Жастардың ойланатын жөні бар

8 Желтоқсан 2012, 06:15

  Кәриялар жастарға жасыңда өз бойыңды жақсы ұстай білсең, қартайғанда пайдасын көресің деген мағынада ақыл айтады. Бұл жолда білімділер не дер екен, соны тыңдайық: жуырда «Новая деревня» газетінде М-й деген доктор «Жастыққа ие болу керек пе?» деген мақаласында былай деп жазады: «Жастыққа не болу жай керек Түгіл, ұзару керек, бұл әсіресе ерте ер жеткен жастың есінде болсын. Анатомия (адамның денесінің жаралуымен таныстыратын) пәнінің айтуына қарағанда еркек 29-30; әйел 18 жаста толып нығаймақ. Кейбір оқымыстылар еркекке 23-24 жасқа келген соң-ақ ұрықсат берсе де, етек аралас көрсетілген жастардан ілгері басталмауы керек. Адам денесінің ішінде өмірге пайдалы әртүрлі бездер болады. Оның бірі — тұқым безі. Тұқым безінің қандай маңызы барын төмендегі оқиғадан байқауға мүмкін. Атақты Дуров деген цирк ойыншысының санауға, сөйлегенді ұғуға және басқа ойындарға үйреткен асыранды егеуқұйрық тышқандары бар екен. Олар кәртейе бастап, үйренгендерін ұмытуға айналыпты. Бұдан соң Дуров оқымыстыларға ақылдасып кәрі тышқандарға жас тышқандардың тұқым бездерін орнатыпты. Онда қайткен? Тышқандар жүні қоюланып жасара бастаған. Бастапқы үйренгендері есіне түскен. Бұл сияқты тұқым безін орнату осы уақытта адамдарға да жасалып жүргені бар. Мәскеуде қаусаған кәрі профессор Бектурге маймыл безін орнатқан екен, жасарып, ширап, қызмет қылуға жарапты. Мінеки, тұқым бездерінің маңызы. Олай болса, оған ие болу керек, дәнін ысырап қылмау керек. Жасында бойын ұстаған адамдар, көбінесе толған кезінде қоғамның қымбат азаматы, мыйлы, білімді қызметкері болмақ. Бойды тыйып ұстаудың еркекке болсын, әйелге болсын пайдадан басқа келтірері жоқ, қайта жас кезде етек жағынан шығындану, естің, ынтаның, жігердің, жан мен ақылдың және басқа тіршіліктерінің әлсізденуіне әсері тиеді. Оқып жүрген жастардың, үйленгеннен кейін сабаққа бұрынғысындай болмаған соң, дәрігерге ақылдасқанда, етек ысырапынан бойды тиынқырап ұстау керек екенін ұғынып, дәрігердің айтқанын істеген соң бұрынғы қалпына түскендері көп болған. Жас күнде етек ысырапы көп болса, келешек ұрпаққа — ондай кісілердің балаларына зарары тимек. Ондай адамның балалары әлсіз, ынжық ауру, не ауруға бейім болып тумақ. Жас толып, жастық күші қабындап келгенде, оны дене тәрбиесі сияқты пайдалы алданысқа, мағыналы енбекке бұрып жіберуге болады. Сақтану — саулық,! Жастардың бұл әңгіме туралы ойланатын жөні бар. Бұл сияқты ғылыми әңгімені қазақ тұрмысымен салыстырып көрейік. Қазақ жастай үйленгендерді «көк асық, көк жұлын ғой, «мойны қылқиып кетіпті, шеке тамыры көгеріп кетіпті» деп келемеждеп жүретін әдет бар емес пе? «Жақсының үйі түссе, күйі түседі...» деген мақал не үйленген жасты әрлендіруге алдап айтқан. Болмаса ат үстінде жүріп үйде көп тұрмай (бұрынғы «жақсы» жігіт сондай болатын), шынында да, күйі түсіп» жүрген. Осы мақаланың негізін құптайтын әлгі мақалдың соңғы жағы»... «...жаманның (үйден шықпайтын жастың) үйі түссе мыйы түседі» деген сөз. Мақалдың бұл бөлегі нағыз тұрмыстан, тәжрибеден' алынған. Жас қызды күйеуге беруді ұнатпаушылар, жас баланың қатын алуына екі бастан қарсы. Ендігі міндет: ғылым көрсеткен жоғарғы басқа жеткенше, жастар өз бойларына өзі қожа болсын.  

 

Кәриялар жастарға жасыңда өз бойыңды жақсы ұстай білсең, қартайғанда пайдасын көресің деген мағынада ақыл айтады. Бұл жолда білімділер не дер екен, соны тыңдайық: жуырда «Новая деревня» газетінде М-й деген доктор «Жастыққа ие болу керек пе?» деген мақаласында былай деп жазады: «Жастыққа не болу жай керек Түгіл, ұзару керек, бұл әсіресе ерте ер жеткен жастың есінде болсын. Анатомия (адамның денесінің жаралуымен таныстыратын) пәнінің айтуына қарағанда еркек 29-30; әйел 18 жаста толып нығаймақ.

Кейбір оқымыстылар еркекке 23-24 жасқа келген соң-ақ ұрықсат берсе де, етек аралас көрсетілген жастардан ілгері басталмауы керек.

Адам денесінің ішінде өмірге пайдалы әртүрлі бездер болады. Оның бірі — тұқым безі. Тұқым безінің қандай маңызы барын төмендегі оқиғадан байқауға мүмкін. Атақты Дуров деген цирк ойыншысының санауға, сөйлегенді ұғуға және басқа ойындарға үйреткен асыранды егеуқұйрық тышқандары бар екен. Олар кәртейе бастап, үйренгендерін ұмытуға айналыпты. Бұдан соң Дуров оқымыстыларға ақылдасып кәрі тышқандарға жас тышқандардың тұқым бездерін орнатыпты. Онда қайткен? Тышқандар жүні қоюланып жасара бастаған. Бастапқы үйренгендері есіне түскен.

Бұл сияқты тұқым безін орнату осы уақытта адамдарға да жасалып жүргені бар. Мәскеуде қаусаған кәрі профессор Бектурге маймыл безін орнатқан екен, жасарып, ширап, қызмет қылуға жарапты. Мінеки, тұқым бездерінің маңызы. Олай болса, оған ие болу керек, дәнін ысырап қылмау керек.

Жасында бойын ұстаған адамдар, көбінесе толған кезінде қоғамның қымбат азаматы, мыйлы, білімді қызметкері болмақ. Бойды тыйып ұстаудың еркекке болсын, әйелге болсын пайдадан басқа келтірері жоқ, қайта жас кезде етек жағынан шығындану, естің, ынтаның, жігердің, жан мен ақылдың және басқа тіршіліктерінің әлсізденуіне әсері тиеді.

Оқып жүрген жастардың, үйленгеннен кейін сабаққа бұрынғысындай болмаған соң, дәрігерге ақылдасқанда, етек ысырапынан бойды тиынқырап ұстау керек екенін ұғынып, дәрігердің айтқанын істеген соң бұрынғы қалпына түскендері көп болған.

Жас күнде етек ысырапы көп болса, келешек ұрпаққа — ондай кісілердің балаларына зарары тимек. Ондай адамның балалары әлсіз, ынжық ауру, не ауруға бейім болып тумақ. Жас толып, жастық күші қабындап келгенде, оны дене тәрбиесі сияқты пайдалы алданысқа, мағыналы енбекке бұрып жіберуге болады. Сақтану — саулық,!

Жастардың бұл әңгіме туралы ойланатын жөні бар. Бұл сияқты ғылыми әңгімені қазақ тұрмысымен салыстырып көрейік. Қазақ жастай үйленгендерді «көк асық, көк жұлын ғой, «мойны қылқиып кетіпті, шеке тамыры көгеріп кетіпті» деп келемеждеп жүретін әдет бар емес пе? «Жақсының үйі түссе, күйі түседі...» деген мақал не үйленген жасты әрлендіруге алдап айтқан. Болмаса ат үстінде жүріп үйде көп тұрмай (бұрынғы «жақсы» жігіт сондай болатын), шынында да, күйі түсіп» жүрген. Осы мақаланың негізін құптайтын әлгі мақалдың соңғы жағы»... «...жаманның (үйден шықпайтын жастың) үйі түссе мыйы түседі» деген сөз. Мақалдың бұл бөлегі нағыз тұрмыстан, тәжрибеден' алынған.

Жас қызды күйеуге беруді ұнатпаушылар, жас баланың қатын алуына екі бастан қарсы. Ендігі міндет: ғылым көрсеткен жоғарғы басқа жеткенше, жастар өз бойларына өзі қожа болсын.

 

Бөлісу: