Жалшылар ұйымына көңіл қойылсын

8 Желтоқсан 2012, 06:13

  Қеңес үкіметінің еңбекшілер үкіметі екендігін, жалшылар табының еңбекшілдік бір екенін ауыз аңғармайтын бас жоқ. Жұрттық көбі солай екенін айтып жүрсе де, біліп жүрсе де, ел ішіндегі жалшылардың әлі қараңғылықтарынан пайдаланып олардың ашылып отырған ұйымдарына баға беріп өркендету түгіл, десе келемеж, сықақ қылып, қаласа жалшы атынан келіп жалдаушылардың сайланып отырған жерлері бар. Бұлай істеушілер: не жалшы (батрак) атын жамылып кеңес сайлауына кіруді көксеушілер, не соның езін әлдеқандай шен көріп, онда жалшы жақтаушылар. Мұндай қылыққа жол беріп отырған жерде кеңестің шын азаматы отыр деуге болмайды. Ондай жерге ерте ме, кеш пе, әрине, көздің қыры салынбақ. Қазірге біздің қарап өтуге лайықты орындарымыз шын жалшылар ұйымын ашып, оларға басшылық қылудан аянатын жаны жоқ. Қай жолмен бастаудың ретін білмей отырған азамат бар жерлер, сондай жерлерге білген ақылымды аямауымыз керек. Жалшылар ұйымы волисполком арқылы қалалық кәсіпшілер (профсоюз) ұйымына ұласпақ. Сондықтан ел жалшыларының да негізгі беттері сол профсоюздың беті болмақ. Осы күнге шейін газеттер бетінде ара-тұра болса да профсоюздың мақсаты айтылып жүр. Сол мақсатқа ел жалшыларына жеткендей қылып тәрбиелеу елдегі көзі ашық азаматтардың әсіресе партия ұяларының, онымен қабат мұғалімдердің міндеті. Жалшылар ұйымына басшылық етуге олардың қамын жеп, кезін ашуға жоғарғы орындардың көрсетіп отыратын мезгілді, нұсқауларынан негізгі тірек таяныш қылып ұстанатын еңбек заңы кесіпшілер ұйымы туралы шыққан нұсқаулармен таныс болып отыру керек. Жалшылардың жиылыстары сайын ездерінің күнделік өміріне керекті нұсқауды құлақтарына сіңіріп отыруы керек. Жалшылардың оз праволарына ие болуда білмеулері қандай аянышты болса, олардың надандық себепті өз жолдастарынан асып кетпеулері сондай өрескел болмақ. Соның үшін оларға алдымен өз міндеттерін ұғындыру шарт. Менің бұл жердегі мақсатым, жалшылар ұйымын күнделік керегі бар әм ел жалшыларына жанасатын еңбек заңдарының кейбір жерлерін көрсетіп өту. Жалшылар мен жалдаушылардың арасында шарт екі түрлі болмақ. Ұйымдасқан (көп жалшылар бірігіп) шарт, жеке шарт (жалғыз жалшының жасаған). Қазіргі қазақ елдеріндегі жалшылардың көбінің жалдануы жеке шартқа келетіндіктен, сол туралы ғана сөйлеуді мақұл көрдім. Жеке шарт келісумен болып, әртүрлі мезгілге бөлінеді: 1. Бір жылдан аспайтын мерзімге. 2. Белгісіз мерзімге (мәселен мына малды пәлен қалаға айдап жеткізуге деген сияқты). Әм 3. Бір жұмысты бітіргенше. Жалданушы төмендегі себептермен мерзімді күні толмаса да жасасқан шартты бұзуға правосы бар. 1. Уәделі уақытта ақысын ала алмаса. 2. Шартты я еңбек заңын жалдаушы орындамаса. 3. Жалдаушы жақсы қарамаса. 4. Істейтін жұмысы денсаулыққа зарар келтіретін болса. 5. Заңда көрсетілген уақыттарда, егер де жалданушы жалдаушыларға көнбейтін болса, шатақты бағамен дау тексеретін комиссия РҚҚ қарайды. Жалдаушының правосы. 1. Белгісіз уақытта жасалған шартты жалдаушы төмендегі орындарда бұза алады: Істеп тұрған ісі бітіп я тоқтап қалса. 2. Жұмыс бір айдан артық тоқтап тұрарлық болса. 3. Жалданушы іске жарамайтын болып табылғанда. 4. Жалданушы жасасқан шартқа себепсіз қарсы болып, міндетін атқара алмаса. 5. Жалданушы сотқа ілініп, екі айдан артық тұтқынға алынарлық болса. 6. Жалданушы толық себепсіз үш күн тұтасынан я айға 6 рет жұмысқа келмесе. 7. Жалданушы жарамдылығын жоғалтып қызметке екі ай келмесе. Бұлардан басқа жеке шарттың бұзылатын жерлері: 1. Екі жақтың келісуімен. 2. Мерзімді күннің толуымен әм, 3 — екі жақтық бірінің қозғауымен. Ескерту: 1. Шартты күн толғанда бір жақтан да білдіру болмаса, шарт бұрынғы күйінде қалмақ. 2. Белгісіз уақытта жасалған шартты бұзам дегенде, жалданушы жалдаушыға күн ілгері білдіріп қоюы керек. Бұдан басқа да жалшылар ұйымының өмірінде кездесетін әңгімелер аз емес. Сондай әңгімелер туралы білгенін майданға салып отыру әрбір азаматтың борышы болуға лайық. Негізінде жалшылар ұйымына көңіл қойған жөн.  

 

Қеңес үкіметінің еңбекшілер үкіметі екендігін, жалшылар табының еңбекшілдік бір екенін ауыз аңғармайтын бас жоқ. Жұрттық көбі солай екенін айтып жүрсе де, біліп жүрсе де, ел ішіндегі жалшылардың әлі қараңғылықтарынан пайдаланып олардың ашылып отырған ұйымдарына баға беріп өркендету түгіл, десе келемеж, сықақ қылып, қаласа жалшы атынан келіп жалдаушылардың сайланып отырған жерлері бар.

Бұлай істеушілер: не жалшы (батрак) атын жамылып кеңес сайлауына кіруді көксеушілер, не соның езін әлдеқандай шен көріп, онда жалшы жақтаушылар. Мұндай қылыққа жол беріп отырған жерде кеңестің шын азаматы отыр деуге болмайды. Ондай жерге ерте ме, кеш пе, әрине, көздің қыры салынбақ.

Қазірге біздің қарап өтуге лайықты орындарымыз шын жалшылар ұйымын ашып, оларға басшылық қылудан аянатын жаны жоқ. Қай жолмен бастаудың ретін білмей отырған азамат бар жерлер, сондай жерлерге білген ақылымды аямауымыз керек. Жалшылар ұйымы волисполком арқылы қалалық кәсіпшілер (профсоюз) ұйымына ұласпақ. Сондықтан ел жалшыларының да негізгі беттері сол профсоюздың беті болмақ. Осы күнге шейін газеттер бетінде ара-тұра болса да профсоюздың мақсаты айтылып жүр.

Сол мақсатқа ел жалшыларына жеткендей қылып тәрбиелеу елдегі көзі ашық азаматтардың әсіресе партия ұяларының, онымен қабат мұғалімдердің міндеті.

Жалшылар ұйымына басшылық етуге олардың қамын жеп, кезін ашуға жоғарғы орындардың көрсетіп отыратын мезгілді, нұсқауларынан негізгі тірек таяныш қылып ұстанатын еңбек заңы кесіпшілер ұйымы туралы шыққан нұсқаулармен таныс болып отыру керек. Жалшылардың жиылыстары сайын ездерінің күнделік өміріне керекті нұсқауды құлақтарына сіңіріп отыруы керек.

Жалшылардың оз праволарына ие болуда білмеулері қандай аянышты болса, олардың надандық себепті өз жолдастарынан асып кетпеулері сондай өрескел болмақ. Соның үшін оларға алдымен өз міндеттерін ұғындыру шарт.

Менің бұл жердегі мақсатым, жалшылар ұйымын күнделік керегі бар әм ел жалшыларына жанасатын еңбек заңдарының кейбір жерлерін көрсетіп өту. Жалшылар мен жалдаушылардың арасында шарт екі түрлі болмақ. Ұйымдасқан (көп жалшылар бірігіп) шарт, жеке шарт (жалғыз жалшының жасаған). Қазіргі қазақ елдеріндегі жалшылардың көбінің жалдануы жеке шартқа келетіндіктен, сол туралы ғана сөйлеуді мақұл көрдім.

Жеке шарт келісумен болып, әртүрлі мезгілге бөлінеді: 1. Бір жылдан аспайтын мерзімге.

2. Белгісіз мерзімге (мәселен мына малды пәлен қалаға айдап жеткізуге деген сияқты). Әм 3. Бір жұмысты бітіргенше. Жалданушы төмендегі себептермен мерзімді күні толмаса да жасасқан шартты бұзуға правосы бар.

1. Уәделі уақытта ақысын ала алмаса.

2. Шартты я еңбек заңын жалдаушы орындамаса.

3. Жалдаушы жақсы қарамаса.

4. Істейтін жұмысы денсаулыққа зарар келтіретін болса.

5. Заңда көрсетілген уақыттарда, егер де жалданушы жалдаушыларға көнбейтін болса, шатақты бағамен дау тексеретін комиссия РҚҚ қарайды.

Жалдаушының правосы.

1. Белгісіз уақытта жасалған шартты жалдаушы төмендегі орындарда бұза алады: Істеп тұрған ісі бітіп я тоқтап қалса.

2. Жұмыс бір айдан артық тоқтап тұрарлық болса.

3. Жалданушы іске жарамайтын болып табылғанда.

4. Жалданушы жасасқан шартқа себепсіз қарсы болып, міндетін атқара алмаса.

5. Жалданушы сотқа ілініп, екі айдан артық тұтқынға алынарлық болса.

6. Жалданушы толық себепсіз үш күн тұтасынан я айға 6 рет жұмысқа келмесе.

7. Жалданушы жарамдылығын жоғалтып қызметке екі ай келмесе.

Бұлардан басқа жеке шарттың бұзылатын жерлері:

1. Екі жақтың келісуімен.

2. Мерзімді күннің толуымен әм, 3 — екі жақтық бірінің қозғауымен.

Ескерту: 1. Шартты күн толғанда бір жақтан да білдіру болмаса, шарт бұрынғы күйінде қалмақ.

2. Белгісіз уақытта жасалған шартты бұзам дегенде, жалданушы жалдаушыға күн ілгері білдіріп қоюы керек.

Бұдан басқа да жалшылар ұйымының өмірінде кездесетін әңгімелер аз емес. Сондай әңгімелер туралы білгенін майданға салып отыру әрбір азаматтың борышы болуға лайық. Негізінде жалшылар ұйымына көңіл қойған жөн.

 

Бөлісу: