1952 жылғы қазақ совет поэзиясы
Біздің қазақ совет поэзиясы еткен 1952 жылды қандай шығармалармен шығарып салды десек, өткен жылғы бүкіл совет халқының және оның ішінде біздің республикамыздың да табыстары, жетістіктері таудай болса, сол жетістіктерімізді жырлап сипаттап беруге ұмтылған біздің поэзиямыздың сол жылғы жұмысының нәтижесі – халқымыздың таудай табысының қасында төбешіктей ғана дер едім. Бұлай дейтініміз, өскелең өміріміздің бойына – поэзиямыздың биіктігі жете алмай қалды.
– Бұған кім кінәлі?
– Әрине, ақындарымыз!
Бұл сөзде мен, – 1952 жылы поэзиямыздың уәкілдері – ақындарымыз қол қусырып, жұмған аузын ашпай далды деген қорытынды шыға ма?
– Жоқ! Ондай қорытынды шықпайды! Ақындарымыз бірсыдырғы жұмыстар істеді, аздаған жетістіктеріміз де жоқ емес, бірақ, өмір талабына сай күрделі еңбек бере алмадық дегіміз келеді.
Москвада шығатын одақтың «Әдебиет газетінің» 1953 жылғы январдың 10 күнгі шыққан санында басылған«Ақындық жылдық қорытындысы» деген Жазушылар одағының поэзия секциясының мәжілісінің жиналысының шолу есебіндегі мақалада бір автордың хатында жазылған өлеңді мысалға келтіреді. Ол автор былай деп жазыпты:
Поэты!
Мы –
ваших стихов читали
Мы их ценители,
почитатели.
Но часто
вы нам преподносите брак.
Пусть это печально, но это так...
Шынында да, біздің ақындарымыздың кейбір өлеңдеріне «қоқыс» сөздер де кіріп кететіні жоқ емес.
«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның ақылсыз бишарасы», –
деп Абай айтқандай, кейбір жақсы өлеңдердің арасында орынсыз қаланған ажарсыз сөз түсіп кетсе, егін арасына біткен арам шөптей көріне қалады. Қысқа жазылған лирикалы өлеңдерді суретке құра алмай келеміз. Олай болу әрине, біздің әлі күнгі ақындық шеберлігіміздің шыңдалып жетпегендігін көрсетеді.
1952 жылғы шыққан өлеңдерімізге қадала қарасақ ондай кемшіліктерді табуға болады. Кемшілік неден туады десек? Тақырып етіп алып отырған өмір объектісінің өзіне бетпе-бет келіп ішіне кіре суреттемей, сыртынан одағайлап жүріп дана жырлауымыз бір болса, екіншіден өз шығармамызға өзіміз қатал талап қоя отырып сын көзімен қараушылығымыздан шығады. Сонымен қатар долданатын, салыстыратын образдарымызды дәл жасай алмай, сөзді кейде өз орнына қарай алмай ауытқып кететіндіктен болады.
...«Сұлулықтың ең биік шыңы – долдан жасалған жасамалы искусство емес, адамға өмір әлемінен кездесетін шындық!» – дейді ғой Чернышевский. Сондықтан біздің советтік дәуірдегі сұлу өміріміздің ғажайып шындығын шыңына жеткізе шырайлы жырмен шарықтай сипаттап бере алған өлең ғана жақсы өлең болмақ, бірақ, ондай өлеңдер біздің поэзиямызда сирек кездеседі. Әсіресе 1952 жылғы поэзия жанрында жазылған шығармаларда ауыз толтыра айтарлықтай шығармалар жасай алмадық.
Қазақстан совет жазушылар одағының поэзия секциясы өткен жылдарға қарағанда 1952 жылы түскен шығармаларды қарап, талдап, талғаулар ретінде жұмысты бірсыдырғы жаман істеген жоқ, бірақ, бұл секцияда басқа секцияларымыз сияқты шығарма талқылау жөнінде болсын, поэзияның проблемалық мәселелерін күн тәртібіне қойып жиналыстар істеуде болсын күрделі еш нәрсе істей алмай келді.
Бұған себеп не?
Бұған себеп: Жазушылар одағының поэзия секциясы әлі күнге поэзияның қабырғалы мәселелерін талқылау жөнінде ұйымдастырушы кіндік бола алмай, жұмысты жүйелі бір жоспарға бағындырып, жедел қимылдай алмай, іске салақ, атүсті қараушылықтан. Керек десеңіз шыққан кітаптардың бірде-біріне сын, яки рецензия жазылып талқыланған да жоқ. Былайша немқұрайды қараушылық өз еңбегімізді өзіміз бағаламаушылықты көрсететін жаман әдеттің бірі. Поэзия секциясының шығарма талқылайтын мәжілістеріне басты ақындарымыз үнемі қатынасып отырмайды. Автордың оқылып талқыланатын шығармалары күні бұрын секция мүшелеріне үлестіріліп оқылып отырмайды. Сондықтан көбінесе құр ғана автордың мәжілісте өзі қолжазбасын бір рет сыдыртып оқып шыққаны бойынша ғана пікір айтылады. Әрине солай болғандықтан да шығарманың талқылану дәрежесі талдау сапасына нұқсан жасайды. Поэзия секциясының жуықта болып өткен бір мәжілісінде Төлеужан Исмайылов жолдастың поэмасы талқыланды. Бұл поэманың қолжазбасын он шақты ақын күні бұрын оқыған, ол жақсы, бірақ, үнемі бұлай күні бұрын оқылып алып талқыланатын шығармалар біздің тәжірибемізде сирек болып отырады. Міне, осы Төлеужан поэмасының талқыланған мәжілісіне, поэманы бұрын оқып алған Сәбит Мұқанов жолдас келмей далды. Жолдас Ғали Орманов шығарма талқылануына оқта-текте бір келеді. Ақындардың шығармаларын талқылайтын мәжілістерге прозаиктер шақырылмайды, бұ да үлкен кемістіктің бірі.
1952 жылы поэзия секциясына 17 шығарма түсті, бұл түскен шығармалардың барлығы да секция мәжілісінде талқыланып қаралды, оның ішінен 13 шығарма авторларға кемшіліктерін көрсетіп түзеу арқылы қабылданып, баспаға ұсынылды да, 4 шығарма қайтадан түзетіп өңдеу үшін өздерінің иелеріне қайтарылды.
Қабылданып баспаға ұсынылған шығармалар:
1. Құрманғали Ұябаевтың «Сағат» атты поэмасы.
2. Т. Бердияровтың өлеңдер жинағы.
3. Д. Әбілевтің таңдамалы жинағы.
4. Жұмағали Саиннің таңдамалы шығармалары.
5. Асқар Тоқмағамбетовтің таңдамалы шығармалары.
6. Қасым Аманжоловтың таңдамалы өлеңдері.
7. Әбдікәрім Ахметовтің өлеңдер жинағы.
8. Қабыкен Мұқышевтың жинағы.
9. Мақсұт Байсеитовтың жинағы.
10. Нұтфолла Шәкеновтің жинағы.
11. Бейбітшілік жырлары – жалпы жинақ.
12. Волга-Дон жайындағы жинақ.
13. Қапан Сатыбалдиннің өлеңдер жинағы.
Талқыланудың қорытындысында жөнделіп, түзетілуге
Жұбан Молдағалиевтің, Құрманғали Ұябаевтың өлеңдер жинағы, Қалижан Бекхожиннің Түрікпен каналы жайында жазылған өлеңдер жинағы өздеріне қайтарылып берілді. Сәду Машақовтың жинағы басуға ұсынуға қабылданбай өзіне қайтарылды.
Баспаға ұсынылған 13 шығарманың тең жарымы яғни алтауы жас авторлар, жас ақындар. Оның ішінде Мұқышев, Байсеитов облыста тұратын жас ақындар. Айта кету керек, бұл жолдастарға поэзия секциясы жинақтарын қайтадан жөндеттіріп баспаға ұсыну жөнінде көп жәрдем берді. Бұл, секция жұмыстарының бір тәуір жұмыстарының тармақтарының бастама нысаны облыста, ауданда тұратын әсіресе жас ақын, жазушылардың шығармаларына үздіксіз жәрдем беріп тұру шығармалық секцияның бұдан былайда бірден-бір күшейте түсетін міндеттерінің бірі. Секцияның мәжілісінде оқылып, талқыланып, кейбір түзетулермен қабылданып баспаға ұсынылған шығармалардың да кемшілігі жоқ деуге болмайды. Ол қолжазбалардың кемшіліктері секциядан өтіп, көркем әдебиет баспасына барғаннан кейін де біраз ықшамдалып түзетілді. Мысалы: Қабыкен Мұқышевтың, Нұтфолла Шәкеновтің жинақтары баспа редакторларының жәрдемімен де көп қысқартылып, көп жөндеуге түсті. Бұлай болуының өзі басында секцияда датты қарамағандықтан, кейбір жолдастардың көңіл жықпастыққа, тамыр-таныстыққа, жолдастың бетіне қараушылыққа түсіп босаң қарағандығынан болған іс, ол, сөз жоқ зиянды әдіс, жаман әдет, секция ондай осалдықтан, шалағайлықтан, көңілге қараушылықтан құтылуға тиіс.
Ал, енді секцияда қабылданып, баспа орнының редакторларынан өтіп 1952 жылы басылып шыққан өлең кітаптардың да көркемдік, ой-пікір, тіл шеберлігі жағынан да елеулі-елеулі кемшіліктері бар.
1952 жылғы поэзиямызға көз жіберсек: сабағынан сандақталып төрт аяғын тең басып, ақындық көркемдігі мен ой тереңдігі биік келіп, шоқтығы шығып тұрған еңбектегі адам образын көрсететін озат шығарма туа қоймады.
1952 жылғы поэзия көңілдегідей бітік өнбеуімен қатар, ақындарымыз поэма бере алмады. Өскелең поэзияның жотасын көтеретін поэма ғой! Әрине, қысқа өлеңдердің, лириканың дамуы қаншалық керек болса да, поэма-проза жанрындағы роман сияқты поэзияның кесек тұлғасы болып есептеледі. Бұл ретте, өткен жылы поэма беру жөнінде поэзиямыз ашаң қалды. Жұбан Молдағалиев былтыр беруге тиісті өзінің іріленген колхоз туралы жазып берген жаңа поэмасын әлі күнге созып бермей жүр, поэма жазуға құнарлы ақынымыздың бірі Хамит Ерғалиев «Волга» атты поэмасын жұртшылығымыздың алдына тарта алмай келеді, мен үш жыл бойы уәде беріп жүрген «Теміртау» поэмасын бітіре алмай жүрмін, шығармалық жылдар тәжірибесін бойына сіңірген машық, қабырғалы ақындарымыздың бірі жолдас Әбділда Тәжібаев ақын Жамбыл туралы поэма жазып берем дегеніне екі жыл болса да, бүгінге шейін жазып бітірмей, құр уәдесімен ғана тойдырып жүр. Дихан Әбілев өзінің «Алтай» атты поэмасын төрт жыл бойына созып дәл тиянақтамай отыр. Ақын Ғали Текелі туралы жазам деген поэмасын жазып бітірмек түгіл үшті-күйлі ауызға алуды қойды. Осының бәрі ақындарымыздың желпінбей, өте шабан, самарқау қимылдап, жауапкершіліктерін ұмытып, шығарма күтіп отырған халық талабына сай келе алмай жүргенін көрсетеді. Бұл поэзиямыздың өте жетімсіз жағын, артта қалуға айналып бара жатқанын көрсетеді. Осы аталған ақындар бұл самарқаулықтарына, өз шығармаларына шабан, салқын қараушылықтарына жауап беруге тиісті. 1951 жылы поэзиямызға, әсіресе, поэма жағынан Нұрдан Ахметбековтің «Жасауыл қырғыны», «Аманкелді» поэмалары; Хамит Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы» поэмасы жазылып қосылды. Мұның ішінде осы күнгі өміріміздің ішіне кіре, жазып отырған, геройларының ісі мен ішкі құбылысын жалғап жылтырақсыз ретінен, уақиғаға желісін өрістете берушілік жөнінен шоқтығы шығып шебер жазылған Хамит Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы», бұл поэмадағы партия секретары Гүлжанның бейнелі образдары өмір сүретін тұрақты образдар. Бұл поэма 1951 жылы поэмамыздың жетістік жағын көрсететін табысымыздың бірі, ал, енді Нұрдан Ахметбековтің «Жасауыл қырғыны» тақырып жағынан халық дұшпаны Кенесары ханның озбырлығын көрсететін, жауыздығын әшкерелейтін поэма, бірақ ақындық тіл шеберлігі жағынан олақ жазылған жерлері көптігімен қатар, феодалдық дәуірдегі қазақ байларының ертеде өткен ақ үйлерін әсірелей суреттеп жіберген жақтары да көзге түседі. Ол әрине, бұл поэманың кемшілігіне жататын жайттар.
Ал, енді 1952 жылы ақындарымыз, поэзиямызға поэма жағынан үлес қоса алмады, бұл жылы, тек дана, Сырбай Мәуленовтің «Секретарь» атты поэмасы. Бұл поэма «Әдебиет және искусство» журналының 1952 жылғы шыққан 10-санында басылды. Поэманың көлемі шағын, бұл – ақынның бірінші жазылған тырнақ алды поэмасы. Тақырыбы Мақпал көл деген көлді бұрып, оның суын колхоздың егіндік жеріне пайдалану, бұл ретте обком секретары Әлимов машина үстінде келе жатып қуаң жерді суландыруды ойланады, ол ойын колхоздағы қарт Иван мен Пакқа айтады, олар мақұлдайды. Секретарь бюро мәжілісін өткізіп Мақпал көлді егін даласына бұруды мәселе етіп қойып өткізеді. Ел жұмысқа кіріседі. Жалпы жұрттың жер қазған қимылы суреттеледі, ішінде Иван мен Пак те жүреді. Көлдің суы ақырында қырға бұрылады, қырға да күнбағыс пен егін шығып, ағаш шығып жайқалады. Обком секретарының шофері Балғабай Москваға оқуға кетеді, міне, осымен уақиға бітеді.
Поэманың тілі жеңіл, түсінікті, көркемдік жағы бірсыдырғы тегіс шыққан, пейзажды суреттеуге жақсы-жақсы көрсеткен шумақтары ақындық көзбен жазылған, тақырыбы осы күнгі жаңа тақырып, обком секретарының бейнесін көрсеткісі келгені, партия қызметкерінің кейпін суреттеуді, оның бейнесін поэзияға түсіруді алдына мақсат етіп қою – автордың жақсы талабы. Бірақ, бұл поэманың композициясы, сюжеті қою емес, уақиғасы бір линиямен ғана жеңіл жолмен сипатталып, описания арқылы берілген. Алған геройларының, мысалы Әлимовтың бет келбеті ғана екі шумақ өлеңмен суреттеледі, Иванды қаба сақал қарт Иван деп қана, Пактың тек атын атап дана кетеді, бұл геройларының ішкі құбылыстары, жан сезімдері, күйініш пен қуаныш лептері, еңбектегі, яки, жай тұрмыстарындағы жеке мінез-құлықтары толық берілмеген, сондықтан олардың ерекшеліктері айқын көрінбей қалған. Сондықтан да поэма геройлары типтік болып шықпаған.
Мұндай кемістік жалғыз Сырбайдың «Секретарь» атты поэмасында ғана көрініп отырған сырдаңдығымыз емес, бұл біздің барлық ақындарымыздың шығармаларына ортақ кемшілігіміз. Және ондай кемшіліктерден бәріміздің де толық шыға алмай келе жатқан жағдайымызды көрсететінін, сол кемшіліктерді жеңуге талаптануымызды міндеттейтін мәселе демекпін.
Поэма дегеніміз – поэзия жанрының ең басты, ірі кесек көлемдегі жасалатын шығармасы. Поэма – қою уақиғалы, уақиғаға қатысатын өз мінезімен, өз бейнесімен ерекше көрінетін геройлары бар, ол геройлардың қуанышы мен сүйеніші, еңбегі мен әрекет, ішкі жан құбылысы мен сыртқы пішіні сипатталып көрсетілетін, өмірде кездесетін алуан түрлі адамдардың біріне ұқсас қалпы бар, уақиға мен тақырып желісіне байланысты күрес, тартысы бар – өлеңмен жазылатын уақиғалы сұлу әңгіме. Бұл өлеңмен жазылатын уақиғалы әңгіменің, яғни поэманың конфликті арқылы өрістейтін геройлары типтік болып шығуға тиісті. Біздің ақындарымыз поэма жазуда шабан қимылдап, оның үстіне поэманың ішіндегі геройларының образын толық жасай алмай келеді. Твардовскийдің Василий Теркині сияқты образдарды жасай алмай келеміз. Жақсы поэмалар жазып, олардың ішінде ел аузында жүргендей социалистік өмірдің қарапайым совет адамдарының образдарын жасауға міндеттіміз. Біз поэманың әр түрін де жасауға тиістіміз. Поэма жасауда, эпикалық, лирикалық, драмалық поэмалар да жазылуға тиісті, біздер әсіресе драмалық поэмаға бара, алмай жүрміз, мысалы, Пушкиннің «Кавказ тұтқыны» поэмасы романтикалық, не эпикалық поэма десек, сонымен қатар Пушкиннің «Цыгандары» – драмалық жағы күшті поэма ғой ал, енді сюжетті поэма жасауға күш сала түсуіміз керек деп отырмыз. Мұнда мысалы, Маяковскийдің «Бар дауыспен», «Владимир Ильич Ленин» поэмалары уақиғасыз, сюжетсіз деуге бола ма. Жоқ. Болмайды.
Неге?
Бұл поэмаларда сюжет, уақиға, композиция құру ретінде негізгі уақиға өзегі – біздің дәуір тұлғасы, тарихи кезеңдер белесі, ұлы Лениннің образы, партияның образы, Маяковский өзінің кей шығармаларында негізгі геройды алған тақырыбына өзінің қатынасы, өзінің көзқарасы арқылы жасайды. Өзін халықтың, өмірдің уәкілі есебінде алып, өзінің жеке «менің» халық атынан айтады. Өзін халықтан, үкіметтен бөліп алмайды. Поэманы бұлай жазуға да әбден болады. Авторларға жәрдем беру ретінде, олардың қолжазба шығармаларын секция мәжілісінде талқылап қою ғана аз, сонымен қатар шыққан кітаптарға сын жазылып, пікір айтылып отыруға тиісті. Бұл жөнінде ақын, жазушыларымыздың өзі де, әдебиеттегі сыншыларымыз да сын мақала жазуға қатынаспай, атүсті қарап келеді. Кішкене шағын көлемде шыққан өлеңдерді былай қойғанда, 1952-53 жылдарда менің, Жұмағали Саиннің, Диқан Әбілевтің, Асқар Тоқмағамбетовтің көлемдірек болып, таңдамалы шығармалары басылды. Таңдамалы шығарма деген автордың ондаған, жиырмалаған жылдар бойындағы шығармалық еңбектерінің бір үлкен жиынтығы, нәтижесі. Автор үшін бұл үлкен уақиға. Осыдан автордың шығармалық өмірінің тұлғасы көрінеді. Бірақ, осы таңдамалы шығармалар жайында бірде-бір ақын, жазушы, бірде-бір сыншы пікір айтқан жоқ, таныстыру, сын мақалалар жазылмады, керек десеңіз тіпті рецензия да болмады. Бұл біздің әлде болса мәдениетіміздің саяздығын дәлелдейтін, жақсы шығармаларымызға сүйсініп, жаман шығармаларымызға өкінетіндігімізді көрсетпейтін жағдай. Осы шыққан шығармаларды жеке-жеке талдап, пікір айту жүйесінде баяндамалар ұйымдастырып, жиналыстар шақырып, жұртқа мақалалар жазуға тапсырып отыру деген мәселені поэзия секциясы істемек түгіл, ойланған да жоқ. Бұл мәселе жөнінде секция бастығы жолдас Мұқанов, орынбасарлары мен және Жұмағали Саин, Сырбай Мәуленовтер шығармалық ұйымдастыру жұмысына белсене қатынаса алмады. Сонымен бірге Жазушылар одағының ішкі жұмысына қолма-қол араласып, күнбе-күн кеңседе істеп поэзия секциясының ісін тікелей жүргізіп отырған жолдас Молдағалиев Жұбан да ешнәрсе істей алмады. Сондықтан, секцияның ұйымдастыру жұмысының дәрежесі төмендеп кетті.
1952 жылғы шыққан поэзиямыздың тұрғысына көз жіберсек бірқатар кемшіліктермен бірге қысқа, шағын лирикалы өлеңдер жазуда жақсылық нышанның белгісін көрсеткен ақындарымыз да жоқ емес, бірақ, сол тәуір деген өлеңдермен қабат нашар өлеңдер де көзге түсіп отырады. Бұл жөнінде Сырбай Мәуленов ақынның «Магнит таудың оттары» атты өлеңдер жинағына «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан сын мақала негізінен алғанда оның өлеңдерінің кемшілігін дұрыс көрсетіп, авторға бірқатар жәрдем берді.
«Магнит таудың оттары» атты жинағында кейбір кемшіліктері бар өлеңдерімен қатар, Сырбай ақын елеулі-елеулі жақсы өлеңдер де бермей қойған жоқ. Жинақтағы өлеңдер тақырып жағынан жаңа, көркемдік жағынан жұмыр жасалған лирикалары кездесіп отырады.
«Магнит аспаны» деген құрыш туралы жазған үш шумақ өлеңінде ақын аз сезбен құрыш жасалу суретін әп-әдемі береді.
«Тау үстіне жалыннан
Жап-жасыл аспан орнады,
Темірдің отқа қарылған
Жосылып жатты жолдары», – (9-бет)
дейді ол. Немесе «Магнит кеші» деген өлеңінде:
«Магнит таудан сарқырап
От өзендер құлайды.
Ағады құрыс жарқырап
Қалады қоқыш лайлы», –
деп жариялап келеді де:
«Цехыңа қарай жүрегім,
Жалының жанды оятты.
Қосылып достым түнімен
Құяды құрыш болатын», –
деп құрыш құюшы адамды көрсеткісі келеді де, адамы көрінбей далған, олақ қосылған. «Қосылып достым түнімен» дегенде, досы кімге қосылып тұр, түнге ме? Құрышқа ма? Құрышқа қосылса қайнап балқып кетпей ме! Темірді қайнатқан мартеннің ыстығы құрышқа қосылса, қостың жанын шығарып жібермей ме!? Сонан соң «цехыңа қарай жүрегім» деген жол өз міндетін атқара алмай босқа қыстырылып тұр. Осындай бос сөздер ретсіз қыстырылып өлеңді бұзып тұр, темірдің қайнауы бар да, соны қайнататын адам көрінбей қалған.
Сырбайдың «Агроном» деген өлеңінде кей сөздер орынсыз қолданылып, пікірі мен көркемдік жағы шашырап кеткен.
«Алуан түрлі бидайың
Өсіріп ол байқаған
Дәптерде шимайлы
Көшірген сан қайтадан». (43-бет.)
Агроном бидайды өсірсін-ақ, ал енді сол шумақта оның дәптерді қайта-қайта шимайлағанын ақын не дегісі келіп тұр? Түсініксіз логикасы тарқатылып, ажарсыз шыққан! «Қырманда» деген өлеңінде:
«Қызыл қырман қызыл тау,
Бейне қолын бұлғаған,
Бейне өзен бір асау,
Ән мен күйі тынбаған...» – (11-бет)
дейді, қол бұлғайтын қырманда қол жоқ қой, ең болмаса жалау болса екен, өзенді асау дейді де, оның әні мен күйі тынбаған етеді... Өзі асау болса, оның әні қандай болмақ? Ән деген нәзік нәрсе, ел асау тіпті тентек, тұрпайы дара күштің қимылы емес пе? Бұл жолдар да біріне-бірі қайшы келіп тұр. Бұлар ойланбағандықтан пайда болған кемшіліктер ғой деймін. Өлеңге бұлай салақ қарауға болмайды! Сырбай өлеңге кейде формалды жағынан қарап, көпірме сөздерді көп қолданып, адам бейнесіне үстірт қарайды.
Мұзафар Әлімбаев ақынның өткен жылғы «Қарағанды жырлары» деген атпен шыққан жинағында, әсіресе, Қарағандыға арнаған цикл өлеңдерінде бірсыпыра тәуір өлеңдер бар. Мұзафар тақырыпты өміріміздің күнделік шындығынан алып, соны қысқа, тұжырымды етіп, артық сөзге бармай, ойын түйіп айтатын ақындарымыздың біріне айналып келеді. Әйтседе, мұндағы бір кемшілік – алған тақырыбымен қысқа түйгіш ойының мөлшері мен дәрежесіне өлеңдерінің көркемдік жағы жетпей қалып отырғандары да аз кездеспейді. Өлеңнің поэтикалық жағына, оның бейнелеу, теңеу, ұйқас жадтарына аз назар аударады. «Жақсы үй мен такси» (22-бет) деген өледі – еңбекшілердің тұрмысының тәуірленіп жақсы пәтерге кіргендігін, машинаға мінгендігін бір кемпір мен шалдың қимыл бейнесі көрсетеді. Бірақ осы өлеңнің аяғындағы екі жолы онша байланыспай тұрған тәрізді. «Енді біз көршілеспіз инженермен, осы ғой алтын дәурен көсем берген», – дейді. Бұл жолдан оқушы: «Көсем берген алтын дәуреннің жақсылығы тек қана инженермен көршілес болғандығымен ғана сипатталады» екен деп ұғуы мүмкін. Көсем берген дәуреннің зор бағасын – инженермен көршілес үй алумен өлшеу өте арзан өлшеуіш! Жадау, жұпыны, сай келмейтін өлшеуіш.
«Нұркеннің көшесінде» деген өлеңі жақсы шыққан. Нұркен батырдың шешесі, өзінің соғыста өлген Нұркені ұсап әр үйде де жас ұландардың өскеніне қуанып, ананы Нүркенің жоқтатпайтын жаңа ұрпақ екенін суреттейді. «Ерсіме» деген (83-бет) лирикалы қысқа өлеңін Мұзафар ақындық оймен, нәзік сезіммен шебер жазған. Ал, осындай жақсы өлеңдерімен бірге нашар өлеңдері де жиі кездеседі.
«Горидегі музейде» атты өлеңінде Мұзафар:
«Өскен ұлмын өмірдің күнгейінде,
Тұрмын қарап көсемнің музейінде.
Ұядай үйге сыйған даналық сыр
Жағылғандай шырақ боп ой-зейінге», –
деген ұйқастары жымдаспай жасалынған, «күнгейінде» – деген сезге – «музейіне» деген ұйқасты сүйрейді. «Музейін» деген сөзге «ой-зейін деген ұйқасады, бірақ, ой мен зейіннің екеуі бір мағынадағы сөздер. Сондықтан зорлықпен ұйқасқан, еркін ұйқаспаған. Сол музейге кіріп шыққаннан соңғы сезімін шерткенде ақын:
«Яки қарт бол, мейлің сен яки жігіт,
Университеттен шыққандай өмірді ұғып», –
деп жырлайды. Мұнда өмірді адам тек қана университеттен ұғатын сияқты болып тұр, өмірдің өзі университеттен әлдеқайда кең, әлдеқайда терең ғой, егер музейді айтқысы келсе – соны көргенде өмір университетін оқып шыққандай боласың десе бәрі сірә, дұрыс болған болар еді.
«Москва таңы» атты өлеңінде: тіл білімі туралы, адамзат әлі білмеген даналық сөздің туғаны осы таң шығар кім білген?» Бұл жерде автор – «осы таң шығар кім білген» деп шүбәланып, осы таң ба кім білген? деп екі ұшты топшылауы қате тәрізді, осы таңнан басқа тағы да бір таң бар сияқты ой түсіреді. Пікірді бұлай екі ұшты айтуға болмайды. Мұндай сөздерді кесіп дәл айтқан жөн, сонан соң сол өлеңде «білмеген» деген сөзге» – «Кім білген» деп ұйқастыру ұйқастың өте кедей жасалғандығын көрсетеді. Мұзафардың өлең ұйқастарына салақ қарайтындығы жиі байқалып отырады. (16-бет) «бұрғысын» – «өз күшін» деп, 18-бетте «тілегін» мен «біреуін» деп, ұйқастырулары нашар ұйқастыру. 106-бетте «Өзінше скульптор әрбір адам» деген өлең жолы, Қайнекейдің «Әрбір адам роман» деген өлең жолдарымен үндесіп тұр, ондай біреу айтқан пікірдің – басқа ақындардың аузынан қайталануы жаңалық болмайды, шама келгенше ондайдан қашу керек болады.
Мұзафардың осы жинағының 107-бетінде:
«Ауыртпалық түскенде
Ер арқалай ел жүгін –
Өз өмірін пида етіп
Ұзатар ел өмірін», –
деген төрт жол өлең бар. Осы төрт жол өлеңнің мазмұны, логикасы дұрыс ұғым бермейтін сияқты. Өйткені, бұл шумақта: ел өмірін жасамақ түгіл, ел өмірін ұзартатын да ер болып тұр. Бұлай топшылауды теріске соға ма деп айтпақшымын. Олай дейтініміз: жеке геройды да, тарихты да – демек, халықтың өмірін де жеке ер жасамайды, ерді де халық жасайды, тарихты да халық жасайды демекпіз.
1951 жылдың аяғында 1952 жылдың басында шыққан Аманжол Шәмкеновтің өлеңдер жинағына кірген автордың «Ленин суреті», «Терек», «Әділеттің толқыны», «Москвич», «Қос бұлақ» сияқты өлеңдері жақсы өлеңдер. Тағы да осындай тәуір өлеңдерін бұзып тұратын «Қазақстан», «Ай сығалап» деген тәрізді бірсыпыра өлеңдері әрсіз, нәрсіз жазылумен бірге, жаңсақ пікірге ұшырап кеткен, мысалы: «Қазақстан» атты өлеңінде ол:
«Кім сүймейді туған жерін, өз елін,
Өз елімнен бір жылылық сеземін.
Оған деген махаббаттың шегі жоқ,
Шалқып жатыр бейне Ертісім – өзенім.
Сүйем ойлы ормандарын құлпырған,
Сүйем суын кіндік кесіп кір жуған», – (8-бет)
деп ақын өзінің туған өлкесін, өз өзенін, кіндік кесіп кір жуған жерін артықша, асыра сүйіп, оған ешбір жерді теңемейтін сөздерін құмарлана көрсетуі өз өлкесін жалпы одақтан бөліп алып сүю сияқты пікірге меңзеген болып көрінеді, әрине, бұлай суреттеу, бұлай топшылау қате. «Ай сығалап әйнегінен» – деп басталатын қысқа өлеңінде (87-бет) пікірдің логикасы бұзылған.
«Ай сығалап әйнегімнен
Аймалады бөлмемді.
Айнымайды әлдекімнен
Үй ішіне өң берді.
Немесе:
Өздері айға ұқсады да,
Түйістіріп бастарын
Жатты ұйқы құшағында
Бөбегі мен жас жарым».
Бұл жерде айды әлдекімнен айнымайды деп бір адамға ұқсатуы келіспей-ақ тұрған теңеу. Өздері айға ұқсады да түйістіріп бастарын жатты ұйқы құшағында деуі, айға ұсап тұрып бастарын қалай түйістіреді? Міне, осындай ойланбай жазылып кеткен өлеңдерден, әрине, өлеңдік көркемдік табу ете қиын! Аманжол Шәмкенов жақсы жазып, өсіп келе жатқан ақын, бірақ, келесі жинақтарында жоғарыдағы көрсетілген кемшіліктер қайталанбауға тиісті.
Шолу жасап отырған жылымыздың поэзиясының ішінде Әбу Сәрсенбаев ақынның «Отан таңы» атты өлеңдер жинағы шықты. Автордың бұл жинағына қырық шақты өлең кірген. Көпшілігі дерлік жаңа жазылған өлеңдер. Көрнекті ақындарымыздың бірі Әбудің бұл кітабында «Туу туралы жыр», «Карта үстіндегі ой», «Отан таңы», «Барлаушылар туралы баллада», «Жас большевик» деген өлеңдері тәуір өлеңдерінің тобына қосылады. Ойы айқын, образдары дәл, теңеулері жатық. Бұл жинағында бұрынғы «Ақша бұлт» жинағында көбірек қолданылған жылтырақ сөздер қысқартылған. Ай, күн, жұлдыз, шолпан, періште, бұлт, алтын, күміс деп бұрын көп қолданған жылтырақ сөздерден құтылуға тырысқан. Алайда, сол жылтырақ сөздерінен әлі де құтылып кетпеген сияқты, мысалы «Отан таңы» деген өлеңін тәуір өлеңдерінің бірі десек те:
«Айды орап бұлт үлбіреген
Күліп шолпан туды іргеден», – (18-бет)
деп ай мен бұлтқа, шолпанға арнай жазылған жыр шумақтары да кездесіп отырады. «Советтік дәуір» деген өлеңінде Маяковский өлеңдерінің кейбір жолдары да алынып кеткен. «Ғасыр дейміз – біз жүз жылды».
Тек ғасыр деп қоймаса атын,
Дәуіріміз бар қос ғасырды
Қолтығына сыйғызатын», –
деп ғасыр туралы айтқан жері Маяковскийдің «Владимир Ильич Ленин» поэмасындағы жазылған жолдарға ұқсаңқырап кеткен.
«Жүйткісе өмір
Сағатты шабан дейміз,
Календарға сыймаймыз,
дәуірлейміз.
Ол кезде біз –
Бұл – тұтас «заман» дейміз.
Ол кезде біз,
Бұл тұтас дәуір дейміз!» –
деп Маяковский айтса, біздің Әбу «Ғасыр дейміз жүз жылды» деп келеді. Сол өлеңінде ақын:
«Дәуір келеді...
дәуір келеді!..
Жаңғыртқан үн аспан астын»
Ай!
Жол бер!
Жаңа дәуір келеді,
Көктемі алғаш адамзаттың» (5-бет).
Автордың ай, жол бер, деп кімге айтып тұрғаны белгісіз. Қара сөз түгіл, әсіресе өлеңде «ай» деген одағай сөздерді жіберу жыр жолдары үшін көп келісе бермейді.
Бол тезірек,
Сапқа тізіл.
Еңбекші ауыл, сен де далма,
Тыңда дәуір командасын: –
Айда,
Марш!
Кеттік алға!..
деген өлең шумақтары құлаққа жағымсыз, дөкір сөздерден тізілген. «Айда, марш, кеттік алға» деген жолдың көркемдігі жоқ-ақ. «Тыңда дәуір командасын» деген жол да жатық жасалмаған, құрғақ сөздер, және де «дәуір командасы» дегенді оншалықты қолайлы деп ұқпаймын. Менің қарауымша ақын Сәрсенбаевтың өлеңдерінің екі түрлі кемшілігі бар деп ойлаймын. Ол кемшіліктер бірінші – әлі де болса жылтырақ, тәтті сөздерден толық құтыла алмай келе жатқандығы; екіншіден – «айда, марш! Кеттік алға» деген сияқты құр дауыс екпіні бар сөздердің өлең арасына қыстырылып кететіндігі. Олардан автор біржола құтылғаны жөн демекпін. Және айта кету керек, әсіресе Отан соғысынан бұрын жақсы лирик ақындарымыздың бірі болып көрінген Сәрсенбаев жолдас соңғы жылдарда өлең жазу дәрежесін төмендетіп алды. Өлеңнің сюжетті образдық жағын нашарлатып. ұйқас жақтарына назар салмай олақтанып кетті. Үмітті ақындарымыздың бірі Әбуге – біз бұл жөнінде үлкен талап қоюға міндеттіміз. Әбу өлеңді шебер жазуға күш салуға тиіс.
Соңғы жеті-сегіз жыл ішінде өлең жазуға немқұрайлы қарап поэзияға сараңдана салқын тартып барып Қапан Сатыбалдин жолдас өткен жылы «Бейбітшілік күні астында» деген атпен өзінің өлеңдер жинағын шығарды. Бұл жинаққа автордың 42 өлеңі кірген. Оның ішінде он бес шақты өлеңі соңғы кезде жазылған. Бұл жинақ жалпы алғанда орта дәрежедегі өлеңдер тобынан құралған. Бұл өлеңдердің саяси беті, мазмұны дұрыс бола тұрса да поэзиялық жағынан жаңалығы аз, өлең жасаудағы көркемдік шеберлігі жетіспеген. Көбінің сөз образдары, өлеңдік ұйқастары жымдасып келмеген. Тегінде, бұл жинақтағы өлеңдеріне көз жіберсек Қапан әсіресе ұйқас жағына көп назар аудармайтын тәрізді.
Мысалы «Москвадан» деген өлеңінде:
Грузин,
Өзбек,
Қазақ,
Қырғыз,
Түрікмен,
Латыш,
Украиналық бір туғандай бірге тұрмыз...» –
деген шумақта қандай өлеңдік қасиет бар? Жеті-сегіз халықтың атып атап құр тізім ету өлеңнің ешбір көркемдік қасиетіне тән емес.
«Совет солдаты туралы баллада» да (32-бет)
Ұлып ұшқан жау минасы
Жауған кезде бейне бұршақ,
Қабырғасын сөгіп кетті
Қайғы деген дара пышақ...» –
дейді. Жау минасының совет солдатының қабырғасын қайғының дара пышағы сияқты сөгіп кетті деуі – совет солдатын күйрек етіп көрсететін, және дұрыс ұғым бермейтін пікірге соғып кетуге мүмкін шумақ. Сол өлеңде, совет солдаты соғыс болып жатқан жердегі жат өлкенің алаңындағы майданда жүріп, жауға ызаланғандағы кегін былай деп суреттейді:
Сойқаны мол күллі дұшпан
Тұрғандай-ақ тап алдында,
Аямаспын деді солдат
Бесіктегі балаңды да...
Бұл шумақта Қапан Сатыбалдин совет солдатын совет үкіметінің гуманизмінен сырттатып көрсетіп, бесіктегі сәбиді де аямауға серт бергізген. Бұл саяси қатеге соғатын пікірлер.
«Колхоз жолы» деген өлеңінде (38-бет):
Қызметіне күнделік
Бара жатыр трактор
Көптен таныс бүр күлкі
Көрінбейді бірақ бір.
Бұл өлең шумағында ұйқас үшін логика бұзылған. Сонымен қатар ұйқастың үзіп зорлықпен сүйреп қосылған. Трактор деген сөзге ұйқастыру үшін «бірақ бір» деген сөзді сүйреп әкеліп тұрғаны өзінен-өзі айқын. Соңғы екі жолдың ішінде: «Бір көлік, бірақ бір» деген бір мағынадағы сөз үш рет қолданылады. Әрине, бұл өлеңді ойланбай олақ құрушылықтан шыққан нәрсе.
«Қартабай шал» (47-бет) деген өлеңінде: –
«Ерлердің елге сыйлы біреуі ол да,
Аянбай қайрат төккен Ұлы Отанға,
Шал атын біз де көкке шырқатамыз,
Жыр етіп ер еңбегін көп алдында», –
дейді. Бұл жолдар поэзияға тән сөздер емес. Ажарсыз, әрсіз, қиындасқан әлсіз.жолдар. Ол отанға деп, ол ұйқастарға – «алдында» деп ұйқастырған. Бұлар әрине ұйқас емес, ұйқасты мазақтау. Міне өлең жасаудағы ұйқасқа мән бермегендіктен біздің ақындарымыздың кейбір өлеңдерінде осындай кемшіліктер кездесіп отырады. Бұл кемшіліктерді көрсете бастасақ, сырқатты сезімдермен салқын қарап қырғи-қабақтыққа түсіп кететін жолдастар да болмай қалмайды. Онымыз, әрине, поэзиямыздың өсуіне жәрдем беретін жақсы нышан емес. Сондықтан ондай теріс пікірден аулақ болғанымыз жөн.
Жиырма шақты жыл шығармалық тәжірибесі бар белді ақындарымыздың бірі Қапан Сатыбалдин ақын осы айтқан кейбір кемшіліктерді есіне алып өлең жасаудағы шығармаларын шеберлендіре түсуі керек. Бұл бір ғана Қапанға емес, бәрімізге ортақ міндет.
1952 жылғы поэзиямыздың ішінде ақындарымыздың бір тәуір шығармасы «Волга-Дон» атты өлеңдер жинағы. «Волга-Дон» құрылысына арналып шыққан Бұл жинақтағы өлеңдер – ақындарымыздың және поэзия секциясының тәуір жұмыстарының бірі болып есептелінеді.
Коммунизмнің ұлы құрылысына өздерінің өлеңдерімен үнін қосулары, халықтың зор еңбегінің үлкен нәтижесіне қаламымен ат салысулары ақындарымыздың көтеріңкі шығармалық серпінін көрсететін жақсы бастама. Бірақ осындай ірі, жаңа тақырыптарға ақындарымыз үзбей үнемі жазып отыруға тиісті.
1952 жылғы қазақ совет поэзиясы
Біздің қазақ совет поэзиясы еткен 1952 жылды қандай шығармалармен шығарып салды десек, өткен жылғы бүкіл совет халқының және оның ішінде біздің республикамыздың да табыстары, жетістіктері таудай болса, сол жетістіктерімізді жырлап сипаттап беруге ұмтылған біздің поэзиямыздың сол жылғы жұмысының нәтижесі – халқымыздың таудай табысының қасында төбешіктей ғана дер едім. Бұлай дейтініміз, өскелең өміріміздің бойына – поэзиямыздың биіктігі жете алмай қалды.
– Бұған кім кінәлі?
– Әрине, ақындарымыз!
Бұл сөзде мен, – 1952 жылы поэзиямыздың уәкілдері – ақындарымыз қол қусырып, жұмған аузын ашпай далды деген қорытынды шыға ма?
– Жоқ! Ондай қорытынды шықпайды! Ақындарымыз бірсыдырғы жұмыста