Аудармашы - басты тұлға

8 Желтоқсан 2012, 06:08

    Қазір республикамыздың түкпір-түкпірінде іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жүріп жатыр. Ол әрине, ұжымда қазағы көпшілік болып отырған кәсіпорын, мекемелерде табысты өтері күмәнсіз. Өмірінде қазақша хабарландыру жазып көрмеген ұжымның қазақшаға қалай өтерін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Жақсы, көпшілігін іс қағаздарының үлгісімен жазар. Ал күнделікті пайдаланып отырған "инструкция, правило, руководство" т.б. құжат текстерін қалай аудару керек? Міне, біздердің әр кәсіпорын тәржімәші ұстасын дейтін себебіміз де сондықтан.Өйткені, іс қағаздарын сонша бөлім, қызметтердің жазбаларын қазақ тіліне әдеби тілмен шебер аударатын маман тәржімәші керек. Олардың көбі журналистер, орыс тілінде сабақ беретін қазақ мұғалімдер, ана тілін бойына сіңіре білген тарихшылар т.б. Біздің ұсыныстарымызға қарамастан қаламыздың көпшілік кәсіпорын басшылары: бізге тәржімәші неге керек, әзіміз қазақпыз деп, көңіл бөлмейді. Ал аудармалары — шалдуар-шатпақ. Кейбір басшылар біреуді жұмысқа алу үшін, жарты жалақы белгілей салады, не өздерінде істеп жүрген қызметкерге жүктей салады. Бұның аты - тілге жанашырлық емес, кәсіпорны мемлекеттік тілде іс жүргізуге сауатты түрде өтсін дегендік емес. Біздің Мұнай техникумында, Шегендеу кеңсесінде, Тұрғын үй коммуналдық кеңсесінде, Мұнай-газ өндіру, мұнай-газ құрылысы жалгерлік кәсіпорнында, дәрігерлік училищеде, №1,2,3 технологиялық көліктер , мұнай-газ өндіру басқармаларында көптен бері аудармашылар қызмет істеуде.Ол ұжымдарда табысты еңбек етіп, ез қызметтерімен бірге, күн-түн қатып, сөздіктер аударып, абыройға ие болып жүргендер баршылық. Олар - Аманшаева Меруерт, Аталықова Айша, Хамзаева Шынар, Ботабаев Базар, Латыпов Аманжол, Жүсіпбеков Әбдіхалық т.б. Олар жақында қалалық "Қазақ тілі" ұйымы жинаған аудармашылар кеңесінде, өзара сұхбаттасып, тәжірибе алмасты. Олар балабақшаның кіші тобы үшін А. Меткинаның ойын түрлерін аударған ұстаз - Аманшаеваның, "Мұнай құрал - жабдықтарын жөндеу" , т.б. кітаптарды аударған қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің жетік маманы Аталықова Айшаның, қаламызда алғашқы болып іс-қағаздарын мемлекеттік тілге аударған Шыңырауларды күрделі жөндеу басқармасы бастауыш "Қазақ тілі" ұйымының төрағасы Түйтеев Темірханның қазақшаланып, баспаханадан шыққан үлгі қағаздарымен, тәжірибелерімен танысты. Олар аударма жұмыстарындағы сәтті шақтар мен қиыншылықтарға тоқталды. "Тексті толыққанды аудару үшін мен қазақ, орыс, ағылшын сөздерін салыстырып отырамын" - дейді Айша. Әрине, бірнеше тіл білген адамға аударма да қиынға соқпас. - Мен мұнай, газ жұмыстарына байланысты тексті аударғанда, олардың баламасын біліп отырсам да, сол сөздерді қалай түсінетінін мамандардан да сұраймын. Сонымен бірге Цех" , "карточка", "табель" сияқты қиын терминдер де болмай тұрмайды,- дейді журналист Ботабаев Базар. - Менің газеттегі жұмысым аудармамен келе жатыр,- дейді Айдаров Асылбек,- Сонау 70 жылдары "Жаңарған Маңғыстау" газетінде істеп жүрген кезімде мақаланың 90 проценті орысша келетін еді. Алғашында мұнай өндірісін әрі біліп, әрі орысшадан аударып жазу оңайға соққан жоқ. Сондықтан бірнеше рет мұнайшылармен, бұрғышылармен бірге жүріп, неше рет бұрғылау қондырғыларының қасына қонуға тура келді. Істің мәніне түсінсең, сөздің мазмұнына да қанығады екен. Сондықтан аударма жұмысына атүсті қарау жарамайды. Әбдіхалық, Темірхан, Шынар сөздерді көбіне сөзбе-сөз емес, мазмұнына қарай еркін аудару керек, дейді. Олар, әсіресе, техника, мұнай-газ, медицина тақырыбына сөздіктердің тапшы екенін әңгіме етті. Ал 1982 жылғы екі томдық сөздік бүгінгі талапқа сай емес. Дегенмен аудармашы, немесе тәржімәшілер үлкен ізденіспен, терлерін төгіп еңбек етуде. Олар "Ана тілі", т.б. газет, журналдарға шыққан сөздіктерді пайдалануда. Сонымен бірге аудармашы, төрағалар өз күштерін де сынауда. "Қазақ тілі" қоғамы қалалық ұйымының терминология комиссиясы тоқсанына 1 рет жиналып, өздеріне қиындық келтіріп жүрген сөздердің аудармаларын салыстырып, көпшілік дауыспен бір баламасын қабылдайды. Ертеңіне осы сөздердің аударма тізбегін "Жаңаөзен" газетіне жариялап, соны ортақ қолданады. Қалалық ұйым жанында жұмыс жасап жатқан "Маржан сөз" тәржімәшілар тобы нағыз мамандардан жасақталған. "Маржан сөз" тобы брошюра, кітап, нұсқауларды аударып, мәшіңкіге басып береді. Әрине, бұл үшін кәсіпорын ақша аударады да, еңбек еткендер өз үлестерін алып жатады. "Қазақ тілі" есепшотына да тиын-тебен осындай ақылы жолдармен де түсіп жатады. Қысқасы Жаңаөзен аудармашылары қимыл үстінде. Олар бүгінгі тарихи кезеңде өз ұлтының ең асылын, тілі мен салт-дәстүрін қайтаруда ерен еңбек етіп жүр. Оларға сәттілік тілейік. Ал кәсіпорын басшыларына айтарымыз, кездейсоқ сауатсызға ұрынбау үшін, аудармашының "Қазақ тілі" ұсынғанын алыңыз. Аудармашы - бүгінде басты тұлға және ол әрбір ұжымда болуы тиіс. 1993 ж.  

 

 

Қазір республикамыздың түкпір-түкпірінде іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жүріп жатыр. Ол әрине, ұжымда қазағы көпшілік болып отырған кәсіпорын, мекемелерде табысты өтері күмәнсіз. Өмірінде қазақша хабарландыру жазып көрмеген ұжымның қазақшаға қалай өтерін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Жақсы, көпшілігін іс қағаздарының үлгісімен жазар. Ал күнделікті пайдаланып отырған "инструкция, правило, руководство" т.б. құжат текстерін қалай аудару керек? Міне, біздердің әр кәсіпорын тәржімәші ұстасын дейтін себебіміз де сондықтан.Өйткені, іс қағаздарын сонша бөлім, қызметтердің жазбаларын қазақ тіліне әдеби тілмен шебер аударатын маман тәржімәші керек. Олардың көбі журналистер, орыс тілінде сабақ беретін қазақ мұғалімдер, ана тілін бойына сіңіре білген тарихшылар т.б. Біздің ұсыныстарымызға қарамастан қаламыздың көпшілік кәсіпорын басшылары: бізге тәржімәші неге керек, әзіміз қазақпыз деп, көңіл бөлмейді. Ал аудармалары — шалдуар-шатпақ. Кейбір басшылар біреуді жұмысқа алу үшін, жарты жалақы белгілей салады, не өздерінде істеп жүрген қызметкерге жүктей салады. Бұның аты - тілге жанашырлық емес, кәсіпорны мемлекеттік тілде іс жүргізуге сауатты түрде өтсін дегендік емес.

Біздің Мұнай техникумында, Шегендеу кеңсесінде, Тұрғын үй коммуналдық кеңсесінде, Мұнай-газ өндіру, мұнай-газ құрылысы жалгерлік кәсіпорнында, дәрігерлік училищеде, №1,2,3 технологиялық көліктер , мұнай-газ өндіру басқармаларында көптен бері аудармашылар қызмет істеуде.Ол ұжымдарда табысты еңбек етіп, ез қызметтерімен бірге, күн-түн қатып, сөздіктер аударып, абыройға ие болып жүргендер баршылық. Олар - Аманшаева Меруерт, Аталықова Айша, Хамзаева Шынар, Ботабаев Базар, Латыпов Аманжол, Жүсіпбеков Әбдіхалық т.б.

Олар жақында қалалық "Қазақ тілі" ұйымы жинаған аудармашылар кеңесінде, өзара сұхбаттасып, тәжірибе алмасты. Олар балабақшаның кіші тобы үшін А. Меткинаның ойын түрлерін аударған ұстаз - Аманшаеваның, "Мұнай құрал - жабдықтарын жөндеу" , т.б. кітаптарды аударған қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің жетік маманы Аталықова Айшаның, қаламызда алғашқы болып іс-қағаздарын мемлекеттік тілге аударған Шыңырауларды күрделі жөндеу басқармасы бастауыш "Қазақ тілі" ұйымының төрағасы Түйтеев Темірханның қазақшаланып, баспаханадан шыққан үлгі қағаздарымен, тәжірибелерімен танысты.

Олар аударма жұмыстарындағы сәтті шақтар мен қиыншылықтарға тоқталды. "Тексті толыққанды аудару үшін мен қазақ, орыс, ағылшын сөздерін салыстырып отырамын" - дейді Айша. Әрине, бірнеше тіл білген адамға аударма да қиынға соқпас.

- Мен мұнай, газ жұмыстарына байланысты тексті аударғанда, олардың баламасын біліп отырсам да, сол сөздерді қалай түсінетінін мамандардан да сұраймын. Сонымен бірге Цех" , "карточка", "табель" сияқты қиын терминдер де болмай тұрмайды,- дейді журналист Ботабаев Базар.

- Менің газеттегі жұмысым аудармамен келе жатыр,- дейді Айдаров Асылбек,- Сонау 70 жылдары "Жаңарған Маңғыстау" газетінде істеп жүрген кезімде мақаланың 90 проценті орысша келетін еді. Алғашында мұнай өндірісін әрі біліп, әрі орысшадан аударып жазу оңайға соққан жоқ. Сондықтан бірнеше рет мұнайшылармен, бұрғышылармен бірге жүріп, неше рет бұрғылау қондырғыларының қасына қонуға тура келді. Істің мәніне түсінсең, сөздің мазмұнына да қанығады екен. Сондықтан аударма жұмысына атүсті қарау жарамайды.

Әбдіхалық, Темірхан, Шынар сөздерді көбіне сөзбе-сөз емес, мазмұнына қарай еркін аудару керек, дейді. Олар, әсіресе, техника, мұнай-газ, медицина тақырыбына сөздіктердің тапшы екенін әңгіме етті. Ал 1982 жылғы екі томдық сөздік бүгінгі талапқа сай емес. Дегенмен аудармашы, немесе тәржімәшілер үлкен ізденіспен, терлерін төгіп еңбек етуде. Олар "Ана тілі", т.б. газет, журналдарға шыққан сөздіктерді пайдалануда. Сонымен бірге аудармашы, төрағалар өз күштерін де сынауда. "Қазақ тілі" қоғамы қалалық ұйымының терминология комиссиясы тоқсанына 1 рет жиналып, өздеріне қиындық келтіріп жүрген сөздердің аудармаларын салыстырып, көпшілік дауыспен бір баламасын қабылдайды. Ертеңіне осы сөздердің аударма тізбегін "Жаңаөзен" газетіне жариялап, соны ортақ қолданады. Қалалық ұйым жанында жұмыс жасап жатқан "Маржан сөз" тәржімәшілар тобы нағыз мамандардан жасақталған. "Маржан сөз" тобы брошюра, кітап, нұсқауларды аударып, мәшіңкіге басып береді. Әрине, бұл үшін кәсіпорын ақша аударады да, еңбек еткендер өз үлестерін алып жатады. "Қазақ тілі" есепшотына да тиын-тебен осындай ақылы жолдармен де түсіп жатады. Қысқасы Жаңаөзен аудармашылары қимыл үстінде. Олар бүгінгі тарихи кезеңде өз ұлтының ең асылын, тілі мен салт-дәстүрін қайтаруда ерен еңбек етіп жүр. Оларға сәттілік тілейік. Ал кәсіпорын басшыларына айтарымыз, кездейсоқ сауатсызға ұрынбау үшін, аудармашының "Қазақ тілі" ұсынғанын алыңыз. Аудармашы - бүгінде басты тұлға және ол әрбір ұжымда болуы тиіс.

1993 ж.

 

Бөлісу: