Балқашқа көңіл бөлінсін

8 Желтоқсан 2012, 05:47

  Семей мен Жетісу губернесінің аралығында әртүрлі кәсібі, табиғи байлығы мол Балқаш көлі жатыр. Бұл көлдің айналасында мыңдаған еңбекшілер бар. Балқаштың басынан Пішпек тұсына дейін күнбатыс жағын жағалап, таяқ тастам жер көше алмай жатқан ыңғай жаяу балықшылар. Мұндағы үйдің мөлшері 500 дей болады, Қарқаралы уезіне қарайды,- Кедейлердің бар сүйеніп күн көріп отырған кәсібі — Балқаштың балығы. Балықты сол Балқаштық өз айнала¬сында шығатын жабайы кендірден ау тоқып, сонымен аулайды. Көшуге көлік жоқ. Жатақ болады. Қысы-жазы айналдыратыны — сол балық кәсібі. Міне, осы қалың кедейлердің Балқаштың ен байлығымен күн көріп отырғаны болмаса, олардың тұрмысы әлі нашар. Қаладан жырақ, шетте жатқан соң, олардың ішіне әлі ешбір жаңалық кірмеген. Кедейлер ұйымдаспаған соң, табысын әлі біреуге жегізіп отыр. Жергілікті үкімет орындары (Болатком, ауыл кеңестері) пәлен жылғы, түген жылғы налог және соның өсімі деп баяғыша кедейлерді сыпыра соғып жүрген көрінеді. Оның үстіне шет елінің атақты ұрылары да олардың малын ұрлап тыйыштық бермейді екен. Жалғыз көлігі — көк шолағынан айрылғандар да кеп көрінеді. Қысқаша айтқанда, жаңалық өзгеріс еңбекшілердің үстемдігі дегендер ондағы қалың кедейлерге рух беріп, көкірегіне орнамақ түгіл, құлағы да естіген жоқ. Екінші, Балқаштың байлығына келейік. Балқаштың аяғындағы Алакөлдің жер майын (керосин, кек май, бензин) Жетісу губернесінің жай адамдары, саудагерлері пайдаланып жүр. Мұнда қара және сүттей ақ екі түрлі тұз бар. Бұл тұздар мейлінше жақсы, сирек табылатын тұздар. Жері ыстық, әуесі құрғақ болған соң, тұздары сулы болмайды да, бидай сияқты сылдырлап тұрады. Бұл тұздардан шет елінің адамдары тасып алады да күзді күні бидайға баспа бас айырбастап жүреді. Балқаш маңында бұл айтылған май, кендір, балықтан басқа, тас көмір, қорғасын, күміс кендері тағы да көп. Сол үшін үкімет орындары бұл сияқты жаратылыс байлығы көп, кедейлердің басы қосылған жерді еске алғаны жөн. Кедейлерді ұйымдастырып, Балқаштың кеп байлығын өркендету керек. Жоғарғы айтылған жерлер Қарқаралыдан Пішпекке жақын. Пішпекке Тәшкеннің темір жолы келсе одан мынау жерге дейін жол салуға да қиын болмас еді. Тіпті Балқаштың байлығын әзір қолға алып, өркендету жұмысы қолдан келмейтін болса, біраз шығынға қарамай кәсіпшілдер ұйымы Балқаш маңын әдейі аралатып, анау қалың кедейлерді басқалардың жеуінен құтқарып, ұйымдастырған жөн болар еді.  

 

Семей мен Жетісу губернесінің аралығында әртүрлі кәсібі, табиғи байлығы мол Балқаш көлі жатыр. Бұл көлдің айналасында мыңдаған еңбекшілер бар. Балқаштың басынан Пішпек тұсына дейін күнбатыс жағын жағалап, таяқ тастам жер көше алмай жатқан ыңғай жаяу балықшылар. Мұндағы үйдің мөлшері 500 дей болады, Қарқаралы уезіне қарайды,-

Кедейлердің бар сүйеніп күн көріп отырған кәсібі — Балқаштың балығы. Балықты сол Балқаштық өз айнала¬сында шығатын жабайы кендірден ау тоқып, сонымен аулайды. Көшуге көлік жоқ. Жатақ болады. Қысы-жазы айналдыратыны — сол балық кәсібі.

Міне, осы қалың кедейлердің Балқаштың ен байлығымен күн көріп отырғаны болмаса, олардың тұрмысы әлі нашар.

Қаладан жырақ, шетте жатқан соң, олардың ішіне әлі ешбір жаңалық кірмеген. Кедейлер ұйымдаспаған соң, табысын әлі біреуге жегізіп отыр. Жергілікті үкімет орындары (Болатком, ауыл кеңестері) пәлен жылғы, түген жылғы налог және соның өсімі деп баяғыша кедейлерді сыпыра соғып жүрген көрінеді. Оның үстіне шет елінің атақты ұрылары да олардың малын ұрлап тыйыштық бермейді екен. Жалғыз көлігі — көк шолағынан айрылғандар да кеп көрінеді. Қысқаша айтқанда, жаңалық өзгеріс еңбекшілердің үстемдігі дегендер ондағы қалың кедейлерге рух беріп, көкірегіне орнамақ түгіл, құлағы да естіген жоқ.

Екінші, Балқаштың байлығына келейік. Балқаштың аяғындағы Алакөлдің жер майын (керосин, кек май, бензин) Жетісу губернесінің жай адамдары, саудагерлері пайдаланып жүр. Мұнда қара және сүттей ақ екі түрлі тұз бар. Бұл тұздар мейлінше жақсы, сирек табылатын тұздар. Жері ыстық, әуесі құрғақ болған соң, тұздары сулы болмайды да, бидай сияқты сылдырлап тұрады. Бұл тұздардан шет елінің адамдары тасып алады да күзді күні бидайға баспа бас айырбастап жүреді.

Балқаш маңында бұл айтылған май, кендір, балықтан басқа, тас көмір, қорғасын, күміс кендері тағы да көп. Сол үшін үкімет орындары бұл сияқты жаратылыс байлығы көп, кедейлердің басы қосылған жерді еске алғаны жөн. Кедейлерді ұйымдастырып, Балқаштың кеп байлығын өркендету керек. Жоғарғы айтылған жерлер Қарқаралыдан Пішпекке жақын. Пішпекке Тәшкеннің темір жолы келсе одан мынау жерге дейін жол салуға да қиын болмас еді. Тіпті Балқаштың байлығын әзір қолға алып, өркендету жұмысы қолдан келмейтін болса, біраз шығынға қарамай кәсіпшілдер ұйымы Балқаш маңын әдейі аралатып, анау қалың кедейлерді басқалардың жеуінен құтқарып, ұйымдастырған жөн болар еді.

 

Бөлісу: