұрап жер алды.
Сол жеріне кент салды.
«Қазақтан салдат алман» деп
Хат-мер қылып ақ патша
О баста үде бере алды.
Түйенің мұрнын тестіртпей,
Мұсылманнан кек алды.
«Мектепке сурет қойсын» деп
Дінімізге қол салды.
«Үй бер» деді, үй алды,
Үй артуға түйе алды.
«Ат бер» деді, ат алды,
«Қап бер» деді, қап алды.
Елтірі, арқан, ақ киіз,
Ат кежім, байпақ, текемет,
Салдатқа керек деп алды.
Аяғында мінекей, аузын салды балаңа,
Енді алмаған не қалды... —
деп домбыраны сыңсып қайырады. Бұл — жасы 70-ке келген ескі жүйрік, дағдылы даңғыл Матайдың соқыр ақыны Бекетбай еді. Бекетбай кәрі құлақты, ескі сөзді көп білетін сұңғыла соқыр. Ол кешегі Абылайды айтады. Жетісудағы қалмақты Шонайға (батыр) көшіртеді. Кенесарының Жетісуға келіп, қазақтың орыс пен қытайдың қайсысына қарарын білмей екі жаққа жарылғанын жыр қылады. Орысқа төре тұқымы, сұлтандар мұрындық болып, елді қаратқанын тап басып айтады. Орыстың ел билеу жөнінің, алым алу ретінің көпке түсініксіз зорлыққа сүйенгендігін, жалпы бұқараның ішінен тұнған наразы екенін айтады. Қилы-қилы заман болып, қарағай басын шортан шалып, елдің ережелі ескі сабасы саязып, қутыңдаған қу шұнақ, шолақ заманға кез болып тұрғандығын жырлайды. Әрине, Бекетбай саяси cay атты, оқыған адам емес. Ол жұрт басына туған күннің торғайы. Ел ауқымының ауған бетіне шырылдайды. Ол — тыныштықта «жақсылардың» атасын, байдың дәулетін мақтап жүретін тілемсек ақын. Бірақ ескі сөзді жақсы біледі. Мұндайлар мынадай жұртқа келген «ұлы селбеге» айқай қосады. Елдің қамыққан көңілін тербетеді. Ендігі алатын қол қайыр, құдайы нәзірді мына күнде бұл осылай алғысы келеді.
Жұртшылық мұны мұндай соқырды еріксіз айдап, ескіні қозғаттырады. Елдің ойын тербетеді. Санасын шайқайды, аяғын әкеп өзінің «құдайына» соғады. «Кәпірді» зорлап, «мұсылманды» қорлап намыстандырады. Ұлт атынан, дін атынан аңырата сөйлеп, екі жаққа дұшпандық туғызады. Өз елін өзгеге өштестіреді. Қанын қайнатып, «қарсы қамыңды қыл» дейді. «Жігіт», «жұмысшы» дегенді «салдат» дейді. Өз жерінен кеткенді — «өлім» дейді. Өстіп елдің үрейін алып, елді жауықтырады. Мұндайлар —сол күндегі көтерілістің байғыздай қақсаған оятушысы. Қозғалыстың қоздыртпа, құтыртушысы, аңыратпа агитаторы еді.
Ақын аңыратып отыр. Ел құлаққа ұрған танадай, төмен қарап салбырап құлақ қоюлы. Айналаға ақын даусы қожа. «А!» десе топ жарып алып жөнелген көк бөріні созып барып-барып тастаған бәйге атының шабысындай жөңкіген өлең мұңды, зарды шумақтап барып-барып шұбатып тастайды да, қайта оралады. Елмен қоштасқандай, ән бояуындағы соңғы қайырыс, соны жердің суындай сылдырап келіп, төгіліп кетіп тоқтайды. Ел «Аһ!» дейді. Ақынның «А!» дегені тағы талып көтеріледі де жырлайды:
Ортаны шайқап орысың,
Орысқа шағып болысың
Елдің құтын тауысты-ау.
Баса шөгіп белін,
Баса қонып жерін
Сыйғызды бір қауызға-ау.
Қонысыңды қоршалап,
Қазақты талай боршалап,
Жылында бір түгелдеп,
Қол-аяқты кісендеп,
Жалғыз-ақ қап ед бауыздау.
Бауыздағандай мақтамен,
Мақтап жүріп мәз қылып,
Малынды тегіс алып боп
Жасыңа салды-ау ауызды-ау! —
дейді ақын.
Жұрт көңілі тұңғиықталып толқығандай. «Осының бәрі рас-ау» дегендей, тыңдаушы жұрт салбырайды.
Ақын ақбурыл самайын құлдилай ағып құлап бітіп қалған құдықтай көр көзге құйылған қара терін қолындағы жұмарлақтаған қара кір орамалымен кідіріп сүртеді де, ары қарай ағындап, тағы «А!» дейді:
Әлемді тегіс алыпты-ау
Ағылшын, орыс бермес сөз.
Нағылғанмен әйтеуір
Ел басына туған күн...
Ер басына кеген сөз.
Ақырзаман боларда,
Жер жүзін кәпір аларда
Жүз қатынға бір еркек
Қалады екен деген сөз.
Осынау сұмдық рас боп,
Туған жерден топырақ,
Қаламысың бұйырмай,
Көкөрім өңшең көгенкөз... —
деп жүйрік соқыр ақын мұңды даусын қосқан домбыраны сылдырлатып сыңсытады да өзі домбырамен емес, тыңдаған көптің көңілімен құшақтасып, керісіп жатқандай зарлайды. Тыңдаушының көбінің көзі жылап, көңілі керісіп жатыр. Шылбырдан алып тартып тастаған жарау жүйріктей дауыстаған (үннен) ажыраған домбыра қоңыр күйге түскенде бетке таяу пернелер басылса, бебеу қағып, қаққан саусақпен тасұр-тұсыр ойнақтайды. Қылқа мойынға таяу перне басылса, талықсыған қоңыр үн тайтаңдап таңдай сауады:
...Туған жерден топырақ
Қаламысың бұйырмай,
Көк өрім өңшең көген көз... —
дегенде аяулысынан айрылып, асын беріп отырған Айтжан ақсақал алақандай қызыл көзіне толып кеткен жасын бір сүртіп, жанындағы шақшасын алды. Қолдарын сыңар тізесіне айқастырып отырған үйдей бәйбіше сақиналары самсаған саусағын жазып, орамалмен ол да көзінің жасын сүртеді. Елдің өндіркелегенін ұғып алған мерген ақын қайдағы-жайдағыны қосып айдап, «мұсылманның басына ұрыс түскендігін, қазақтың баяғы ақ табан шұбырындышылық заманы енді басына келгендігін, азаматқа майданға барып, шепке ұсталып, шыбындай қырылғанша осы жерде өлудің керектігін» айтып келіп айтады:
Асан қайғы бастаған
Жолшыбай көмір тастаған
Жиделі-Байсын жері бар.
Шаңырағына мың түйе,
Жылына үш қоздайтын
Қой біткен құтты елі бар.
Қулы, нулы көлі бар.
Жалғыз түп қана шиіне
Айғыр үйір жылқы ығар.
Сондай шүйгін шөбі бар,
Көшудің соған жөні бар. —
дейді.
Ақынның бұл айтқаны елдің көңілін шырмаяқтаған, шиелеген ондағы ойдың шумағы еді. Бекетбай соқыр соның жаршысы еді. Осы кезде ел не боларын білмей, не жігіт берерін, не соғысып өлерін, не Жиделі-Байсын жерін іздеп, ақтабан шұбырынды болып ауарын айыра алмай, басқа ұрған балықтай сандалып тұрған кезі еді. Сұңғыла соқыр, кәрі ақын соны айтады.
ІІІ
Ac тарқап, ел жай-жайына кетті. Ол күнде елдің астығы пісіп қалып ап-сап алуға орақ қойды.
Бұл кезде болыстар елге «қазына ат сатып алады, оған түбінде ақша береді. Жарақты аттың барлығын ел беруге тиісті» деп, елге ат беруге жиналыс жасап жүрген кезі еді. Бірақ болысқа ешкім ат бергісі келмеді. Болыстар елдің түрін көрсетіп, оязға рапорт беріпті. Айтжан Садыр, Матайды жинап ас бергенін, ол асқа кімдер келгенін, онда жұрттың жігіт алуға көңіл аңғары қалайлығын өкімет тыңшылары, адамдары, болыстар орысқа білдірген екен. Төменгі төрт болыс елден ат алу үшін «үшешке бей прыстаб» (участковой пристав) Конев 18 солдатпен Бүйен Ақсу елінің болысы Асылбек Бұғытай баласының аулына келеді. Бұл тамыздың 9-ы. Пристав келіп, екі солдат, бір жасауылды (Кенембай деген бір кез жасауыл) жоғарғы ас берді деген Айтжан аулынан ат ұстап алуға жібереді. Орыс ауылына келгенде Айтжан аулы жылқысын айдай қашты. Айтжан жылқысы үріккен соң Қайнар, Сақай деген ел барлық жылқысын жау тигендей Ақсу құлдай құмды аралата қуады.
Күн көтеріліп қалғанда ұйқыдан оянар-оянбастан ауылды аттан-айқай басып кетті. Жер-дүние ұлан-азар шаң. Қосақталған құлынды ағытып жіберіп, жайдақ, жалаңаяқ жылқыны әркім-ақ қуып барады. Қонақ қабайлап, көбенсісіп қалған бір-бір шолақты кедейлер де мініп алысып, төмен жылқымен бірге жүрісіп, үркіп жүр. Сойылдың астына алып айқаймен айдап келе жатқан Айтжан жылқысы біздің ауыл үстіне келгенде мойнында мылтығы, жанында қылышы бар еңгезердей екі солдат салақтатып Кенембай жасауылмен жылқыға жетті. Бұлар жылқының алдына шығып, айдап келе жатқандардың алдынан жылқыны кейін қайырып алды. Басына жез маңдайлы қара сеңсең папақ киген қылышты Кенембай жасауыл қазақтың жетпіс жеті әкесінің аузынан құлдилатып боқтап, үбір-шүбірден шұбатып бүлініп жүр.
Жылқыны пристав жатқан Асылбек болыстың аулына айдады. Қара шегірткедей қаптаған қара қазақ айдаған жылқыдан айрылып қалып, аңырайып тұрды да қалды. Екі солдат, бір қазақ (жасауыл) жылқыны жөңкілте қуып кетіп барады. Шауып келген Айтжан аулының жігіті Кәдірбек аттан салып, орма қызыл атпен жайдақ шауып келіп:
— Елмісің, жаумысың? Жау әкетіп бара жатқан малдан аяған жанның аяулысы қайсы?» — деп, «Қайнар, Қайнар!» —деп ұрандап, орыстар айдап бара жатқан жылқыға атты қоя беріп еді, қамалып қалған халық түгелімен ат қойды. Кәдірбек шауып жылқыны кейін бұрғанда қапталдай шауып келе жатқан екі солдат тұра қалып мылтықтарын мойнынан алып, аттарын жалма-жан қалмақша байлады да, мылтық атуға оңтайланғанша айналақтай шауып, ел ортаға алып қалды. Күрең аттың орта беліне одырая мініп, лағнаттап, боқтап тұрған Кенембай жасауылды Кәдірбек ағызып келіп құрықпен көсігенде, екі солдаттың үстіне өзге ел сойылды жаудырып берді. Апыр-топыр, сарт-сұрт. Аттың бауырынан өткізіп сойылмен, қамшымен тимегені жерді, тигені жасауыл, солдаттарды ұрып, серейтті де салды. Бас-көзін қан жауып, топыр тұяқтың астында топырақ болып жатқан орыс пен жасауылды ел артынан жаңа шауып келген бір «жындылар» ағызып өтіп бақанмен бір періп кетеді. Жығылған кісі кірпігі қимылдап қана қымсынады. Сонда өзгесі «араша-араша» деп оған қой-қойлайды.
Олардың екі мылтық, үш қылышына таласып, біріне-бірі алып қашып, қазақ тартысып жатыр. Үш Қайнар болып бұл сайманды бөліп алысты. «Бізге мылтық бермей, қылыш бердің» деп Сұлтанай деген ел өкпелеп, анадай төбеге түсіп, қалың елге кісі салып отыр. Ер тоқым, ат-тұрман, киім-кешек бәрі үлеске түсті. Солдат пен жасауылды жалғыз-ақ жейде-дамбалымен қалдырып, жығылған жердегі бір үйге сүйреп кеп тастады. Қазақ барлық орысты қырып салғандай ду-ду етеді. Танаулары желбіреп, желөкпеленіп, солдатқа сойыл салғандар батырсынып олай бір, бұлай бір жүріп, ісіп-кебеді. Аттарын жани тебініп, қамшыларын білейді. Төмен келген орыстан тіл жібермеске, жиналып жіберіп бір-ақ тіфә, тұс-тұсындағы бір-бір қаланы шауып жіберетіндігінің насыбайдай қиындығының жоқтығын көпіртіп гу-гу етеді. Жұрт жұмылса, жүрек тоқтатса, мылтық, зеңбіректің түк еместігін, бар жылқыны жасақтың алдына салып, оққа қарсы ұлан-азар шаң қылып қуып барып, оқ атқызбай, сойылмен қолма-қол араласып, орыстың түтінін түтініне қосудың оп-оңай екенін ала құлынды биеге құры айыл тартып мінген Досай быдық Тілеубай да борандатып лапылдатады. Қолға түскен жаралы солдаттарға күзет тастап, ел жабдықтанып Асылбек аулындағы орысқа тиісуге ойға-қырға шапқыншы шаптырып жатыр.
Жұрттың шеке тамыры адырайып, танаулары тасыраюлы. Біреу шалғысын, біреу қайын сойылын, біреу қара бақанын алып, жиналған төбеге келіп жатыр. Алқа-салқа болып, ағаш қажап тозығы жеткен қырлы қыран сирақты қара білтелі мылтықты кейбіреу арбитып мойнына салып алған. Оның қажып босап кеткен ескі жәутік шүріміне мыс тепелек салып, мың қайтара шегелеген. Мұндай мылтығы барлар өзге қазақтан қару жөнінде жоғары секілді. Біреу ұзын ағашқа кетпен саптап алып, біреу ырғай шоқпарын тақымға қысып тұр. Бәрі ісік, бәрі елірулі. Үрілген мысық дерсің.
Осы топырдың ортасына осы маңайдағы мешіттің имамы Смағұл қажы келді. Көп қажыны ортаға алып, жылқы қуған орысты ұрып жыққандығын, енді Сақай, Нұқаш, Тастемір деген елдерге хабар жіберіп, тағы Асылбек болыстың аулындағы орысқа шабатындығын айтып келіп, молдадан мұның шариғатқа қалай екендігін сұрады. Осы маңайдағы қойы көп, өлмелі шалдың төртеуін төрт рет Меккеге сүйреп апарып қайтқан, ысқаяқ жол көрген қара шұбар қажы айтады:
— Бұл мұсылманға туған зауал ғой. Алланың бұйрығын тұтпақ — парыз. Пайғамбардың қылғанын қылмақ — сүннет. Әділетті патшаның әмірін тұтпақ—ол уәжіп. Бірақ орыс патшасы әділеттен тайды. Дінімізге қол салды. Елдегі молдаларды түрікпен қатынасы бар деп қаһарға алды. Мешітті — тыныш, медресеге — патшаның суретін қоясың деді.
Аяғында халықтың барлық малын алып болып, енді ауызды адамға салды. Түрік жұрты бүгінде күлді мұсылман дүниесін кәпір тырнағынан азат қылуға соғысып жатыр. Қазақтан алған солдатты соған қарсы айдамақ. Шариғатта діні бір қандас мұсылманға оқ атып, қылыш тартып өлген доңыз өлімінде кетпек. Мұның ақылы-ақ, осы жердің өзінде өлу. Өзінің әділеті кетіп, үкімі бұзылған залым кәпір патшасына қарсы қайрат қылу — өлсе шейіт, өлтірсе — қази. Не болар дейсің, жұрт жұмылса, ынтымақ сақтаса, орыстың, осы күні күші кетіп тұрған кезі. Барлық бауырынан сиген еркегі майданда. Қала-қалада қатын-бала, кәрі-құртаңнан басқа әскер жоқ. Ау деп қала-қалаға қолды қойып жіберсе, қазақ алады да қояды, — деп шұбар қажы шұбыртып барып тоқтағанда:
— Өлсек — шейіт, өлтірсек — қази екенбіз. Осы жердің өзінде-ақ өлеміз, — деп көпшілік шу ете түсті де, қажыны ортаға алып, жапсар Сақай деген елдің осындай жиналып тұрғанына қосылуға қаулап жүріп берді. Қайқы қара бақанға желбіретіп байлаған ақ ту — қара қызыл аттының қолында, алдымен жүріп келеді.
Ақсу өзенінен ары өтіп, Құрақ төбеде жиналып тұрған Кенже деген елдің кісісіне ұрандап шауып келіп, бұл ел қосылды. Адам қарамы мыңға тартты. Топ-тобымен белгілі адамдар шығып сөйлесті де, көп ортасына келіп, тоқпамбет Телібай ақсақал күжілдеген кәрі даусымен жариялады:
— Ал, азаматтар! Алла салса, бендесі көнеді. Бастарыңа түскен, бағыңа жазылған кер заман болды. Үйде өлемісің, түзде өлемісің — ерік өздерінде. Көбін тілеуіңе көк қасқамды айтып соям. Ал, боздағым, бозбалалар! Былғанар қол былғанды. Қайнар, екі солдат, бір жасауылды ұрып жығып отырсың. Ертең осы елге әскер шығады. Торғайдай тоздырады. Қырады. Аянғанмен жан қалмайды. Ендігі ақыл мына Асылбек аулындағы қалған орысты тіл жібермей қолға алудың оңы бар... А, құдай!.. Жұрт жолын қыла көр, қырсығын тарқата гөр, айттым көк қасқа! Тарт бері ортаға, қажының батасына — деп ауылдан өңгеріп келген азбан қошқарды «айтып», «әмин!» дегенде Смағұл қажы араб сөзі араласқан батаны қылып, бетіне жайған қолын көтеріп еді, көп «а, құдайлап» шулап қоя берді. Арбиған арық үлкен құла аттың үстінде таяғын өңгеріп тұрған қисық ауыз кәрі Телібай «а, құдай, аруақтап» кеңкілдеп жылап еді, үлкен-кіші тегіс көзіне жас алды.
«Енді не тұрыс бар!» деген айқай шығып, жиналған жұрт Асылбек аулына қау жүріп берді. Асылбек ауылы Қошжан даласының сортаңындағы Бұғытай құдығында. Елдің арты «Жолбарыс соққаннан» шығып, «Ожар Қабыл» аралын аралай, солай жүріп келеді. Қол қозғалып Ақсудан өтіп, Бұрғанның құры арнасына түсті. Күн екінді еді. Асылбектің аулына сегіз шақырым жер бар. Бұл өзектен шыға келсе, Асылбектің аулына самаладай болып көрініп тұратын екі орта мидай дала. Ел жыраға жиналып, атты қалмақша байлап тастап, түсіп отыр, Асылбек аулына күнді батырып жіберіп соқтықпақ. Асылбек аулының сыртына «орыс шығып кетеді» деген оймен жансыз етіп шалғыншы жіберіп жатыр.
Ақсақал, қажының аузына жұрт қарайды. Бірақ күн батуға құдиған сайын бозбалалар әулігіп, алқымы кеуіп, ретсізденіп барады. Жүректер «не тұрыс бар»дейді. Әсіресе түнде жортып жылқы жетектейтін аяғының желі бар жігіттер ұрлыққа салып жүрген аттарын қойқақтатып жер баспайды. Бөртіп жүр. Өздерінше осы қолдың сайып қыраны солар. Ат үстінің аударысында тақымы аттан ауып көрмеген, тақымнан тартыста жабылған жанға лақ бермеген тартқыштар танауларын кептіріп, мығымсиды. Арыстан алысына түсіп, жауырыны жерге тимеген мелжемді жігіттер бүгін талай орыстың төбе құйқасын шайнайтын секілді. Бәрі ісік, бәрі «пері» секілді, гу-гу.
Мұндай әупілдектің бірі Құдабектің Жақиясы еді. Әкесі Құдабекті «өзін күн сойылдап 50 кісі түсіре алмаған. Жиырма-отыз кісіге араласса, жын қаққандай түтейді екен, «батыр өлімі маржадан» деп, Құдабек құдыққа таласып,Елдей деген елден өлген. Шұратта төбелесіп, бірнеше Елдейді астына бүктеп илеп жатқанда бір қатын өткір кетпенмен мойнынан бір-ақ шауыпты-мыс».
Мына Жақыбай да сол әкесіндей ер атанып, мықты болмақшы. Астында оқтаудай күрең бәйге аты бар. Шушыншы шапанға күміс белдікті мықындай буынып, найман тымақты көзіне таман оқшырайта киген. Қолында білеуіт қамшыдан басқа қаруы жоқ. Жиырманың ішіндегі сақал-мұрты тебіндеп шығып келе жатқан жас жігіт. «Бол, атқа мініңдер, ақсақалдар!» — деп қайта-қайта келе берді.
Күн ұясына іліне бергенде Смағұл қажы азан шақырып, қалың көп ду атқа мінді. Құмырсқадай құжынап, ойдан жазыққа шыға келді. Не боларды бастаушы, не қалай қылып тиетіндікті, кім қандай қайрат қылады, қалай соқтығады? Алда-жалда атысқанда қайтеді, жеңгенде қайтеді, жеңілгенде қайтеді? Орысты өлтіре ме, ұстай ма? Орыс жатқан ауылды қайтеді? Мұның бірі ақылдасылған жоқ, айтылған жоқ. Әйтеуір Асылбек аулындағы орысқа шаппақ, қару-жарағын алмақ. Орыстан қалаға тіл жібермек емес.Осы бетпен әулігіп атқа мініп алған жұрт ойнақтап жазыққа шыға келгенде «Ал!» деп бет-бетімен ата-атасының атын атап ұрандап, 8 шақырым жерден Асылбек аулына атты қойып берді. Қалын кісі айқай-ұран, «ай, құдай, аруақтап» улап-шулап, ұлан-азар шаң қып шауып келеді. Ойдағы ауылдың төбесі көрінгенде елдің көбі атты тежей шауып, кібіртіктейін десті. Бағанағы Құдабектің Жақиясы күрең атпен ағызып көптің алдына шығып, іркілмей ауылға шауып келеді.
Ауылға жарты шақырым таянғанда іргені түріп қойып, үйде бейқам жатқан солдаттар мылтықтарын ала-мала жүгіріп, қалмақша байластырып тастаған аттарына келіп паналап, мылтықтың аузын шабуылға төсеп тұра қалысты. Ендіркелеп шауып келе жатқан есіріктер ұйлығып тоқтап қалды. Құдабектің Жақиясы жалғыз со бетімен шыға шауып, ауылды үш айналып шықты. Оның артынан ерген бір адам болмады. Көпшілік тоқтап қалған соң орыстар да оқ шығармады. Құдабек баласы ауылдың ар жағына шығып тұрып, көпке тұмағын бұлғап, ауылға шап дейді. Шабатын көпте көт жоқ. Құры бір-біріне «жүр-жүр» дейді. Аттарын қамшыласып олай бір, бұлай бір жүріседі. Қасқырға бата алмаған төбеттей көлбеңдеп құры ұйлығып шулайды...
Асылбектің аулында үрей қалған жоқ. Шауып келе жатқан ел көрінгенде-ақ барлық ауылдың қатын-қалашына шейін жүгіріп, орыс жатқан үйге жиналды. Орыс приставпен он жеті. Өстіп екі жақ сіресті де қалды. Ымырт жабылып барады. Елдің арыны басылып қалған кезде ауылдан үш-төрт кісімен Асылбек болыс көпке жылап келді.
- Матай-ай! Мен саған не қылдым? Аулыма ат ойнатып, үрейімізді ұшырдың. Қатындарымыз бала тастап, қазанымыз шағылып, шашылып қалдық. Не қылсаңдар да орысқа біздің ауылдан аулақ апарып қылсаңдаршы. Орысты мен шақырып келгенім жоқ еді», — деп қалтырап жылап тұр.
Атты борбайға салып жіберіп тұс-тұсынан әр батыр-ақ әке-бабадан құлдап болысты боқтап керіп ап кетті:
— Аулына орысты сақтап, жан-жаққа шабуылдатып, осы Матайдың тұқымын құртқанда қай жаққа барып жан сақтайсың. Таза Матай, адал кісі болсаң орысыңды қолымызға бер. Өзін біз жаққа шық. Әйтпесе мәймөңкелеген көлгір сөзіңнің насыбайлық нанымы жоқ. Түтініңді түтініне қосамыз. Шаңырағың шағылады... — деседі.
IV
Бұдан кейін оншақты күн шамасы тыныштық күн өтіп кетті. «Ақсудың бекетінен алпыс солдатты аржағынан Ыбырайым болыс алып келіп түстеніп, екіндіде аттанды. Беті Ақсу құлдап келеді» дегенді ел жаппай естіп қалады. Бұл күнде елдің алды төменгі қыстауына шейін сырғып қонып, пішенін шауып жатқан уақ. Естідік те қам қылдық. Біреуге біреу қарамай, ауылдағы барлық еркек қыл құйрықты жылқы қалдырмай алдыға салып айдап, елсіз құмға үркіп кеттік.
Елдей деген елден өлген. Шұратта төбелесіп, бірнеше Елдейді астына бүктеп илеп жатқанда бір қатын өткір кетпенмен мойнынан бір-ақ шауыпты-мыс».
Мына Жақыбай да сол әкесіндей ер атанып, мықты болмақшы. Астында оқтаудай күрең бәйге аты бар. Шушыншы шапанға күміс белдікті мықындай буынып, найман тымақты көзіне таман оқшырайта киген. Қолында білеуіт қамшыдан басқа қаруы жоқ. Жиырманың ішіндегі сақал-мұрты тебіндеп шығып келе жатқан жас жігіт. «Бол, атқа мініңдер, ақсақалдар!» — деп қайта-қайта келе берді.
Күн ұясына іліне бергенде Смағұл қажы азан шақырып, қалың көп ду атқа мінді. Құмырсқадай құжынап, ойдан жазыққа шыға келді. Не боларды бастаушы, не қалай қылып тиетіндікті, кім қандай қайрат қылады, қалай соқтығады? Алда-жалда атысқанда қайтеді, жеңгенде қайтеді, жеңілгенде қайтеді? Орысты өлтіре ме, ұстай ма? Орыс жатқан ауылды қайтеді? Мұның бірі ақылдасылған жоқ, айтылған жоқ. Әйтеуір Асылбек аулындағы орысқа шаппақ, қару-жарағын алмақ. Орыстан қалаға тіл жібермек емес.Осы бетпен әулігіп атқа мініп алған жұрт ойнақтап жазыққа шыға келгенде «Ал!» деп бет-бетімен ата-атасының атын атап ұрандап, 8 шақырым жерден Асылбек аулына атты қойып берді. Қалың кісі айқай-ұран, «ай, құдай, аруақтап» улап-шулап, ұлан-азар шаң қып шауып келеді. Ойдағы ауылдың төбесі көрінгенде елдің көбі атты тежей шауып, кібіртіктейін десті. Бағанағы Құдабектің Жақиясы күрең атпен ағызып көптің алдына шығып, іркілмей ауылға шауып келеді.
Ауылға жарты шақырым таянғанда іргені түріп қойып, үйде бейқам жатқан солдаттар мылтықтарын ала-мала жүгіріп, қалмақша байластырып тастаған аттарына келіп паналап, мылтықтың аузын шабуылға төсеп тұра қалысты. Ендіркелеп шауып келе жатқан есіріктер ұйлығып тоқтап қалды. Құдабектің Жақиясы жалғыз со бетімен шыға шауып, ауылды үш айналып шықты. Оның артынан ерген бір адам болмады. Көпшілік тоқтап қалған соң орыстар да оқ шығармады. Құдабек баласы ауылдың ар жағына шығып тұрып, көпке тұмағын бұлғап, ауылға шап дейді. Шабатын көпте көт жоқ Құры бір-біріне «жүр-жүр» дейді. Аттарын қамшыласып олай бір, бұлай бір жүріседі. Қасқырға бата алмаған төбеттей көлбеңдеп құры ұйлығып шулайды...
Асылбектің аулында үрей қалған жоқ. Шауып келе жатқан ел көрінгенде-ақ барлық ауылдың қатын-қалашына шейін жүгіріп, орыс жатқан үйге жиналды. Орыс приставпен он жеті. Өстіп екі жақ сіресті де қалды. Ымырт жабылып барады. Елдің арыны басылып қалған кезде ауылдан үш-төрт кісімен Асылбек болыс көпке жылап келді.
— Матай-ай! Мен саған не қылдым? Аулыма ат ойнатып, үрейімізді ұшырдың. Қатындарымыз бала тастап, қазанымыз шағылып, шашылып қалдық. Не қылсаңдар да орысқа біздің ауылдан аулақ апарып кылсаңдаршы. Орысты мен шақырып келгенім жоқ еді», — деп қалтырап жылап тұр.
Атты борбайға салып жіберіп тұс-тұсынан өp батыр-ақ әке-бабадан құлдап болысты боқтап керіп ап кетті:
— Аулыңа орысты сақтап, жан-жаққа шабуылдатып, осы Матайдың тұқымын құртқанда қай жаққа барып жан сақтайсың. Таза Матай, адал кісі болсаң орысыңды қолымызға бер. Өзің біз жаққа шық. Әйтпесе мәймөңкелеген көлгір сөзінің насыбайлық нанымы жоқ. Түтініңді түтініне қосамыз. Шаңырағың шағылады... — деседі.
IV
Бұдан кейін оншақты күн шамасы тыныштық күн өтіп кетті. «Ақсудың бекетінен алпыс солдатты аржағынан Ыбырайым болыс алып келіп түстеніп, екіндіде аттанды. Беті Ақсу құлдап келеді» дегенді ел жаппай естіп қалады. Бұл күнде елдің алды төменгі қыстауына шейін сырғып қонып, пішенін шауып жатқан уақ. Естідік те қам қылдық. Біреуге біреу қарамай, ауылдағы барлық еркек қыл құйрықты жылқы қалдырмай алдыға салып айдап, елсіз құмға үркіп кеттік.
Күн ыстық. Ұзын күн Ақөзек пен Ақсудың құмына, келер түні одан да төмен қашып жүріп, енді келергі ертеңгісін ауылға қатынасып, хабар алып, ауылға келдік. Келсек, орыс кетіпті. Алпыс шамалы атты солдат бір бастығымен Ақсудан кешке аттанып, түнімен жүріп келіп, бейқам жатқан Айтжан аулына келіп, тас-талқан қып, мылтық атып, қамап тұрып, аулынан 10-15 еркекті ұстап алып, қолдарын артына байлап, жалаңаштап айдайды (мұның ішінде Кенембай жасауыл мен жоғарғы сойылға жығылған солдаттың бірі болады).
Қолға түсіп қорыққан қазақ «құтқарылады екем» деген оймен жазықтыны да, жазықсызды да, бірін-бірі көрсетеді. Солдатты ұрған жердегі сойыл салғандардың, мылтық, қылыш, киім-кешек алғандардың бәрінің де ауылы араланады. Бәрін де басып ұстап алады. Бір қазақ бірін-бірі табады. Кейбірін жүктің артынан, кейбірін кебеженің ішінен, кейбірін үстіне қазан қап, тезек тастаған жерошақтың ішінен, кейбірін шөмеленің астынан тауып алады. Мұның бәрі де солдат ұрған, атқа таласқан жазықты болмағанмен, әйтеуір жасырынып жатқан соң «айыпты» саналады. Аяусыз ретте сабалады. Мылтықтың дүмдерімен Мұқаш молдаларды түйіп жіберіп, өңменін үзе талдырып тастайды. Шөмеленің астынан табылған Шүрегейдің Ербосындарын солдаттар киізше баурап тепкілеп, тіл-аузын қойдырады. Әбиірі таймаған, атқа көтертіп мінгізетін абажадай семіз Айтжан ақсақалдардың бұқа мойнынан қанын сорғалатып, жаяу айдайды. Есіз ауылға келіп, қазан шағып, қатын басады. Буулы тендерді тіліп, ішіндегі жарақты нәрсені алып алады. Ақ үйлердің бас құрларын қылышпен қырқып жіберіп, қиқайтып кетеді. Бойжеткен қыз, келіншектердің кәмшәт қамзолына қадаған асыл тас, күміс моншақтарын сыпырып үзіп, жан қалтаға салады. Байсалды бәйбішелердің білегіндегі білезікті тізеге салып майыстырып жазып алып, сақиналарын саудыратып суырып әкетіседі. Қаптағы астықты тіліп, шашып тастайды. Ауылда көрінген тесе, шот, пышақ, үскі, кетпен, найза темірге шейін жиып әкетеді. Қойшы, аяғы осы жолы Ақсу бойындағы Қайнарға әбден ойнақтап, сақай Телібай ақсақалдың аулынан тіл жібермей бар еркегін тағы ұстайды. Жетпіске келіп жер таянып отырған ақсақал Телібайды «Көк қасқа! Бата!»—деп желкелеп, жаяу айдайды. Осы жолы ұстаған кісі 150 адам.
Бұларды жаяу дуанға айдап барады. Бұл іс көтеріңкі елдің жығасын түсірді. Көрмегенді көріп, көзіне көкала шыбын үймелеп, 150 кісісінен айрылып, Қайнар, Сақай деген ел ұлардай шулады.
150 кісінің ақсақалы «Көк қасқаға» бата қылдыратын Телібай қария. Баласына ас беріп, жиын жасайтын Айтжан отағасы, «Қалипан жұртына қарсы шығуға болмайды, не қылса да осы жерде өлу керек, өлсең — шейітсің, өлтірсең—қазисың» деп елге уағыз айтып, азан шақыратын қажы Смағұл, Асылбектің аулына шапқанда көптен мойын озып ауылды жалғыз үш айналып шыққан ер Құдабектің «батыр» баласы Жақия да жаяу айдауда. Қолға түскен екі солдатты мұс
Онда Жетісу облысы, дуанымыз - Қапал. Ояздық начальник Голецев деген неміс. Қазақ мұны «ояз» дейтін. Мұның тілмашы — Нұртай Қожатайұлы. Нұртай руы - Жалайыр. Участковой, пристав Конев деген орыс. Бұл да Қапал қаласында тұрады. Бейсембі — стражник. Ия, ол сарыала мойнында қылышты салақтатып шауып жүреді. Мұқаш деген ояздың начальнигінің шабарманы. Мұны қазақ «бір кез жасауыл» дейді. Мұндай бір кез жасауыл көп. Мінгендері лау. Болыс-болыста бір-бір қазақуар казак- орыс «песір» бар.
Оязбен араласы бар қаланың саудагер байлары, молда, қазіреттер, даланың жуан аулынан шыққан жуан кісілері; жуан ауылдан тұрған болыстар — бұлар оязбен ауыз жаласады. Әсіресе Маман, Тұрысбек тұқымы. Ол бұларды «Көк үй» дейді. Бұлар өздері әрі далаша — бай, әрі қалаша — саудагер. Жоғарғы отағасы өзін, оязды және оның орынбасарын (Киров), тілмаштарын су-суанымен сыйласып... Жалайырды — Қожақан, Матайды — «Көк үйлер» басқарып, ұлықтар үлестірген «шенін» қолынан таратады. Өйткені Қапал оязындағы Маман ауылы өзге қазақтан көзі ашықсымал болатын. Олар жергілікті орыс ұлықтарымен таныстығының үстіне қазақтың ол уақыттағы ұлтшыл оқығандарымен де байланысы бар еді. «Қазақ» газетін әрқайсысы алдырып оқитын. Қазақ оқығандарының «Қазақ» газетінің ондағы ел көтерілісін жақтырмағаны ма, һәм осы себептерден біздің Қапал оязындағы «Көк үйлердің» де көңілі жігіт беруде болды. Бірақ жергілікті әкімдер «Көк үйге» де сенген жоқ. Жұртқа «сен жігіт бер деп айтпапсың», — деп Тұрысбекұлы Құдайбергенді Қапалға шақырып алып қамап... Тұрысбекұлы Сұлтанғұлдан болыстығын кандидаты Қожахмет Сейітбатталға (алып берді).
Қазақтан солдат алады-мыс; ол Думада сөз болыпты- мыс; оны «Көк үйлер» біледі-міс» деген ел ішінде ызың бар. Бірақ әлі анықталмаған құры «мыс». Ояз болыстарды бір көзбен жасауыл шығып, дуанға шақырды. Heгe шақырғанын жалпақ ел білген жоқ. Ай сайын шақырып, жарлық айтып, елге салық сала беретін. Соның бірі шығар деді де қойысты. Болыстар дуанға барған соң ояз ақ патшаның «жұмысшы жігіт алынады» деген жарлығын жариялапты. Оны ел өзінше алып қашып, «солдат сұрапты» деген суық хабар ел ішіне дүңк ете түсті. Ел тасқаяқтай қағысты, Халықтың төбесінен суық су сорғалатқандай ел құлағы елең ете түсті. Шырт ұйқыдан оқ оятқандай жетіден жетпістегісіне шейін серги кетті. Шаруа, күй-жай, әзіл жайына қалып, әңгіме «Солдат алу» қалай, қайда апарады? Болыстар не айтыпты, қай ел қалай екен, түбі не болады?» Міне, жұрттың баққаны, айтқаны осы.
Болыстар, елдегі беделді ақсақалдарды ояз өз алдына шақырып, сұрауға байлап тарқасыпты. Кешікпей беделді адамдар дуанға шақырылды. Мұнда «Көк үйлер», Бекіш Былшықұлы секілді оязға жақын адамдар «бала беруді» ыңғайлап, аузы қисайыпты. Нұрлан, Қиял, Дубек секілді жалпақ елге беделді ескі ақсақалдар бұл күнге шейін мұндай «сұмдықты» жұрттың естімегендігін, елдің бұл «солдат алудан» шошитындығын, толқитындығын, аяғы елдің қолынан бала бере алмайтындығын айтып, ояздың көлгір жұбарына илікпей отырып алыпты. Көлдей-Жұмай елінің Қиял деген ақсақалы: «Басында уада бар. Қазақтан өмір- өмірге солдат алмаймыз деп берген ақ патшаның өз хат- мөрі бар. Бұл уададан тайғаны, хат-мөрден қайтқаны—ұлықтың әділетінің кеткендігі», — деп қасқиыпты. Ояз Қиялға ашуланып, «тақтай тепкілепті». Қиялды жағасынан сүйретіп, үйден шығартыпты. Қиял: «Атқаныңнан да, асқаныңнан да қорықпаймын. Жасым сексенге келді. Аяр жаным жоқ. Жұрт құрмандығына кетсем, арманым жоқ», — депті. Сонымен Қиялды абақтыға қамамақшы екен, өзге Жалайыр, Найманның игі жақсысы жалынып жатып сұрап алыпты. Сонымен сөз орнықпай, тарапты.
Ауылға барып, жұртпен ақылдасып, 10 күн ішінде жұбабын бер деп болыстар бұйырыпты дегенді жұрт гу-гу еткізеді. Жұрт толқи бастады. Балапан басына, тұрымтай тұсына қам қылатынға түсті. Біреуге біреу сыр айтпай, бас қосып сөйлеспей, әр рудың өз ой, өз болжалы болғандай болды. Қапал оязындағы әр аталықтардың (Тәуке, Әйтеке, Еменлі, Қонақбай, Шоқпар деген елдер) Қытаймен шектес рулары жаяу-жалпы шұбап «арғы бетке» аса бастады. Қаптағай, Кенже, Төменгі аталық төмен тартты (құмға). Арғы бетке асатын елдің ұрылары қалатын елден қамти кетуге айналды. Ел іші апалаң-топалаң боп ұйтқи бұзылып, ортасы шайқалғандығы айқындалды. «Бала беремізге» аузы қисайған «Көк үй» ел көкейіне найзадай тиді. «Көк үй» және «болыстарды» ел орыстан арман көріп, жауыға бастады.
Алатаудың әсем жайлауынан ел етекке қайтты. Жайлау жақты. Мал оңалды. Бірақ соңғы жұманың ішіндегі қоқалақтан құры аттар ұсталып, ысылып қалды. Елде үрей жоқ. Қоқалақ қопақ. Біреуге біреу сенбейді. Әр ауыл өзіне қоғам. Әр ру өзіне икем. Не болыпты? Не хабар? «Солдат алады» рас болды ма? — Міне, ел аузы осы, ел аңызы осы.
Біздің ауыл ойға тартқан елде. Көшіп келеміз. Тәуке деген рудың қонысына келіп қонып жатқанымызда жаяу- жалпы шұбап, сиыр көшпен қақтығып, Тәуке «арғы бетке» ауып, кейін көшіп барады екен. Өздері жаман құты шайқалып, қоныстан ауған ел аршалы, тастақты жолда шулап, шұбырып келеді. Аспаннан «алдасы» бөле тастағандай мең-зең, бала-шағасы шулап, шұбап барады. Бір шал торы шолақ байталдың белінде. Балтасын беліне қыстырып, көшінің алдында күшік өңгеріп келеді. Желке шашы бұрқырап жыртық жаулықтан шыққан жалаңаяқ қара қатын «шүу, арамқатқырлап» уық қомдаған, үстіне қазанын салған қара сиырды жетелеп келеді. Оның арқасында бір бала, қолтығында емшектегі баласы. Бұл сиырды үсті шиедей қотыр, балағы жыртылған, қара тұтқыш ескі дабын дамбалдан басқа үстінде лыпасы жоқ 10—11-дегі қара қыз тау асып, тас басып, ақ сабаумен айдап барады. Бұлардың бара жатқан беті белгісіз. Қайда барарын, қайда бұрарын «бір құдайға тапсырған». Ежелден іргесі аумаған құтты қоныс, құтты тауына көш айтысқан. Бұларды үркіткен орыс, «солдат». Орысқа мейжен тұтты боп, кәпірге пенде болғанша асқар Алатаудың қойнында қаңғырып өлмек. Баз бір азаматың «солдаттан» сақтап қалып, үркіп жүріп, өлгенін көзінше көмбек, топырақты қолдан салмақ. Мұны көрген бізде үрей қалған жоқ. Олардың басына түскен мынау үркіншілік біздің басымызға да төніп тұрғандығы айтпай ашық тұр.
Үріккен ел иу-қиу боп ауыл үстінен өтіп жатқанда осы бөлек көштің арт жағынан астында қатып жүрген оқтаудай темір қара көк аты бар абажадай қара кісі көштен бұрылып, екі жолдасымен біздің ауылға тартты. Атын ұстап түсіріп, үлкендер амандасып жатыр. Бұл кісі жайлаудың шалғынына жая төсеген текеметке отырып, қорлен кесемен қымыз ішіп отыр. Басында қоңыр елтіріден құба төбел бөркі бар. Көнетоз сұр мал ескен шапанды көк елтірі ішіктің сыртынан баса киген. Қап қаз қанжарының болыскей сабы, ақынай қолы күміс белдіктің беліне қыстырылып, ішіктің ішінен көрінеді. Отқа пісірген бүйректей талауратқан тарғыл қара бетінің құлақ шықшытынан құлай біткен қоңыр айғырдың құйрығындай қою сақал қымызға қылғынған батамен бір сипалды. Қоңыр бөріктің астынан құдия біткен құлама қабақ, күнінде арғы бет пен бергі беттің жортуылшысы, ала тудың алыбы болғандығын айтып-ақ тұр. Ойнақтаған оты бар, қабақ астындағы шыңырауда жатқан өткір көз оқтай қадалады. Даусы күзгі бабына кеп отырған бүркіттің сәске саңқылында. Мәнін тежеп қайырып отырған қарасөз ел көшіріп, ел аттандырып жатыр. Бұл — Есбер еді. Есбер Тәуке еді. Тәуке жаңағы жаяу шұбырып бара жатқан кедей ел, барлығы бір-ақ старшын. 300 үйге тартады. Қонысы Қоңыр тау. Бұл елге егін салып, диқаншылық қылғалы көп болған. Бірлі-жарым адамы болмаса, көпшілігі нашар.Әсіресе орыстың ығын-шығынымен құрыған елдің бірі — Тәуке (жайлауының жақсы жері жақсы тұқым мал өсіруге, қыстауы омарталы орысқа кесілген). Есбер — Тәукенің ескі ері. Өздері оны «батыр» дейді. Жасында қан ағызған ұры болған адам. Өзгеге арғы беттің малын бергі бетке тасуды үйреткен Есбер. Қуғыншы қалмақты Бұра-Тарахманың асуында тосып алып түсіріп, алып ұрып қойша басып отырып сапымен қырқырата талай бауыздаған «батыр». Бұл күнгі қалмақ, қазақ қоныстап жүрген жердің ұңғыл-шұңғылын Есбер тегіс біледі. Аспан сөйлескен Тянь-Шань асқарларының тармағы мұның жортқан жері. Қай жерде қыс болмайды, қай жерде қар жатпайды, мұны Есбер естен шығармайды. Мына елді Мыңшұқыр деген жерменен Бұратар өзеніне асыруға Есбер бастаушы.
— «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен су кешер». Сондай күн туып, су ішіп, су кешіп барамыз. Орыс-орманның олжасына жас-жайнақты ұстағанша деп Тәуке іргесін тәуекелге сүйеніп көтерттім. Тәуке құтсыз қонысқа көш айтты. Пісіп тұрған егініміз тамылжыған күйінде қалды. Астықты алғанмен ақыры артар көлік жоқ. Жиған мүлік, мал, қара орман қалып барады. Жаяу-жалпы шұбадық. Алла алдымыздан жарылқасын. «Қанжығада көріселік» деген қоянның қоштасуындай болған күн көп басына туып тұр. Көшпеген көп Матай, көрісерге күн жақсы, көш!» — деп Есбер атына мінді.
Бұдан кейін осы Тәукелер секілді Емелелі, Қонақбай, Шоқпар, Әйтек деген елдер қара орын, үй-сайман, астық, қонысын тастап, үркіп жатыр еді. Біздің ауыл төменгі құмға тартты. Кеудедегі елден жанды қарға жоқ. Сары өзеннің қамысындай пісіп қалған тары тұр. Жердің жүзін алған сұлы-бидай, ақ астық қурап, құс шоқып, жел түсіріп, қирап жатыр. Қыстау-қыстаудың бәрі шаншып тастай салған кереге, кебеже, сандық, жүкаяқ, төсек ағаш, үзік, туырлық секілді үй-сайманы көк соққан далада қаран, қалыпты. Бұл күнде қалада малай қалмаған. Барлығы да қашып қырға кеткен. Ондап, жиырмалап малай жалдайтын орыс жұдырықтарының егіндері ол да «иесіз». Қалаға қатынап жататын тыныштықтағы қазақ жоқ. Қазақтан шығып қалаға қатынаспайды. Қала мен дала барымта жау секілді. Арғы беттен асуға айналған елдер бірлі-жарым қолына түскен орыс, қазақ малын қымқыра кетіп барады.
II
...Біздің ел көшіп, төменгі Ақсу бойындағы құмға келді. Айтжан деген кісі баласына ас беретін болды. Үш Матайға сауын айтып, үш жүз үй тігіп, Ақсудың бойынан жерошағын қазды. Жапсар Шұбар ағаш дуанының Садыры мен Қапалдағы Матай бас қосты.
Дәл осы кезде елдің беті белгіленбеген. Көңілі ұйқы-тұйқы. Ойда болыс-болысқа «баратын жігіттердің іспүснүгін бер» деп жатыр. Болыстар елдің тауқыметінен шыға алмай «береміз» деп орысқа айтып, «қайтеміз» деп көпке айтып жүр. Бірақ көп бермеуге жұмылулы. Қарсаңда «игі жақсыны» ояз тағы жинап алып, бала сұраған.
Мұнда Нұрлан ақсақал (жоғарғы) Қиял ақсақал айтқан сөзін айтып шыққан. Сонымен орыс та мең-зең. Болыстың да «кызмет бітіре алмайтын жаман болыс» атағын алып, тәкір естуден қауіптеніп, жар құлағы жастыққа тимей, шабуылда. Ел де не боларына, немен тынарына, суық сөздің арты неге соғарына көзі жетпейді.Сел соққандай тұнуда.
Жіңішке көгеріш сазды қуалай қаз-қатар тігілген қалың қазақ үйінің бел асар жерінде ас иесі Айтжанның Әкімбек деген' үлкен баласының оюлаған ақ отауы бар. Күн шілгер ыстық. Отаудың айналасына күреп үйген құмалақтай жиналған кісі бірін-бірі басып отыр. Киіз керегенің кесер басына шейін түріп тасталған. Отаудың іші исі Садыр, Матайдың «мен» деген жақсылары. Бұқа мойын, қалжалы қарын ақсақалдар. Жамылған туырлықтай жейделерінің жеңі мен омырауын қамбаз ыстықтан жеделдетіп, желпіседі. Ескі кемболат шолақ жеңді сүмілте киген, қолдан илеген ешкі тері қыржық қонышты байпағы бар, домбыра ұстаған ақынның дағдылы даусы әлгі ақ үйден аспанға тырмысқандай талып шығады.
Ақын басты майлық орамалдай қара кір шытпен таңып тастаған. Домбыраны баурай ұстап, арсиған арық қатпа қара шұбар шал аңыратып отыр:
Алты ауыз қылып қазақты
Басында орыс ел алды.
Енді орысқа қаратып,
Төре мен сұлтан шен алды.
Түтінге төрт теңгеден
Шаңырақ, ақша һәм алды.
«Терісіндей өгіздің»
Деп қана сұрап жер алды.
Сол жеріне кент салды.
«Қазақтан салдат алман» деп
Хат-мер қылып ақ патша
О баста үде бере алды.
Түйенің мұрнын тестіртпей,
Мұсылманнан кек алды.
«Мектепке сурет қойсын» деп
Дінімізге қол салды.
«Үй бер» деді, үй алды,
Үй артуға түйе алды.
«Ат бер» деді, ат алды,
«Қап бер» деді, қап алды.
Елтірі, арқан, ақ киіз,
Ат кежім, байпақ, текемет,
Салдатқа керек деп алды.
Аяғында мінекей, аузын салды балаңа,
Енді алмаған не қалды... —
деп домбыраны сыңсып қайырады. Бұл — жасы 70-ке келген ескі жүйрік, дағдылы даңғыл Матайдың соқыр