Ғылым мен әдебиеттің телқоңыры

8 Желтоқсан 2012, 05:57

Ғылым мен әдебиеттің Телқоңыры Казіргі ірі-ірі маман ғалымдардың өзі үшін көне Египет папирустарын, немесе Қытай иероглифтерін оқу қандай қиын болса, арабша қадым жазуын оқу да сондай күрделі. Сол себепті біздің Ұлттық Ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақталған, немесе Ұлттық Орталық кітапханада жатқан арабша қадыммен жазылған архивтегі небір құнды материалдар жабулы қазан жабулы күйінде қол тимей қалып келген. Мүйіздері қарағайдай оқымыстылардың тісі батпаған. Сол сыр сандықты сығалап ашып, ішіндегі інжу - маржандарды уыстап алып, халыққа шашу етіп ұсыну ешбір атағы биік лауазымы жоқ қарапайым ғана қаршадай бала Сәрсенбі Дәуітұлының несібесіне жазылған екен. Қазақтың маңдайына басқан асылдарының бірі Мәшһүр Жүсіпті жалпы жұрт атын білгенмен, затын жете біле бермейтін. Сәрсенбі сол алыптың талай қазынасын мұрағатта шаң басып жатқан жерінен қазып алып, кадимшені қазіргі әріпке түсіріп, екі том кітап етіп шығарды. Тек бір әріптен екінші әріпке көшіріп қана қоймай, ғылыми терең талдаулар жасады. Ғылымның нағыз бейнетқоры Сәрсенбі ұлы бабаларының аруағын тірілтіп, Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани Хикмет» кітабы, Төле би, Абылай хан, Бұхар жырау, Райымбек батыр, Тезек төре мен Сүйімбай, Жүсіпбек Шайхислам, тағы басқа көптеген халық жәдігерлерін жарыққа шығарды. Баланы жұмсағаның, тайды мінгенің білінбейді. Қазір, құдайға шүкір, не көп академия көп, академиктер көп. Кейбірінің .алақанына қарасаң ешқандай із жоқ, жып-жылтыр. Бүл не? Ғылым атты қасиетті ұғымның құнсызданғаны ма... Заман түзелер, ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қойылар. Сонда көдедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады. Ал небәрі кішкентай ғылым кандидаты болып жүрген, оның өзіне әрең-әрең ілінген Сәрсенбі Дәуітұлының аты үлкен ғылымда қала берері сөзсіз. Сәрсенбі затынан ақын жан. Көптеген поэзия кітаптары жарық көрген. Бір өлеңінде: Күтіп тұрған қыруар қарыз өтелмей, Қас қаққанша уақыт — от өтердей. Артығырақ ұйықтап кетсем, селк етем, Бар тіршілік қалғып - мүлгіп кетердей, — дейді Сәрсенбі. Құдай берген қысқа өмірдің парқын білмей, коп адам есіл уақытты босқа өткізгенде, Сәрсенбі күндіз архивтердің зынданында шаң жұтып, түнде жұрт ұйықтап жатқанда, ақ қағаз бен қара қаламды серік етіп, небір ақтаңдақтарға жан бітіреді. Тірінің өзін өлтіру әркімнің қолынан келеді. Ал еліге жан бітіру Құдайдың сүйген құлының ғана қолынан келеді. Мұндай ғұлама бейнетқорлар неғұрлым көп жасаса, соғұрлым халыққа игілікті.  

Ғылым мен әдебиеттің Телқоңыры

Казіргі ірі-ірі маман ғалымдардың өзі үшін көне Египет папирустарын, немесе Қытай иероглифтерін оқу қандай қиын болса, арабша қадым жазуын оқу да сондай күрделі.

Сол себепті біздің Ұлттық Ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақталған, немесе Ұлттық Орталық кітапханада жатқан арабша қадыммен жазылған архивтегі небір құнды материалдар жабулы қазан жабулы күйінде қол тимей қалып келген. Мүйіздері қарағайдай оқымыстылардың тісі батпаған.

Сол сыр сандықты сығалап ашып, ішіндегі інжу - маржандарды уыстап алып, халыққа шашу етіп ұсыну ешбір атағы биік лауазымы жоқ қарапайым ғана қаршадай бала Сәрсенбі Дәуітұлының несібесіне жазылған екен.

Қазақтың маңдайына басқан асылдарының бірі Мәшһүр Жүсіпті жалпы жұрт атын білгенмен, затын жете біле бермейтін. Сәрсенбі сол алыптың талай қазынасын мұрағатта шаң басып жатқан жерінен қазып алып, кадимшені қазіргі әріпке түсіріп, екі том кітап етіп шығарды. Тек бір әріптен екінші әріпке көшіріп қана қоймай, ғылыми терең талдаулар жасады.

Ғылымның нағыз бейнетқоры Сәрсенбі ұлы бабаларының аруағын тірілтіп, Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани Хикмет» кітабы, Төле би, Абылай хан, Бұхар жырау, Райымбек батыр, Тезек төре мен Сүйімбай, Жүсіпбек Шайхислам, тағы басқа көптеген халық жәдігерлерін жарыққа шығарды.

Баланы жұмсағаның, тайды мінгенің білінбейді. Қазір, құдайға шүкір, не көп академия көп, академиктер көп. Кейбірінің .алақанына қарасаң ешқандай із жоқ, жып-жылтыр. Бүл не? Ғылым атты қасиетті ұғымның құнсызданғаны ма...

Заман түзелер, ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қойылар. Сонда көдедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады.

Ал небәрі кішкентай ғылым кандидаты болып жүрген, оның өзіне әрең-әрең ілінген Сәрсенбі Дәуітұлының аты үлкен ғылымда қала берері сөзсіз.

Сәрсенбі затынан ақын жан. Көптеген поэзия кітаптары жарық көрген. Бір өлеңінде:

Күтіп тұрған қыруар қарыз өтелмей,

Қас қаққанша уақыт — от өтердей.

Артығырақ ұйықтап кетсем, селк етем,

Бар тіршілік қалғып - мүлгіп кетердей, —

дейді Сәрсенбі.

Құдай берген қысқа өмірдің парқын білмей, коп адам есіл уақытты босқа өткізгенде, Сәрсенбі күндіз архивтердің зынданында шаң жұтып, түнде жұрт ұйықтап жатқанда, ақ қағаз бен қара қаламды серік етіп, небір ақтаңдақтарға жан бітіреді. Тірінің өзін өлтіру әркімнің қолынан келеді. Ал еліге жан бітіру Құдайдың сүйген құлының ғана қолынан келеді. Мұндай ғұлама бейнетқорлар неғұрлым көп жасаса, соғұрлым халыққа игілікті.

 

Бөлісу: