Әуелі шаруа оңдалу керек

8 Желтоқсан 2012, 06:12

  Қазақ партиясы мен саясат партиясы екеуі екі басқа. Жалпы қазақ партия дегенде, өз арасындағы ру партиясын ғана ұғады. Ал осы күнгі саясат тілдегі айтылып жүрген партия тап партиясы болғандықтан Коммунист партиясы да кедей еңбекшілер табының партиясы екенін жұрттың көбі білгендей болды. Коммунист партиясында пәлен атаның кедейі, түген атанын еңбекшілі болсын деген шарт жоқ. Оның шарты шын кедей, шын еңбекшіл болса болғаны. Осы күнде қазақ арасында «партия» дегенде ашып айтылмаса, қай партия екенін білмей қалуға болады. Мәселен: сот яки тергеу орны жауап алғанда «партияда бармысың?» деген сұрағына не шынын айтамын деп «мен Жақыптың партиясындамын» яки қорғанып: «тақсыр, мен партия қылмайтын адаммын!» дейтіндер көп болады. Сондықтан тап партиясын айтам десең коммунист дегенді қосасың. Ру партиясын айтқын, келсе, қазақ, дегенді қосасың. Ру партиясының зарарының көп, мақсатының қысқа екендігін: оны тоқтатпағанда, елдің мәдениетіне тиісінше пайдалана алмайтынын қазақтың қалам ұстаған азаматтарының айтпай келе жатқаны жоқ. Бірақ совет үкіметі орнаудан бұрын «партияны қою керек!» деген құрғақ ақылдан басқа жол-жоба көрсетпейтін еді. Ал, совет беті бұрынғыдан басқа екендігін әркім біледі. Білгенде өру партиясын тап партиясына айналдыру керек» деген ұран қолдануда: «пәлен атаның тұқымы көгерсін» деген тыңдалмай «еңбекшілдер көгерсін!» деген сөз мақсат етіп алынуда. Сөйтіп бүгінгі бет, адам баласын шын бақытты тұрмысқа жеткізуге себепші болатын бет қазақ арасында да тап партиясын жүргізу. Бұл жөнінде «кедей біріксін, кедей байлармен алыссын, сайлауға байларды жолатпасын!» деген насихаттан басқа, солай болғанда кедей 'бірігеді, сөйткенде кедей «байға қарсы тұруға болады» деген енегелі нұсқауды жалпы қазақ кедейлері тұтынарлық қып ешкім көрсете алмай келеді. Әр жердегі қазақ кедейінің халі әртүрлі. Бір жерде кедейлердің еңсесі едәуір көтеріңкі: қызмет басындағыларын өз араларынан сайлап алып, байдан тендігін алғанға жымыңдасып жүргенін көресің: бір жерде «кедейге тендік болды дегені қайда? іс басына сайланса бай сайланады. Қорлық керсе кедей көреді! Қай заман болса да, байдың үстемдігінен құтыла алмадық!» деп жылап жүрген кедейлерді көресің. Бұлай болулардың себебі: жергілікті жауапты қызметкерлердің ниетімен бетіне байлаулы: олар әділ іскер болса, ол жердің кедейлері есеге жетіп жүр! Ал, өңештің құлы яки ысылмаған болса, ол араның кедейлерін байлар бүктеп кетіп жүр. Тегінде кедейлердің өзара ұйымдары күшті болса, олар жауапты қызметкердің аузына қарамай, жауапты қызметкерлер «Тілектерімен қалайтындарың не? Орындай беретін?» деп жылмаң-жылмаң етер еді. Жүз кедейді шұбыртып бір байдың ертіп жүретін сұмдығы да қалар еді. Бірақ — амал бар ма? Әзір ол халге жетіңкіремей келеміз. Оған жету үшін әрине шара іздемей болмайды. Тұрмыс — күн көріс бұл хәлден өзгермей, жанармай кете берсе кедейлердің басы құралады. Олар баймен алысуға жарайды деуге аузы бармайды. Себебі: қазақ арасында кедей біткеннің басын қосқан кәсіп орны» (фабрик, завод секілді) жоқ; артель ашып, байға күн! түспейтін болып ұйымдасуға әлі қараңғы. Сондықтан не кыдырып келгенде «жұтып» шығатын саумалынан аса алмай, не баймен қарсыласуға өнері жетпей, оның арбауына түсіп кете барады. Бұлай болғанда, кедейдің басын қосу керек, оларды байға «қарсы тұруға жарайтын ғып шығару керек» деп қақсап жүрген азаматтар сол керектерін өмір жүзіне қалай асыра алады? Міне әңгіменің түйіні сонда, сол керектерді орындау үшін алдымен кедейлердің шаруа күнкөріс жағынан байға ісі түспейтін болулары керек, ол үшін ел арасындағы ел еңбекшілеріне жанасы бар мекемелерді (кооператив, қолқабыс комитеттері сияқты) үлгілі тәртіпке қою керек. Соларды жүргізе білетін кедейдің ынтасын, ықыласын аударып шаруасын бір қалыпқа салуға жарайтын қызметкерлер даярлаудың қамына кірісу керек. Ел кедейі қызметкердің адалдығын көріп қызметтің жемісін татпай, оның артынан ермек емес те, шаруа жағынан байға іс түспейтін бір ұйымға басы құралмай, байдың тырнағынан құтылмақ емес, әм оған қарсы тұра алмақ емес.  

 

Қазақ партиясы мен саясат партиясы екеуі екі басқа. Жалпы қазақ партия дегенде, өз арасындағы ру партиясын ғана ұғады. Ал осы күнгі саясат тілдегі айтылып жүрген партия тап партиясы болғандықтан Коммунист партиясы да кедей еңбекшілер табының партиясы екенін жұрттың көбі білгендей болды. Коммунист партиясында пәлен атаның кедейі, түген атанын еңбекшілі болсын деген шарт жоқ. Оның шарты шын кедей, шын еңбекшіл болса болғаны.

Осы күнде қазақ арасында «партия» дегенде ашып айтылмаса, қай партия екенін білмей қалуға болады. Мәселен: сот яки тергеу орны жауап алғанда «партияда бармысың?» деген сұрағына не шынын айтамын деп «мен Жақыптың партиясындамын» яки қорғанып: «тақсыр, мен партия қылмайтын адаммын!» дейтіндер көп болады.

Сондықтан тап партиясын айтам десең коммунист дегенді қосасың. Ру партиясын айтқын, келсе, қазақ, дегенді қосасың.

Ру партиясының зарарының көп, мақсатының қысқа екендігін: оны тоқтатпағанда, елдің мәдениетіне тиісінше пайдалана алмайтынын қазақтың қалам ұстаған азаматтарының айтпай келе жатқаны жоқ.

Бірақ совет үкіметі орнаудан бұрын «партияны қою керек!» деген құрғақ ақылдан басқа жол-жоба көрсетпейтін еді.

Ал, совет беті бұрынғыдан басқа екендігін әркім біледі. Білгенде өру партиясын тап партиясына айналдыру керек» деген ұран қолдануда: «пәлен атаның тұқымы көгерсін» деген тыңдалмай «еңбекшілдер көгерсін!» деген сөз мақсат етіп алынуда.

Сөйтіп бүгінгі бет, адам баласын шын бақытты тұрмысқа жеткізуге себепші болатын бет қазақ арасында да тап партиясын жүргізу.

Бұл жөнінде «кедей біріксін, кедей байлармен алыссын, сайлауға байларды жолатпасын!» деген насихаттан басқа, солай болғанда кедей 'бірігеді, сөйткенде кедей «байға қарсы тұруға болады» деген енегелі нұсқауды жалпы қазақ кедейлері тұтынарлық қып ешкім көрсете алмай келеді. Әр жердегі қазақ кедейінің халі әртүрлі. Бір жерде кедейлердің еңсесі едәуір көтеріңкі: қызмет басындағыларын өз араларынан сайлап алып, байдан тендігін алғанға жымыңдасып жүргенін көресің: бір жерде «кедейге тендік болды дегені қайда? іс басына сайланса бай сайланады. Қорлық керсе кедей көреді! Қай заман болса да, байдың үстемдігінен құтыла алмадық!» деп жылап жүрген кедейлерді көресің. Бұлай болулардың себебі: жергілікті жауапты қызметкерлердің ниетімен бетіне байлаулы: олар әділ іскер болса, ол жердің кедейлері есеге жетіп жүр!

Ал, өңештің құлы яки ысылмаған болса, ол араның кедейлерін байлар бүктеп кетіп жүр.

Тегінде кедейлердің өзара ұйымдары күшті болса, олар жауапты қызметкердің аузына қарамай, жауапты қызметкерлер «Тілектерімен қалайтындарың не? Орындай беретін?» деп жылмаң-жылмаң етер еді. Жүз кедейді шұбыртып бір байдың ертіп жүретін сұмдығы да қалар еді. Бірақ — амал бар ма? Әзір ол халге жетіңкіремей келеміз.

Оған жету үшін әрине шара іздемей болмайды.

Тұрмыс — күн көріс бұл хәлден өзгермей, жанармай кете берсе кедейлердің басы құралады. Олар баймен алысуға жарайды деуге аузы бармайды.

Себебі: қазақ арасында кедей біткеннің басын қосқан кәсіп орны» (фабрик, завод секілді) жоқ; артель ашып, байға күн! түспейтін болып ұйымдасуға әлі қараңғы. Сондықтан не кыдырып келгенде «жұтып» шығатын саумалынан аса алмай, не баймен қарсыласуға өнері жетпей, оның арбауына түсіп кете барады.

Бұлай болғанда, кедейдің басын қосу керек, оларды байға «қарсы тұруға жарайтын ғып шығару керек» деп қақсап жүрген азаматтар сол керектерін өмір жүзіне қалай асыра алады?

Міне әңгіменің түйіні сонда, сол керектерді орындау үшін алдымен кедейлердің шаруа күнкөріс жағынан байға ісі түспейтін болулары керек, ол үшін ел арасындағы ел еңбекшілеріне жанасы бар мекемелерді (кооператив, қолқабыс комитеттері сияқты) үлгілі тәртіпке қою керек. Соларды жүргізе білетін кедейдің ынтасын, ықыласын аударып шаруасын бір қалыпқа салуға жарайтын қызметкерлер даярлаудың қамына кірісу керек.

Ел кедейі қызметкердің адалдығын көріп қызметтің жемісін татпай, оның артынан ермек емес те, шаруа жағынан байға іс түспейтін бір ұйымға басы құралмай, байдың тырнағынан құтылмақ емес, әм оған қарсы тұра алмақ емес.

 

Бөлісу: