Әркім өз қотырын өзі қасу керек

8 Желтоқсан 2012, 06:08

  Оқудың керектігін білмейтін кісі жоқ, айтпайтын ауыз жоқ, деп айтылған сөздің өзін де естімеген адам аз деп айтуға болады. Бірақ айту мен істеу екеуі екі басқа екендігін де жұрттың көбі біледі. Сондай-ақ біздің қазақ, арасында оқу жұмысы айтылуына қарағанда, істелуі саран, келе жатқандығы кімге болса да қараңғы емес. Бұған себеп: осы күнге шейін жоғарғы мекемелердің еркін ойын бөлгізбей келе жатқан аштықпен алысу, шаруашылықты түзеу секілді жұмыстардың килігуі болды. Аштықтан құтылып ендігі жұмыстың екпіндісі шаруашылықпен қатар оқу жұмысы болайын деп отыр. Оқу жұмысына жоғарғы мекемелер ынталарын салар да, қолдарынан келгенін істер де, сонымен ғана жұмыс ілгері басып кете қоймақ емес. Жоғарыдан келген жобаларды, бұйрық жарлықтарды орындайтын жергілікті мекемелер, елдегі қызметкерлер ұнатқан нәрсесін қара бұқараның көкейіне қондыратын, орны келген жерде екпінмен болсын, еппен болсын майданға шығаруға себепкер болатын солар. Оқу жұмысына келгенде, оның қызметкері оқытушы мұғалімдер. Бұрынғы уақытта мұғалімдік оқушылардың еді. Қап тауынан аса алмай қалғандарының ғана сыбағасына тиетін еді. Оның себебі де оқу жұмысына үкіметтің ынтасы, халықтық мұқтаждығы жоқтығы еді. Сондықтан оқытушылардың күн керуі ауыр, қадірі кем болатын еді. Бұ күнде бұрынғыдай емес, үкімет ынталы, халық мұқтаж десең де, жоғарғы айтқан себептер арқылы оқу жұмысына әлі еркін кірісу болмай келе жатқандықтан, оқу қызметкерлерінің халдері бұрынғыдан ұзап кете алған жоқ. Ал біздің елдегі мұғалімдер болса, көбі білімінің кемдігінен нені қайғыртатындығын, қай ауруға қандай дәрінің керектігін білмейді. Білгендерінің қаламен қатынасы сирек, хабарласуы ыңғайсыз келіп отырады. Қаладағы оқытушылардың қымызға, таза ауаға шығатын мезгілі болды! Бұл арада тағы бір айтылып кететін жұмыс: іске жарайтын мұғалімдердің кебі оқыту жұмысынан күні бүгінге дейін қашуда. Оның себебі де бағанағы тұрмыс ауырлығы. Тұрмыстың ауырлығын түзеуге, жеңілтуге болмағанда қашу керек еді. Осы күз Мәскеуде оқытушылар съезі шақырылмақ. Оянған елдің азаматтары сол съезге шейін қанша план құрмақ? Қанша пікірлерді қорытып салмақтап алып бармақ?! Бірсыпыраларымыз жайлауда жатып, білмей қалып жүрмейік! Кейбіреулеріміз тұрмысымызды түзеу жолында іс қылатын мезгіл тұрғанда бас құтқару, қашу әдісін қолданып уақытымыз бола алмай жүрмесін! Жыламаған балаға емшекті туған шешесі де бермек емес. Оқытушының халін оқытушылар ғана түземейді, әркім өз қотырын өзі қасу керек!  Осы күнде мемлекеттің қамсыздандыру мекемесі (Госстрах) әр жерде құрылды. Ол мекеменің атқаратын жұмысы халықтың шаруасын әртүрлі апаттар килігіп күйзелткендей күн туса, сондағы кемшіліктерді орнын толтырып, бағытын түзеп жіберуге кепілдік қылу. Соның үшін ол мекемелерге малын, мүлкін жаздырып отырған адамдар шаруам апатқа ұшыраса далада қалармын деген қауіптен, қайғыдан, қамнан бойы кең болмақ. Оның қамын әлгі мекемелер орындайтын секілді болып отырмақ. Сондықтан ол мекемелердің атын қамсыздандыратын мекеме деп, ал мал-мүлікті жаздырып қою жөнін қамсыздандыру деп атаймыз. Әр шаруаның өз ретінше қамсыздандыруы болмақ. Мәселен, егінді бұршақ соғу, шегіртке жеуден қамсыздандыру, малды індет, қора-сайманды өрттен қамсыздандыру секілді. Қамсыздандыратын мекемелер апатқа ұшырап қалған шаруаларға көмек беретін қазынаны қайдан алып тұрмақ? Әрине мал-мүлкін қамсыздандырушылардан алып тұрмақ. Соның үшін қамсыздандыру ретінде жаздырған нәрсенің сомасына қарай салық төлеп тұруға міндеттісін. Мәселен, егін қамсыздандырасың ба, мал-үй қамсыздандырасың ба? Қайсысы болса да белгілі бір баға қоясын да, сол бағаның бірнеше бөлігін (процентін) әлгі мекемеге бересің. Егер де қамсыздандырған нәрсең жоғарғы айтылғандай апатқа ұшыраса (егінің бұршақ, малың індет, қораң өртке деген сияқты) дереу әлгі мекемеге барсаң, баяғы жаздырған сомаңның түгел төлеуін аласың. Мәселен жазғытұры жалғыз атыңды жаздырып, кесілген басына қарай 105 сом төлеген болсаң ол атың жаздыгүні жамандатып өлсе, яки қасқыр жеп кетсе, жаздырған мекемеңнен атыңның кесілген құнын түгел аласың. Қамсыздандыру жұмысы жыл сайын жаңаланып отырмақ. Жеке-жеке қамсыздандырғаннан, топ болып тұтас жазылса, арзан түседі. Оның реті былайша: бір ауылдағы 10-20 үй жиналып барлық егінді, әм ірі қараларды жаздырып жергілікті мекемелерге куәләндіріп алып барса болғаны апарылмақ — қамсыздандырылған малдың түс-таңбасы, үй, қораның іші-сырты, ұзындық-кеңдігі жазылмақ. Үй қамсыздандырылғанда бірігудің хажаты жоқ. Қамсыздандыру жұмысы, бұл күнде қалалы жерде міндетті, елдегілерге әзірше ерікті. Бұл жұмыстың жалпыға мәнісін ұқтырып, жөн сілтеуге болыстық атқару комитеттері жолбасшылық қылып, жұмыстарына ие болуға кооператив ұйымдары мен қолғабыс комитеттері борышты. Тегінде «ашымнан аманым» дегендей, әзірге жаздырғандағы беретін аз шығыннан қашып, ертең тып-тыйпыл болған күні, «әттеген-ай!» деп жүргенше, қауіпсіз отырудың жолына түсу керек. Бүл нағыз есте болатын жұмыс.   

 

Оқудың керектігін білмейтін кісі жоқ, айтпайтын ауыз жоқ, деп айтылған сөздің өзін де естімеген адам аз деп айтуға болады. Бірақ айту мен істеу екеуі екі басқа екендігін де жұрттың көбі біледі.

Сондай-ақ біздің қазақ, арасында оқу жұмысы айтылуына қарағанда, істелуі саран, келе жатқандығы кімге болса да қараңғы емес.

Бұған себеп: осы күнге шейін жоғарғы мекемелердің еркін ойын бөлгізбей келе жатқан аштықпен алысу, шаруашылықты түзеу секілді жұмыстардың килігуі болды.

Аштықтан құтылып ендігі жұмыстың екпіндісі шаруашылықпен қатар оқу жұмысы болайын деп отыр. Оқу жұмысына жоғарғы мекемелер ынталарын салар да, қолдарынан келгенін істер де, сонымен ғана жұмыс ілгері басып кете қоймақ емес.

Жоғарыдан келген жобаларды, бұйрық жарлықтарды орындайтын жергілікті мекемелер, елдегі қызметкерлер ұнатқан нәрсесін қара бұқараның көкейіне қондыратын, орны келген жерде екпінмен болсын, еппен болсын майданға шығаруға себепкер болатын солар.

Оқу жұмысына келгенде, оның қызметкері оқытушы мұғалімдер. Бұрынғы уақытта мұғалімдік оқушылардың еді. Қап тауынан аса алмай қалғандарының ғана сыбағасына тиетін еді. Оның себебі де оқу жұмысына үкіметтің ынтасы, халықтық мұқтаждығы жоқтығы еді. Сондықтан оқытушылардың күн керуі ауыр, қадірі кем болатын еді.

Бұ күнде бұрынғыдай емес, үкімет ынталы, халық мұқтаж десең де, жоғарғы айтқан себептер арқылы оқу жұмысына әлі еркін кірісу болмай келе жатқандықтан, оқу қызметкерлерінің халдері бұрынғыдан ұзап кете алған жоқ.

Ал біздің елдегі мұғалімдер болса, көбі білімінің кемдігінен нені қайғыртатындығын, қай ауруға қандай дәрінің керектігін білмейді. Білгендерінің қаламен қатынасы сирек, хабарласуы ыңғайсыз келіп отырады.

Қаладағы оқытушылардың қымызға, таза ауаға шығатын мезгілі болды!

Бұл арада тағы бір айтылып кететін жұмыс: іске жарайтын мұғалімдердің кебі оқыту жұмысынан күні бүгінге дейін қашуда. Оның себебі де бағанағы тұрмыс ауырлығы. Тұрмыстың ауырлығын түзеуге, жеңілтуге болмағанда қашу керек еді. Осы күз Мәскеуде оқытушылар съезі шақырылмақ.

Оянған елдің азаматтары сол съезге шейін қанша план құрмақ? Қанша пікірлерді қорытып салмақтап алып бармақ?!

Бірсыпыраларымыз жайлауда жатып, білмей қалып жүрмейік! Кейбіреулеріміз тұрмысымызды түзеу жолында іс қылатын мезгіл тұрғанда бас құтқару, қашу әдісін қолданып уақытымыз бола алмай жүрмесін!

Жыламаған балаға емшекті туған шешесі де бермек емес. Оқытушының халін оқытушылар ғана түземейді, әркім өз қотырын өзі қасу керек! 

Осы күнде мемлекеттің қамсыздандыру мекемесі (Госстрах) әр жерде құрылды.

Ол мекеменің атқаратын жұмысы халықтың шаруасын әртүрлі апаттар килігіп күйзелткендей күн туса, сондағы кемшіліктерді орнын толтырып, бағытын түзеп жіберуге кепілдік қылу.

Соның үшін ол мекемелерге малын, мүлкін жаздырып отырған адамдар шаруам апатқа ұшыраса далада қалармын деген қауіптен, қайғыдан, қамнан бойы кең болмақ. Оның қамын әлгі мекемелер орындайтын секілді болып отырмақ. Сондықтан ол мекемелердің атын қамсыздандыратын мекеме деп, ал мал-мүлікті жаздырып қою жөнін қамсыздандыру деп атаймыз.

Әр шаруаның өз ретінше қамсыздандыруы болмақ. Мәселен, егінді бұршақ соғу, шегіртке жеуден қамсыздандыру, малды індет, қора-сайманды өрттен қамсыздандыру секілді.

Қамсыздандыратын мекемелер апатқа ұшырап қалған шаруаларға көмек беретін қазынаны қайдан алып тұрмақ? Әрине мал-мүлкін қамсыздандырушылардан алып тұрмақ. Соның үшін қамсыздандыру ретінде жаздырған нәрсенің сомасына қарай салық төлеп тұруға міндеттісін. Мәселен, егін қамсыздандырасың ба, мал-үй қамсыздандырасың ба? Қайсысы болса да белгілі бір баға қоясын да, сол бағаның бірнеше бөлігін (процентін) әлгі мекемеге бересің.

Егер де қамсыздандырған нәрсең жоғарғы айтылғандай апатқа ұшыраса (егінің бұршақ, малың індет, қораң өртке деген сияқты) дереу әлгі мекемеге барсаң, баяғы жаздырған сомаңның түгел төлеуін аласың. Мәселен жазғытұры жалғыз атыңды жаздырып, кесілген басына қарай 105 сом төлеген болсаң ол атың жаздыгүні жамандатып өлсе, яки қасқыр жеп кетсе, жаздырған мекемеңнен атыңның кесілген құнын түгел аласың.

Қамсыздандыру жұмысы жыл сайын жаңаланып отырмақ.

Жеке-жеке қамсыздандырғаннан, топ болып тұтас жазылса, арзан түседі. Оның реті былайша: бір ауылдағы 10-20 үй жиналып барлық егінді, әм ірі қараларды жаздырып жергілікті мекемелерге куәләндіріп алып барса болғаны апарылмақ — қамсыздандырылған малдың түс-таңбасы, үй, қораның іші-сырты, ұзындық-кеңдігі жазылмақ.

Үй қамсыздандырылғанда бірігудің хажаты жоқ.

Қамсыздандыру жұмысы, бұл күнде қалалы жерде міндетті, елдегілерге әзірше ерікті. Бұл жұмыстың жалпыға мәнісін ұқтырып, жөн сілтеуге болыстық атқару комитеттері жолбасшылық қылып, жұмыстарына ие болуға кооператив ұйымдары мен қолғабыс комитеттері борышты.

Тегінде «ашымнан аманым» дегендей, әзірге жаздырғандағы беретін аз шығыннан қашып, ертең тып-тыйпыл болған күні, «әттеген-ай!» деп жүргенше, қауіпсіз отырудың жолына түсу керек. Бүл нағыз есте болатын жұмыс. 

 

Бөлісу: